Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Лепті сөйлем
  • 04.01.2017
  • 43 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20768

Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз ауылы
№9 орта мектеп

Күні: 26.11.2015жыл.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 2 «б»
Тақырыбы: Лепті сөйлем
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Нурмолдина Серпер Калибаевна

2015-2016ж.
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:Ш.Утегенова
26.11.2015жыл.
Тақырыбы: Лепті сөйлем.
Мақсаты:
1.Білімділігі: лепті сөйлем туралы топтастырылған ұғым қалыптастыру.
2.Тәрбиелігі:елін,жерін,табиғатын сүюге және қорғай білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылығы:оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек-сызба;
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
II.Белсенділік орталығы.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.184-жаттығу.Әріптерді сызық бойымен оң жаққа өткізіп жаз. Шыққан сөзді қатыстырып әңгіме жаз.
2.Ойымызды жинақтап,ассоциация құрайық.
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолы

Дауыс кідірісі Сұраулы шылау
ма,ме,ба,бе,па,пе; Сұрау есімдігі
кім? не? Қайда?
3. Сөйлем айтылу мақсатына қарай : хабарлы,сұраулы,лепті.
III.Жаңа сабақты ұғыну.
1.Жұмбақ шешу.
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білемін.
Кейде өкініп,ренжісем де,
Көбіне көтеріңкі көңілмен жүремін.
2. «Ой тұжырым» Тірек-сызбамен жұмыс.
Лепті сөйлем: адамның көңіл күйін,сезімін білдіреді.Сөйлем аяқталған соң леп белгісі қойылады.Қуану,өкіну,бұйыру,ұран,тілек,өтіну,таңдану,сескендіру.Бұл сөздер көтеріңкі дауыспен оқылады.
3.Оқулықпен жұмыс.
Балақай.
-Бүлдірген тереміз,балақай.
-Алақай!
-Ат жарыс көреміз,балақай.
-Айға ұшып барамыз,балақай,
-Алақай!
-Кел,ағаш жарамыз,балақай.
-Әй,ата-ай!
(Қадыр Мырза Әли)
Ережені оқу.
Тақтамен жұмыс.
1.186-жаттығу.Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.
2.Шығармашылық жұмыс.
187-жаттығу.Алақай,ура,жасасын сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
3.Сергіту сәті.
IV. «Терең ойла»
188-жаттығу.Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелде.
Әкем шаңғы әкелді. Алақай,әкем шаңғы әкелді!
Қар қалың жауды. Қардың қалың жаууын-ай!
Ауа райы жақсы екен. Ауа райы қандай жақсы!
V. Жүйелеу.
Шығармашылық жұмыс.
189-жаттығу.
РАФТ стратегиясы бойынша:
Рөл-оқушы
Аудитория-сынып
Форма-сурет бойынша әңгіме құрау
Тақырып- «Қыс»
(Көңіл күйді білдіретін сөздерді қатыстырып жазу)
Үйге тапсырма.
189-жаттығуды жалғастыру.Көңіл күйге байланысты сөздерді қатыстырып жазу.
Оқушыларды бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Лепті сөйлем Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурмолдина Серпер Калибаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, Сөйлем, Лепті
Көрсетілім: 43 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar