Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Халық биі»
  • 31.03.2016
  • 1089 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18317

Тақырыбы: «Халық биі» Сынып: 4 «А»
Сабақтың мақсаты:
1.Әртүрлі қимылдар көмегімен эмоциялық жай-күйді білуге үйрету
2.Жай және тезірек орындалатын билердің түсінігін бекіту
3.Бидің негізгі функцияларын бекіту
Дамытушылық:
1.Бір - бірімен эмоциялық қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.
2. Қиялды,шығармашылық ойлауды дамыту.
3. Билеу дағдыларын, ырғақты есту қабілетін, ритмді ұстау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
1.Биге қызығушылық пен сүйіспеншілікті, өз сезімін білдіруді және тыңдаған музыка туралы пікірін би қимылдары арқылы білдіруге тәрбиелеу
2.Ұжымдық және ұжымдылық орындауға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу
3.Сабақ түрі: сұрақ-жауап және іс-жүзінде көрсету
Сәлеметсіздер ме, оқушылар (сәлеметсізбе?) сабағымызды әдеттегідей бой қыздыру жаттығуымен бастаймыз. (Музыка қосылады оқушылар разминка биімен ортаға шығып бой қыздыру жаттығуларын орындайды.)
Бәрілерің би билегенді жақсы көресіңдер, ал би билеу үшін ең қажеттісі не?
Әрине, музыка. Демек, музыка мен би тығыз байланысты. Әрқайсымыз сүйікті әуенді естіген кезде, сол әуенге келтіріп ойша әртүрлі қимыл-қозғалыстарды ойластырамыз . Сол қимыл-қозғалыстарды келтіру үшін біз бидің терминдерін жақсы білуіміз керек. Қазір мен сендерге сұрақ қою арқылы өткен сабақтарды еске түсіреміз.
Олай болса сұрақ:
1.«Білезік лақтыру, білезік айналдыру,бет ашар» қимылдары қандай ұлттық бидің элементі?(қазақ)
2.Қолдың неше позициясы бар?(I.II.III)
3.Қазақтың тұңғыш биші қызы?(Шара Жиенқұлова)
4.Сыған биінде денеміздің қай мүшесі қозғалады?(иық)
5.Қолына орамал ұстап билейтін би?(Хоровод)
6.Қандай концерттік бағдарламаларды білесіңдер?(«Айгөлек,Мен бақытты баламын,Жетісу өрнегі,Жетісу жұлдыздары»)
7. «Асса» сөзі қай бидің ұраны?(лезгинка)
8.Аяқтың неше позициясы бар?(I-YI)
9.Қазақтың атақты балетмейстері?(Болат Аюханов)
10. «Моталочка,ковырялочка,веревочка»қандай бидің элементі?(орыс)
11.Өзбек биінде денеміздің қай мүшесі қозғалады?(бас,иық)
12. «Вальс королі» атанған қазақ композиторы?(Шәмші Қалдаяқов)
13. «Поппури» дегеніміз не?(Әр ұлттың билерінің жиынтығы)
14.Баяу ырғақты музыка естігенде қандай би еске түседі?(вальс)
Өте жақсы.Өткен сабақтарды есімізге түсірдік,енді осыларды іс-жүзінде тәжірибе ретінде орындасаңдар.
А) «Қазақ» музыкасы қосылады,оқушылар білезік қимылдарын орындайды.
Б) «Орысша» музыка ойнайды,оқушылар орыс биінің қимылдарын жасайды.
В) «Өзбек» музыкасы ойнайды,оқушылар иық,бас қимылдарын орындайды.
Өте жақсы,сендердің әр ұлттың билерін орындай алатындарыңа көзіміз жетті.Енді қазіргі заман ырғағына сай билеріңді тамашаласақ.
(Музыка қосылып,оқушылар қазіргі заман биін орындайды.)
Диагональ жаттығуларына кезек берсек.
(Музыка ойнап, оқушылар диагональ жаттығуларын орындайды.)
Корзиналарын алып, «Полька» биін билейді.Балалар өте жақсы,ендігі кезекті біздің сабағымызды тамашалап отырған көрермендерге берсек.Сіздер бағанадан бері би сабағына саяхат жасап отырсыздар,сіздерге де арналған «Музыканы сезін»деп аталатын сергіту сәтіне кезек берсек.
1.«Адай» күйі орындалады,қатысушылар музыканы тыңдайды. Сұрақ:Осы күй қандай көңіл-күйді,көріністі білдіреді?(сипаттап беру керек) Қандай әсерде болдыңыздар?
2. «Көктем вальсі» музыкасы қойылады,өздерінің алған әсерлерін білдіру керек.Қай жыл мезгілін сездіңіздер? Көрермендер өз ойларын айтады.
Жарайсыздар!Музыканы сезіне білетіндеріңізді көрсеттіңіздер,демек музыканы тек қана би үйірмесіне қатысатын адамдар ғана емес,сонымен қатар кез-келген адам сезе алатынын көріп отырмыз.
Міне біздің халықтар биі әлеміне саяхатымыз да аяғына жетті.Барлықтарыңызға би өнеріне деген сүйіспеншілікті әрқашанда сақтауды тілеймін. Ол бізге көптеген т амаша сәттерді,жақсы көңіл-күйді сыйлайды.
Соңында «Ламбада» биімен аяқтайды

Алматы облысы
Сарқан қаласы
Ақын Сара атындағы орта мектеп
Би үйірмесі жетекшісі:Каймолдина Гульмира Алтынбековна Тәрбие.орг сайтынан «Халық биі» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каймолдина Гульмира Алтынбековна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 1089 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar