Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ұлағат болсын-ұлыма, Ғибрат болсын – қызыма
  • 07.01.2017
  • 188 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20834

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлағат болсын-ұлыма,
Ғибрат болсын – қызыма.
Тәрбие сағатының мақсаты:Жас ұрпақты ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет – ғұрпын ,салт дәстүрлерін қадірлеу .Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.Оқушыларды әдептілікке ,сыпайылыққа тәрбиелеу
- Көрнекілігі:Ұлағатты сөздер,ертұрман,ұлттық тағамдар
- Пайдаланған әдебиеттер:Қазақтың ұлттық тағамдары кітабы
- Құрметті асыл аналар! Қадірлі ұстаздар,қыз-қызғалдақтар, қош келдіңіздер! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде,көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келеді.Тотыдай таранған,алтындай ардақты,жібектей созылған,мақпалдай масаты,қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдіреген,сәуледей жарқыраған,маржандай тізілген сымбатты арулар төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Бастаушы:
Әділдікпен баға берер аруға ,
Әділдікпен қара қылды жаруға ,
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Ару менен жігіт сұлтанын таңдап бүгін алуға.
2 бастаушы:
Тілейміз жақсылықты баршаңызға
Тұрмасын сұрғылт бұлттар аспанымда
Аналар аяулы да,ардақты боп
Мәңгілік жүріңіздер ортамызда
Ән: Ана
1-оқушы:
Ал,халайық,аруға тамсанайық
Қыз қылықты дегенге ән салайық
Гүлназ деген ару келе жатыр
Қол соғып , қуанышпен қарсы алайық.
2-оқушы:
Жарыстарда озатын
Бәрінен алда болатын
Болашаққа бүгіннен
Білімге қол созатын
Шақырамыз ортаға
Наурызбекті қол соға.

3-оқушы:
Қыздардың сұлулығы дәруі бар
Дәрудің дәрі болып баруы бар
Бишілік өнерімен қанат қаққан
Әдемі , Әлия деген аруым бар.
4-оқушы:
Жігітке 7 өнерде аз болғаны
Жүректің алау отын жандырғаны
Ағайын,қол соғып қарсы алайық ,
Нағыз жігіт сұлтаны Мирасжанды
Мұғалім:
Дәстүрі қазағымның мол болады
Әрбір сында әртүрлі жол болады
Қазағымның ескі бір үрдісімен
Жеребе тастағанда жөн болады – дей келе арулар мен жігіт сұлтандарды реттік нөмірлерін анықтауға шақырамыз.
"Адай" биі Қыздар тобы
1-бөлім:Таныстыру. Мен қазақтың иман жүзді ұл-қызымын
2-бөлім:" Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер "
3-бөлім: "Ұлы сөз - ұлағатты сөз"
4-бөлім: Біле білген білімді
5-бөлім: Ырымдарды қағып ал
6-бөлім: "Анашым сый тартамын өзіңе арнап"
Мұғалім:
Ұрпағы мен боламын бабалардың
Биікке өнерменен бара аламын
Кәнеки, тыңдайықшы барша халық
Кім екен түпкі атасы ұлдарымның
1-бөлім:Таныстыру
2-бөлім: Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер.
-Қырықтың бірі Қыдыр- деп
Айтатын әже-атамыз,
Келіп қалса бір қонақ
Қандай жілік асамыз?
Қонаққа тартылатын сый табақ жөнінде әңгімеленеді.
Гүлназ: Қамыр илеу,нан жаю
Іңкәр:Іс тігу
Әлия:Нан ашыту
Мирас: Ертұрман жасау
Медет: Ағаш сүргілеу
3-бөлім: "Ұлы сөз-ұлағатты сөз"
Әйгілі билердің ұлағатты сөздері айтылады.
4-бөлім: Біле білген білімді
Біле білген білімдіні зерек дейміз
Білімімен ел-жұрттан бөлек дейміз
Қазақтың иман- жүзді ұл –қызына
Оқу оқып,білім қуған керек дейміз.(Әр пәндер бойынша сұрақтар қойылады)
5-бөлім: Ырымдарды қағып ал
Ата-аналарға сұрақ:
- Балаға неге қойдың басын ұстатуға болмайды?
- Сәби екі аяғының астынан қараса не болады?
- Үйге кіріп келе жатқан сәби есік алдына құлап қалса қалай ырымдалады?
- Кебеже мен сандықтың айырмашылығы қандай?
- Анасы қыз балаға қандай тәрбие береді?Әкесі ұл балаға қандай тәрбие береді?
6-бөлім: "Анашым сый тартамын өзіңе арнап"
Сырмақ ойып, текемет,киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген - тон пішер дегені рас
Ұл-қыздарым шебер қолға араласқан.
Алтынбек:
Бойжеткендер балауса
Тартылады күй бүгін
Мейрамға орай анаға
Жасалмақшы сый бүгін.
(Оқушылар аналарына жасаған сыйлықтарын тапсырады)
Мұғалім:
Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші
Айшуақ ару менен жігіттің сұлтаны деп жүрейікші
Әділ қазыларға тек әділдікті
Ал,ұл-қыздарға ,сәттілікті тілейікші!
Ән: Қазақ қызы
Ата – аналардың тілегі .Қазылар алқасының қорытындысы шығарылады Жеңімпаз оқушылар анықталып марапатталады. Тәрбие.орг сайтынан Ұлағат болсын-ұлыма, Ғибрат болсын – қызыма Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қарабатырова Қалимаш

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Ғибрат, болсын-ұлыма, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, қызыма, Ұлағат, болсын
Көрсетілім: 188 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar