Хат жазып үйренеміз Қазақ тілі 3 сынып

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 436
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 22/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20632


Кунарова Ардақ
Қызылорда қаласы
№235 орта мектептің мұғалімі
3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Хат жазып үйренеміз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға хат жазу үлгісін көрсете отырып, айтпақ ойын әзілмен және нақты жеткізе білуді үйрету;
Дамытушылық: хатжазуға дағдылардыру; сауатын арттыру.
Тәрбиелік: таза, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі ,аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: хатқалта,пошта жәшігінің макеті,интерактивті тақтадан слайдтар,
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Назарларын сабаққа аударамын
Әрбір адам? - Туысым.досым.жұрағат.
Әрбір сабақ? - үйрену.ұғу.ұлағат.
Әрбір ісің? - Тірлік,тірек,адамдық.
Әрбір сөзің ? – шындық.бірлік.адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрап бағалау.
Үйден достарына жазып келген хаттарын сұрау,оқытып,жинап алу.

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе әңгіме
Хат жазу – көркем ойлаудың, көркем ой айта білудің ғажайып үлгісі. Хатын қағазға жазған адам әр сөзіне ұқыппен қарайды. Ойына не келсе, соны жаза салып, жауап күтіп отыратын агент емес бұл. Содан да болар, біз редакцияға келген әрбір хатқа махаббатпен, тілеулестікпен қараймыз.

2. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
1-жаттығуда берілген өлеңде пошташы туралы айтылады. Оқушылар пошташының атқаратын жұмысымен танысады. Өзі тұратын жердегі байланыс қызметі туралы әңгімелейді.
Өлеңді түсініп оқы.
-Байланыс қызметкерлерінің жұмысы туралы не білесің?
Қосымша мәліметтер беріледі.
- 9 қазан — «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» пошташылардың төл мерекесі. Адаммен бірге жаралған ақпарат беру, хабар алмасу, сәлемдеме, хат тасымалдау секілді қызметтің бұл түрінің тамыры тереңде жатыр.
- Қазақ жерінде де поштаның өзіндік дәстүрлі тарихы бар. Ресми түрде пошта бөлімдері ашылмаған тұста да қазақ даласының о шетінен бұ шетіне хабар жеткізетін арнайы қызметкерлер болыпты. Жаушы, елші дегендердің жолға шыққандағы мақсаты жауластыру, не елдестіру болғанымен, бұл мақсаттың түп-төркінінде бір жерден екінші жерге ақпарат жеткізу мұраты тұрған.
3. 2-жаттығу бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, хатқалтаның сыртын сауатты толтыруды үйретеді.
- Жазған хатыңды қалай жібересің?
- Хатың иесін қалай тауып барады?
- Хатқалтаның сыртын сауатты толтыруға үйрен.
Оқушыларға хатқалта таратылып беріледі. Сол хатхалтаның сыртын қалай толтыру керектігі түсіндіріледі. Ол мына мекен-жайға жіберілуі керек.

Төменгі жағына өз мекен-жайлары жазылатыны ескертіледі.

4. Пошта индексі туралы түсінік беріледі.
Пошта индексі — хат тасымалдау ісін (корреспонденция) сұрыптауды жеңілдету мақсатында пошта мекенжайына қосымша жазылатын әріптер мен сандардың бірізділігі. Қазіргі кезде ұлттық пошта қызметтерінің айқын көпшілігі пошта белгілемесін қолданады.
Әртүрлі елдердің пошта қызметтері, негізінен, пошта индекстерін рәсімдеу және орналастыру жөнінде әрқилы ережелер қолданады.

Пошта индексі өңір
01xxxx Астана қаласы

02xxxx Ақмола облысы

03xxxx Ақтөбе облысы

04xxxx Алматы облысы

05xxxx Алматы қаласы

06xxxx Атырау облысы

07xxxx Шығыс Қазақстан облысы

08xxxx Жамбыл облысы

09xxxx Батыс Қазақстан облысы

10xxxx Қарағанды облысы

11xxxx Қостанай облысы

12xxxx Қызылорда облысы

13xxxx Маңғыстау облысы

14xxxx Павлодар облысы

15xxxx Солтүстік Қазақстан облысы

16xxxx Оңтүстік Қазақстан облысы

5. 3-жаттығуда берілген сурет бойынша оқушылар Жанар жазған хаттың иесіне жету
ретін анықтап, дәптерлеріне жазады. Бірнеше оқушының жазғаны оқылады.
1. Жанар хат жазды
2. Хатты пошта жәшігіне салды
3. Ол хатты пошташы апай казпоштаға апарды
4. Хаттар автомобильмен, поезбен, ұшақпен керекті адреске жеткізді.
5. Жанардың хатын пошташы ағасына жеттізді.
6. Ағасы хатты оқыды

6. Ескі хаттар жөнінде мәліметтер беріледі. Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған үшбұрышты хаттар көрсетіледі.
7. Сергіту сәті
Интерактивті тақтадан Ф. Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Ақ мамам» әні орындалады. Сөзі бірге шығады. Оқушылар қосылып айтуға мүнкіндік болғандықтан ,олар қосылып айтады.
1. Оқушылар осы өлең мазмұны бойынша аналарына деген махаббатын білдіре отырып хат жазады. Толтырып қойған хатқалтаның ішіндегі парақты алып хат жазады.
2. Мұғалімнің сөзі: Осы хатты «Қуырмаш» журналына жариялаймыз. Аналарың сол кезде оқиды. Сондықтан әдемі,көркем,жүйелі етіп жазуларың керек.
Жазған хаттарын пошта жәшігіне алады.
Ү. Жаңа сабақты пысықтау.
- Балалар, бүгін бәріміз басқа қала, ауылдағы туысқан достарымыздың амандығын білу үшін олармен қалай хабарласу керектігін үйрендік. Өздерің байланыстың қандай түрлерін білесіңдер?
- Телефон, интернет арқылы, жеделхат, хат және басқалары.

Дұрыс. Хатта не жазылады? Оны қалай жазады?
«Бірсесе оқу әдісі» пайдаланылады.
Хат - байланыс құралы. Хат жолдаушы адам хат жолдаған адамының қалын сұрайды. Өз жағдайын, жаңалықтарды жазады. Хат дайын болған соң, хатқалтаға салынып, оның сырты толтырылады. Содан кейін байланыс бөлімшесіне өткізіледі немесе арнайы пошта жәшігіне салынады. Хат иесіне уақытында жету үшін хатқалта сыртын қатесіз толтыру керек. Сондықтан хат жазу, хатқалтаның сыртын толтыру үлгісін мұқият меңгеріп алған жөн. Хатта ой толық, еркін айтылады. Ал жеделхатта ой - өте қысқа, нақты айтылады.
ҮІ. Үйге тапсырма:
4-жаттығу 60-бет
Пошташы жаңбырдың астында қалып, сөмкесіндегі хаттардың кейбірінің басын су шайып кетіпті. Сен хаттардың басында не туралы айтылғанын түсіне аласың ба?
Концерт аяқталған кезде, бәрі қол шапалақтай бастады. Мен бәрінен қатты шапалақтадым, өйткені менің әпкем аспапта ойнады. Саған концерт көрген ұнай ма?
Майлыаяқ та сені сағынды. Оған сенімен ойнау ұнайды. Біз сенің келуіңді тосып жүрміз. Жиі-жиі хат жазып тұр.
Сөйтіп, біздің топ жеңіске жетті. Содан бері бір-бірімізді тыңдап, бірге жаттығу жасайтын болдық. Өзіңдегі жаңалық туралы жаз.
Бұл жаттығуда неше хат бар?
Хаттың біреуін толықтырып жаз. Тәрбие.орг сайтынан Хат жазып үйренеміз Қазақ тілі 3 сынып Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кунарова Ардақ Булатовна

Қызылорда қаласы №235 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar