Кітапқа бет белгі жасаймыз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 423
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 05/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20353


Сабақ тақырыбы: 7.Кітапқа бет белгі жасаймыз. Алматы облысы,Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылы, Қ. Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп-гимназиясы
Күні : Мұғалімнің есімі:
Сулейменова Нұржамал Қалдарбекқызы
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың мақсаты Кітапқа бет белгі жасауды үйрету
Сабақтың міндеттері Мұғалім үшін: оқушыларға әртүрлі материалдармен бұйымдар жасауға болатынын түсіндіру.
Оқушылар үшін:идеясы,жасалу ерекшелігі туралы жауап беру. Өзінің және достарының жұмыстарын талдай білуге үйрету. Оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.
Нені білулері керек Әртүрлі материалдарды және оларды көркем еңбе сабағында пайдалануды.
Нені үйренулері керек

Материалдарды дайындап жұмысқа пайдалануды.
Алдыңғы
Сызықтар арқылы әріптер мен сандарды жазып үйрету
Сабақты өткізуге қажетті материалдар,интернет ресурстар
Түсті қағаз,жай қағаз,қайшы,желім,фломастерлер,таспа.
Оқулық 32,33 беттер.
Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы: Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың ортасы:

Материалды түсіндіру
Тақта алдында жұмыс, Өздік жұмыс,оқулықпен жұмыс. Бет белгі туралы туралы түсінік.
Түсті қағаздың енін 4см,ұзындығын 25 см етіп қиып ал.
Таспаны қағаздың теріс жағынан желімде.Таспаның ұшын тіліктерден өткіземіз.
 Бет белгінің қандай түрлері бар
 Өзіңе ұнаған бет белгі түрін жаса
Сабақтың қорытындысы Оқушылар тақырып бойынша білгендері мен үйренгендерін қорытындылайды.
Кері байланыс



Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

Сабақ тақырыбы: 12.Отбасылық портретке жақтау жасаймыз. Мектеп: Қ. Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп-гимназиясы
Күні :29.11.2016 Мұғалімнің есімі: Сулейменова Н
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың мақсаты Жақтау жасауды үйрету.
Сабақтың міндеттері Мұғалім үшін: білім алу мен өмір сүрудің арасында тығыз байланыс орнату.
Оқушылар үшін:Оқулықтың 51 бетіндегі жақтауларға қарау
Нені білулері керек Қағаз көлеміне сәйкес копозиция құруды біледі.
Нені үйренулері керек Үйренген білімдерін тәжірибеде қолданады.
Алдыңғы Композицияны ойлана отырып құруды дамыту
Жұмысқа қажетті материалдар Түрлі-түсті қатырма қағаз,қайшы,сызғыш,қарындаш
Сабақты өткізуге қажетті материалдар,интернет ресурстар Оқулық , алдыңғы сабақта салған отбасылық сурет,дайын үлгі.
Пәнаралық байланыс Математика,сауат ашу.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтың басы: Ұйымдастыру кезеңдері
Сабақтың барысы:
Материалды түсіндіру
Өздік жұмыс,топтық жұмыс.

Өткен сабақтарда сендер"Менің отбасым" тақырыбында сурет салдыңдар. Бүгінгі сабақта сол отбасы бейнеленген портреттеріңе жақтау жасаймыз.

Жұмысты бастамастан бұрын бізге қандай құралдар керек екендігін топтарға жұмбақ жасыру арқылы анықтап алайық.
1-ші топқа жұмбақ жасырамын.
Не болған мына кісілерге?
Қимылсыз отыр бүгін неге?
Күлдірсемде күлмейді,
Сөйлесем неге сөйлемейді.(сурет)
2-ші топқа жұмбақ жасырамын.
Мені бірден танығын,
Қызыл,жасыл,сарымын.
Мен керекпін балдарға,
Қол өнерін таңдарда.(түрлі түсті қағаз)
3-ші топқа жұмбақ жасырамын
Екі басы дөңгелек,
Екі ұшы сүйір,
Қиғанға үйір.(қайшы)
4-ші топқа жұмбақ жасырамын.
Жіп жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.(қарындаш)

Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.(сызғыш)


Ендігі соңғы жұмбақты қай топ табады екен
Бөлінгенді табыстырып,
Біріктіріп,қабыстырып,
Жымдастырған жігін де,
Байқамайсың түгін де.(желім)
Енді осы жұмбақтардың шешіміндегі құралдарды пайдалана отырып,отбасылық суретімізге жақтау жасаймыз.Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.
Ал жұмысты бастамастан бұрын,сергіп алайық.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,қолымызды көтеріп тақпақты бірге айтып,қолымызды демалдырамыз.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ,жол салсақ.

Сарамандық жұмыс 1 қадамОтбасың бейнеленген суретті қатты қағазға желімдеп жапсыр.
2 қадам.Өзіңе ұнаған бір түсті қатты қағаздан 2 см.лік таспа қиып ал.
3 қадам.Отбасы бейнеленген суреттің шеттеріне қиып алған таспаны желіммен жабыстыр.
4 қадам. Жақтауды әсемде.
5 қадам.Жақтаулы отбасылық портретіміз дайын.
Сабақтың қорытындысы Бейне мен өлшемнің байланысуын сезінуі, композиция арқылы бейнелеу өнерінің әсерлегіш құралдарын пайдаланып, ойы мен сезімін жеткізуді үйренеді.Эстетикалық талғамы қалыптасады.
Кері байланыс

Енді 4 топ бір біріміздің жұмыстарымызды бағалаймыз.1-ші топ 2-ші топты,2-ші топ 1-ші топты бағаласа 3-ші топ 4-ші топ,4-ші топты 3-ші топ бағалайды. Тәрбие.орг сайтынан Кітапқа бет белгі жасаймыз Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сулейменова Нұржамал Қалдарбекқызы

Пікірлер: 0

avatar