Лепті сөйлем

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 342
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 06/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20801


Сабақтың тақырыбы:Лепті сөйлем.
Сабақтың мақсаты:Лепті сөйлем жайында білім беру; көңіл – күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; жазу сауаттылықтарын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы лепті сөйлемдерді басқа сөйлем түрлерінен ажырата білуге үйрету. Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелдей білуге баулу.
2. Оқушыларды тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Оқушылардың сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Көркем, әрі сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, нұсқау, үйрету, жаттықтыру, ойын.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
Оқушылар:Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Мұғалім:Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім дей отырып бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық. Балалар, бүгінгі қазақ тілі сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені бізге өздерін көріп отырғандай қонақтар келіп отыр. Сондықтан да барлығымыз бүгінгі сабаққа жақсы қатысамыз деген ойдамын.
II. Өткен сабаққа шолу.– Балалар, біз бүгінгі сабағымызда дүкендерге саяхат жасаймыз. Саяхатымызды «Жемістер» дүкенінен бастасақ. Ол үшін мен сендерге өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояйын. Сұраққа толық жауап берулерінді сұраймын. Балалар, мына жоғарыдағы жемістердің барлығы да тәтті, дәмді. Сондықтан да кез келген жеміс сендерге ұнайды деп ойлаймын. Әр толық жауапқа бір жемістен беремін. Бұл сендердің сабаққа қандай деңгейде қатысқандарынды білдіреді және сабақ соңында осылар арқылы бағаланасыңдар.
- Сөйлем неден құралады?
- Сөйлем соңынан қандай тыныс белгілері қойылады?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- «Айгерім кітапханаға барды. Кітапханада адамдар көп.» Осы сөйлемдер сөйлемнің қандай түріне жатады?
- Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді қандай сөйлем дейміз?

III. Жаңа сабақ.–Балалар, енді барлығымыз оқулығымыздың 185-жаттығуына назар аударайық. Жаттығудың берілгенін оқушылар іштей оқиды.
«Балақай» өлеңімен жұмыс.
Балақай
- Бүлдірген тереміз, балақай.
- Алақай!
- Ат жарыс көреміз, балақай.
- Алақай!
- Айға ұшып барамыз, балақай.
- Алақай!
- Кел, ағаш жарамыз, балақай.
- Әй, ата-ай!

- Өлеңді бір( 1 ) түсінікті оқуы;
- Оқушылардың рөлге бөліп оқуы;
- Өлеңдегі көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөздерді табу;
- Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудару;
- Өлеңнің авторы жайлы қысқаша мағлұмат беру;
Ережемен жұмыс.
- Ережені оқушылардың іштей оқуы;
- Ережені талдау;
- Бір-екі оқушының дауыстап, мәнерлеп, әрі түсінікті оқуы;
- Ереже бойынша сұрақтар қою;
1. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
2. Олар қандай дауыспен айтылады екен?
3. Лепті сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Сергіту сәті. «Үйректер» әні.
Дәптермен жұмыс. Келесі саяхатымызды «Ойыншықтар» дүкенімен жалғастырамыз. Ол үшін 186-жаттығуға назар аударайық. Берілген сөйлемдерді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жазу. Екі оқушы интерактивті тақтаға, екі оқушы жай тақтаға жазады. Қалған оқушылар орындарында жаза береді.
Сыныпта өнерлі оқушылар көп. (Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе?
Сыныпта өнерлі оқушылар көп екен!)
Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген. (Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе?
Алақай, мектеп ауласына әдемі гүлдер егілді!)
(Қатысқан оқушыларға қалаған ойыншықтарын беру)
«Көкөністер» дүкеніне де келіп тоқтадық, ол үшін 187, 188-жаттығуларды орындайық. Мұнда үш қатар үш түрлі сөзге сөйлем құрайды.
I қатар – «алақай», II қатар – «ура», III қатар – «жасасын» сөзін қатыстырып сөйлем құрау. Өздік жұмысына беріледі.
188-жаттығуда сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелдеу.
Әкем шаңғы әкелді. Алақай, әкем шаңғы әкелді!
Қар қалың жауды. Қардың қалың жаууын-ай!
Ауа райы жақсы екен. Ауа райы қандайжақсы!
Тестпен жұмыс. 5 сұрақтан құралған тестты орындатып, артта отырған мұғалімдерге тексерту.

V. Қорытындылау.

Үйге тапсырма:189-жаттығу, 69 бет ереже жазу, жаттау. Тәрбие.орг сайтынан Лепті сөйлем Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Туркменбаева Алмаш Таныркановна

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылы, №3 Қазақстан бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar