ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 777
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 13/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20019


Күні: 23.11.2015 Бекітілді: Пәні: Қазақ тілі Тақырыбы: Хабарлы сөйлем Мақсаты: білімділігі: Оқушылардың хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру;
дамытушылығы: Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, ой-өрістерін, өз ойын ашықайтуға әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру;
тәрбиелігі: Оқушыларды сауатты жазуға, берілген тапсырмалар арқылы тілін, елін сүюге баулу:
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, слайд, электронды оқулық, карта, сауалнамалар т.б. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, шығармашылық; Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім! -Міне, балалар кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі, біздің тіліміз- қазақ тілі сабағын бастаймыз.
ІІ. Зерделік жаттығу блогы 1. Үй тапсырмасын тексеру ▪ «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім» шығармасын әр топ оқушысына оқыту; 2. Миға шабуыл Өткен сабақты пысықтау -Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп) -Неше дыбыс бар? (37 дыбыс) -Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге дауысты және дауыссыз) -Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (2-ге жуан, жіңішке) -Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата (3-ке бөлінеді үнді, ұяң, қатаң) -Дыбыстан не құралады? (буын) -Буыннан не құралады?(сөз) - Сөзден не құралады? (сөйлем) -Мәтін дегеніміз не? (Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады) -Мәтін нешеге бөлінеді? (3-ке бөлінеді. Сипаттау, пайымдау, әңгімелеу мәтіні) - Сөзден сөйлем құралады. Ал сөйлем дегеніміз не? (Сөйлем тиянақты ойды білдіреді. Сөйлемнен кейін тыныс белгі қойылады. Нүкте, леп белгісі немесе сұрақ белгісі)
ІІІ. Жаңа сабақ -Сыныпқа 3-сынып оқушысы хабар әкеледі. 23-28 қараша аралығында қазақ тілі апталығы басталды. Апталыққа барлық сынып оқушылары белсенді араласуы сұралады. Мектеп әкімшілігі
▪Сұрақ-жауап арқылы оқушыларға ережені өз беттерімен шығарту; Ереже: Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. ▪Электронды оқулық арқылы түсіндіру;
ІV. Дәптермен жұмыс а) күннің жады ә) тақырып жазу
V. Жаттығу блогы 169-жаттығу -Мәтінді түсініп оқу; -Үш топ оқушылары кезекпен бір сөйлемді оқып, сөйлем не туралы айтылғанын түсіндіру; Итбалық балықпен қоректенеді. Ол өте жақсы жүзеді, керемет сүңгиді. Аяқ орнына жүзу қанатшалары бар. Итбалықтың күшіктері аппақ. Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.
170-жаттығу -Мәтінге ат қою. -Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу.
Бұлбұл Бұлбұл-кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
VІ. Топтық тапсырма 171-жаттығу -Сөздерді оқып әр топқа тапсырма беру; -Әр топ бірігіп ақ қағазға (А3)жазу, өз жазғандарын қорғап, түсіндіру: І топ- Әйел адамның киімін теріп жазу Сәукеле, орамал, жаулық, қамзол, шәлі ІІ топ- Ерлердің киімін теріп жазу Жейде, күпі, құлақшын, шекпен. ІІІ топ- Орамал, құлақшын, қамзол, сөздеріне сөйлем құрастыру;
VІІ. Сергіту сәті -Интерактивті тақтадан «Ақбұлақ» ырғақты сергіту биі жүреді; -Оқушылар сергіту жаттығуын қайталайды;
VІІІ. Шығармашылық тапсырма -Интерактивті тақтадан шығармашылық тапсырманы әр топтан оқушылар шығып орындау;
-Дәптерге көшіру;
173-жаттығу -Берілген сөйлем хабарлы сөйлем екенін дәлелдеу; ▪ Картамен Қырғызстан мен Алматы аралығын көрсету; Менің досым Қырғызстанда тұрады. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын. Ол жазда Алматыға келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін.
ІХ. Сауалнама жүргізу - Өткен сабақтар бойынша сауалнамалар беріледі. Сауалнама бес сұрақтан құралады.
1. Сөйлем деген не? А) Заттың қимылын білдіреді. Ә) Заттың түсін білдіреді. Б) Тиянақты ойды білдіреді. + 2. Сөйлемнің неше түрі бар? А) 2 Ә) 3 + Б) 5 3. Дұрыс сөйлемді тап. А) Оқиды Асхат сыныпта екінші. Ә) Сыныпта оқиды Асхат екінші. Б) Асхат екінші сыныпта оқиды. + 4. Хабарлы сөйлемнің соңынан қандай белгі қойылады? А) Нүкте + Ә) Сұрақ белгісі Б) Леп белгісі 5. Мәтін түрлері. А) Басы, негізгі, соңы. Ә) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау. + Б) Хабарлы, сұраулы, лепті. ▪Сауалнаманы барлық оқушы болған соң интерактивті тақтадан дұрыс жауаптар шығады, оқушылар өз қатесін түзейді.
Х. Үйге тапсырма: 174-жаттығу. Жоспар бойынша әңгіме құру;
ХІ. Сабақты қорытындылау. –Хабарлы сөйлем дегеніміз не? -Хабарлы сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады? ХІІ. Бекіту. -Оқушылар тілек ағашына өз тілегін жазады; ▪ Бүгінгі сабақты қалай түсінгендерін жазу.
Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық! Тәрбие.орг сайтынан ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мақсотова Ақерке Серікқызы

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar