Кімнің мекені жақсы?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 301
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 26/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20220


Әдебиеттік оқу.
Тақырыбы: «Кімнің мекені жақсы.?»
Мақсаты: Әңгіменің соңғы бөлімінен таныстыру. Туған жер, туған ел, отан туралы білімдерін кеңейту. Әңгімені мәнерлеп оқуға дағдылау, сөйлеу ойлау шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдіс тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жұмбақ, сахналау.
Сабақтың көрнекілігі: маска, жұмбақтар, отанға байланысты суреттер, күн – бұлт
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық (әнұран орындау)

2. Өткенді еске түсіру
«Күнді бұлттан құтқару ойыны»
1. Алғаш әліппені жазған кім?
2. Қазақ даласындағы алғашқы ұстаз?
3. «Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі?
4. Ертегілердің түрлері?
5. Ауызша жеткен халық шығармалары?
6. Әдебиеттік оқуда қандай бөлімдермен таныстық?

3. Үйге тапсырма.
«Кімнің мекені жақсы?» әңгімесін оқыту
Әңгімені кім жазған? (Сәкен Жүнісов)

4. Мақсат қою
- Балалар бүгін әңгіменің мақсаты мен негізгі ойын ашу. Соңғы кезеңін
оқып танысамыз.

5. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту жұмбақтар жасыру
1- Құжынған жұмыскер
Бірлескенде, тым іскер (Құмыссқа)

2- Таңдайлары тақылдап
Шулайтын тым шалықта
Бірін – бірі мақұлдап (Құрбақа)

3- Үй ішін аралап
Түнде көп жортады
Қаптарды жарып
Мысықтан қорқады. (Тышқан)

Қане, енді балалар осы әңгімені сахналап қойылым көрсетейік.
- Сонымен дүниеден ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс – әркімнің өз мекені, өз жері екен – деп С. Жүнісов әңгімесінің негізгі ойы болатын. Негізгі ой бір оқиғамен байланысып, бірнеше оқиғамен жалғасады екен.
Осы соңғы сөйлемге байланысты мақал – мәтелдер айтайықшы яғни Отан, туған жер туралы.
Оқушылар кезекпен мақалдар айтады.

Сабақты бекіту.
1. Ал енді балалар отан туралы өлеңдерді жатқа айтайықшы.
2. Ойын: Қайда өмір сүреді?
Ұялардың суреті көрсетіледі, иелерін табу.

Сабақтың қорытуы
1. «Күн шұғыласы» тапсырмасы
М Мұнда отан дегенде біз нені көз алдымызға елестетеміз, неге теңейміз?
2. 1. Кімнің мекені жақсы? Мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын
3. аяқталуын тап.
2 – Мәтін неше бөлімнен тұрады? Әр бөлімге ат қой.
3 – Біздің Отанымыз?
- Қазақстан
- Елбасымыз кім?
- Н.Ә. Назарбаев.
- Мекен жайымыз?
- ОҚО Мақтарал ауданы қарасты «Әбдіхалық» ауылы.
4 – Өз туған жерің несімен ұнайды?

Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу.

Бағалау. Белсенді қатысқан оқушыларды атап, мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан Кімнің мекені жақсы? Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алтынбекова Гулмира

ОҚО Мақтарал ауданы №18 Б. Майлин атындағы ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar