Кітап –таусылмас қазына

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 255
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 08/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20412


ОҚО обл. Түркістан қаласы
Мектеп: Ш.Ниязов
Мұғалім: Айметова Феруза Абдумавленовна
Сыныбы:3 А
Пәні: Қазақ тілі
Күні: 21.10.2016 ж

1-сабақ.Қысқа мерзімді жоспар

С.тақырыбы: Кітап –таусылмас қазына

Жалпы мақсаты: Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың алғашқы шығу тарихымен таныстыру;

Оқудың нәтижесі: Кітапқа деген қызығушылығын арттыру;

Дерек көздер және көрнекіліктер: Интерактивті тақта ,слайд,суреттер, интернет материалдар, электрон оқулықтар

Негізгі идеялар: Кітаптың адам өміріндегі маңызы ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыты

Ресурстар
1. Ұйымдастыру кезеңі
*Сәлемдесу;
*Оқу құралдарын түгелдеу;

Фонетикалық жаттығу
*Қай ай үйдегі тұрмыстық затты білдіреді?
*Құрғақ тасты қайдан таба алмаймыз?
*Екіге екіні қосып, оны екігі бөлсек қанша?
*Жер мен көктің арасында не бар? деген сұрақтар бойынша өткіземін
Оқушылар оқу құралдарын партаның үстіне қойып күнделікті дағдысын іске асырады.

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, дұрыс не бұрыс екенін айтады.

1мин

2мин

сұрақ-жауап
2. Топқа бөлу, топтық жұмыс
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу керек. Ол үшін оқушылар «Адасқан суреттерді» тиісті конвертке салады. «Кітапхана қорына» әдеби кітаптардың суретін, «Оқу құралдарына» оқу құралдарын салып, топ мүшелерін анықтаймын.
Оқушылар сурет алу арқылы 2 топқа бөлініп,өз орындарына отырады.
І топ Әдеби кітап
ІІтоп Оқу құралы

2мин
суреттер
3 Қызығушылықты ояту кезінде үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушылар үй тапсырмасын оқиды

2 мин
4 «Дорбадағы маржан сөз» Әрбір 4-ші әріптен сөздер құрастырулары керек.
опакадліеднтоааайлспллі


Оқушылар дорбадағы маржан сөзді табады. (Кітап-адал дос)
3 мин
Интерактивті тақта
5 Мағынаны тану
*Оқулықтағы мәтін оқылады.

*Доп арқылы сөздік бойынша жұмыс жүргізу;
білім,кітап,дос,жыртпа
Мәтінді оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сөздерді үш тілге аударып,сөздік дәптерлеріне жазады.
Білім-билим-знание
Кітап-китоб-книга
Дос-дуст-друг
Жыртпа-йиртма-не рви

5мин



Интерактивті тақта, доп

Оқулық
6 Диалогтік әдісі бойынша мақал-мәтел, нақыл сөздер сұраймын. 2 топтың оқушылары өздері білетін мақалдарын айтады


2мин



7 АКТ арқылы жұмыс «Сыр шерту»
*«Сендер өздеріңді ежелгі адамбыз деп елестетіңдер. Оқу білмейсіңдер, ал біз айналамызда болып жатқан құбылыстарды, заттарды қалай жазар едік?»
І топ құс, бұлт, күн
ІІ топ ағаш, гүл, көбелек
*Кітаптың шығу тарихы жайлы слайд көрсетемін

Оқушылар суреттерін салады, таңбалайды

Оқушылар мұқият тыңдап көреді.

3мин
Парақ, қалам,суреттер

Интерактивті тақта
8 Оқулықпен жұмыс . Оқулықтағы 5-тапсырманы жаздырамын.
Оқушылар бұл тапсырманы тақтада да орындайды.

10 мин

оқулық
9 Сергіту сәті
-Не бірінші?
1.Мұғалім, сабақ, қоңырау
2.Кітап, баспа, жазушы
3.Тамыр, өсімдік, сабақ
4.Күнделік, мұғалім, баға
5.Күн, ұйқы,түн
Бұл сергіту топ бойынша орындалады
5 мин

10 Сыни тұрғыдан ойлау. Топтық жұмыс
І топ «Кітап бізге не үйретеді?»
ІІ топ «Кітапта кездесетін аурулар» Екі топтан 2 оқушы шығып, өз білетіндерін айтады.
3мин
плакат
11 Сабақты қорыту: Диалогтік әдісі бойынша
Оқушылар жағдаятты тыңдап, өз ойларын айтады.
1-ші бала:
-Асхат, маған парақ бересің бе?
2-ші бала:
-Менде парақ жоқ.
1-ші бала:
-Ендеше мына нөмірді есіңе сақтап қалшы.
2-ші бала:
-Басыңды ауыртқанша, ана кітаптың бір бетіне жаза салмайсың ба?

Оқушылар пікірі тыңдалады.

5мин

Ситуациялық сұрақ
12 Бағалау Алма жемісін көп жинаған оқушы лидер есептелінеді. Оқушылар бірін-бірі мадақтайды. 1мин Алма макеті
13 Үйге тапсырма:4-тапсырма
Келесі оқу сілтемесі: Мектеп кітапханасы Оқушылар келесі сілтемені күнделіктеріне жазып барады.
1мин Оқулық, күнделік Тәрбие.орг сайтынан Кітап –таусылмас қазына Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айметова Феруза Абдумавленовна

Пікірлер: 0

avatar