«Кел Жаңа жыл! Жаңа жыл!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 179
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 21/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21180


Несіпбекова Дина Мамытқызы
Панфилов ауданы Үшарал ауылы
«Айгөлек» балабақшасының
тәрбиешісі



Тақырыбы: «Кел Жаңа жыл! Жаңа жыл!»
Мақсаты: Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен,бірлікпен өткізуге булу. Жаңа жылда бар өнерлерін ортаға салып, өздерін еркін устауға уйрету. Балаларда мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар аударту, көңілді ойындар ойнату.
Жаңа жылға сай жасыл шырша ойыншықтармен безендірілген. Балалар қолдарына түрлі түсті жарықтар алып, музыка әуенімен кіріп, би қимылдарын жасайды.
Жүргізуші:
Құрметті балалар, ата – аналар, қонақтар! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Жаңа жылда әр отбасына береке, денсаулық, табыс, жақсылықтар әкелсін. Жаңа жыл құтты болсын! Балалар бақытты болсын!
(Балалар тақпақтарын айтады)
Жүргізуші:
Балалар, шыршамыз қандай әдемі, бірақ шамдары жанбай тұр. Қане, бәріміз шыршаны үрлейікші (балалар шыршаны үрлейді).Қаттырық–қаттырақ үрлейік. Сондада шыршамыз жанбайды ғой, одан да қол соғып, шыршаның шамдарын жағайық. (музыка ойналады).
Балалар бірге:
Алақай шырша жан!
Алақай шырша жан!
(Осы кезде шыршаның шамдары жанады).
Хор: «Шыршы жыры».
(Балалар тақпақтарын айтады)
Жаңа жыл:
Армысыңдар халайық!
Бармысыңдар халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
- Сәлеметсіңдер ме балалар және қонақтар!
Жүргізуші:
Амансыңба жаңа жыл!
Қадамыңа гүл бітсін.
Заманыңа нұр бітсін.
Төрлет – төрлет жаңа жыл!
Би: «Аңдар биі»
Жүргізуші:
Рахмет жаңа жыл!Енді бұл жердің иесі–сенсің.Біздің балаларымыздың өнерін тамашалап, бізбен бірге тойла.
(Балалар тақпақтарын айтады)
Жүргізуші:Ақшақарды мерекемізге шақырайық. (Балалар ақшақарды шақырады).
Сәлеметсің бе Ақшақар! Жаңа жылға келіңіз, қонағымыз болыңыз!
Би: «Ақшақар» биі
Жүргізуші: Ақшақар біздің балаларымыздың өзіңе деген тақпақтары бар.
Ақшақар: Онда балалардың өнерлерін тамашалап көрейін.Аяз ата келмей жаттыр, ән айтып көтерейік.
Хор: «Кел ,кел жаңа жыл»
Ақшакар: Балалар енді ортаға Аяз Атамызды шақырайық (Ақшақалар жүгіріп кетеді
ән біткенде Ақшақармен бірге Аяз Ата сыйлық салынған шананы сүйреп кіреді).
Аяз ата:
Құтты болсын балалар,
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп, ұл – қыздарым
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Ал мен кіммін айтыңдаршы,
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз атасыз!
Аяз ата: Дұрыс таныдыңдар. Ал мен сол баяғы Аяз атамын. Бір жасқа қартайғаным болмаса, әлі өзімді жас сезінемін. Аяқтарымда билеуге әзір. (Көңілді музыка қосылып Аяз ата билейді).
Би: Аяз ата
Жүргізуші:
- Аяз ата осындай күйде жүргеніңізге біз қуанамыз. Дегенмен отырып, аздап дем алып, балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.
Аяз ата:
Менің сиқырлы таяғымнан балалардың тақпақ айтатынын біліп қойдым. Ал балалар, сендердің тақпақтарыңды тамашалайын.
(Балалар тақпақтарын айтады)
Аяз ата: Балалар тақпақтарың жақсы екен, көңілдеріңді көтеріп ойын ойнайық.
Ойын: «Мұздатамын».
Би: «Шығыс биі»
Аяз ата: Ақшақар қызым балаларға әкелген сыйлықты берейік.(Аяз Ата балаларға сыйлықты таратыды).
Аяз ата:
Құрметті балалар, біздің уақыт таяп қалды. Тағыда баратын мерекелеріміз көп. Келесі жаңа жылға дейін сау саламат болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар және қонақтар бүгінгі мерекемізге келгендеріңізге көп-көп рахмет. Жаңа жылды жақсы қарсы алыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Кел Жаңа жыл! Жаңа жыл!» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Несіпбекова Дина Мамытқызы

Пікірлер: 0

avatar