«Кішкентай ару-2017ж»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 243
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22625


Алматы қаласы, Наурызбай ауданы
«№ 188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Чавкунова Жаңагүл
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді той.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Кішкентай ару-2017ж» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
«Кішкентай ару 2017ж» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар қош келдіңіздер.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар , біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 Наурыз Халқаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасына амандық пен қуаныш тілеймін! Ал бүгінгі қыздарымыздың өнері мен білімдерін байқау үшін «Кішкентай ару – 2017ж» атты сайысымызды ашуға мектебіміздің бастауыш сынып меңгерушісі – Дүйсенбиева Айман Хабидуллаевнаға сөз береміз.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Кішкентай ару – 2017ж» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған,
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Жүргізіші:
Мың бұралған арулар билеп басып,
Келеді міне, ортаға толқын тасып.
Аруларды сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
Енді ару қыздарды ортаға шақырайық.
0 «А» сыныбының арулары: Мухтарқызы Мөлдір, Ташмуханбет Алинура.
0 «Ә» сыныбының арулары: Сейдахмет Альмина, Кенес Еркеназ.
0 «Б» сыныбының арулары: Маратбек Еркежан, Иенберген Айгерім.
0 «В» сыныбының арулары: Аманова Венера, Мухтарова Ельдана.
0 «Г» сыныбының арулары: Бейсекен Айым, Сыздық Латифа.
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.
2.
3.
4.
Жүргізуші: Ал енді қыздар арқылы нөмірлерін белгілеп алайық.

1 – шарт: «Сәлем сөздің атасы» деп аталады, әр ару өзін- өзі таныстырады. 3 минут.

2 – шарт: «Ас адамның арқау»

3 – шарт: «Өнерлі өрге жүзер». Әр ару өз өнерін көрсетеді.

4 – шарт: «Сән үлгісі».

5- шарт: «Білгенге маржан – сұрақ жауап».
1- кезең таныстыру: «Сәлем сөздің атасы» деп аталады, әр ару өзін- өзі таныстырады.
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұрғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
(Әділқазылар алқасының бағалауларын білу)

2 – кезең. «Ас адамның арқауы».
(Әділқазылар алқасының бағалауларын білу)

3 – кезең. «Өз өнерін көрсету».
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салады.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
(Әділқазылар алқасының бағалауларын білу)

4 – кезең. «Сән үлгісі»
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Әділқазылар алқасының бағалауларын білу)

5 – кезең. Білгенге маржан (сұрақ- жауап).
Жас ару, жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қағып , сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
(Әділқазылар алқасының бағалауларын білу)

Жүргізуші: «Қыз – ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

Баршаңызды алған орындарыңызбен құттықтай отырып, құт береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан «Кішкентай ару-2017ж» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Чавкунова Жаңагүл

Пікірлер: 0

avatar