Әліппем саған рахмет

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 521
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 20/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18736


Қош бол, құтты Әліппем !
- Қымбатты балалар ! Құрметті біздің қонақтарымыз, ұстаздар, ата - аналар ! Бүгін бізде ерекше күн. Әліппемен қоштасу сәті. Осыдан аз уақыт бұрын балаларымызды жетектеп мектепке әкелген едіңіздер. Балаларыңыз бүгін білімнің алғашқы баспалдағынан өтіп әліппені аяқтап отыр. Дәрігер, мұғалім, аспаз, президент, ұшқыш та осы әліппеден хат таныған. Әліппенің арқасында қысқа уақыт ішінде біздің балалар оқуға , жазуға, мектеп ережелерін орындауды үйренді. Оған осы ертеңгілік барысында куә боласыздар . Олай болса, Қош бол, құтты Әліппем ! атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етеіңіздер .
- Әнұран : «Менің Қазақстаным !»
1 – жүр : Көз салып қараңызшы бойымызға , Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға . Қош келіпсіз , ұстаздар , ата – аналар , Әліппемен қоштасу тойымызға. 2 – жүр : Армысыздар , аналар ! Бармысыздар , балалар ! Сөзімізге құлақ салыңыздар , Бір серпіліп қалыңыздар! Әліппеге арналмақ , Бүгінгі жыр - әніміз !
М ұғалім : Балалар, ең алғаш қолымызға ұстаған кітабымыз қалай аталады ? Хормен : Әліппе кітабы .
Мұғалім : Олай болса, бәріміз қымбат дос әліппені ортаға шақырайық . Хормен : Әліппе, әліппе, әліппе !
Әліппе : Армысыздар , жас достар ! Армысыздар , ата – ана ! Болашаққа жол бастар , Әліппең келді ортаға .
Мұғалім : Балалардың «Әліппе» туралы жаттаған өлең шумақтарын тамашалаңыздар .
1 – оқушы : Енді біз оқи аламыз , Әріпті қосып әріпке . Риза боп соған жүреміз , Сүйікті біздің әліппе.
2 – оқушы : Мектеп - кеме, білім – теңіз. Барар жерге тез жетеміз . Әліппе берген блім нәрін , Азық етіп тез жетеміз.
3 – оқушы : Әліппе – әліппе , Кім сені сүймейді . Оқымаса кейбіреу , Қадіріңді білмейді.
Хор : Білімге жолды бастаған, Әліппем , саған мың алғыс. Оқы деп ұран тастаған, Әліппем саған мың алғыс ! / Әліппеге бас иеді /
Ән : «Мұғалім ол біздің »
Жүргізушілер :
Әріптерім , қайдасың , Кел, ортаға шығайық, Сырымызды ашайық , Тойға шашу шашайық.
Мұғалім : Балалар , әліппеден неше әріп, неше дыбыс үйрендік ?
Хор : 42 әріп
- Олай болса, әріптер сөйлесін.
А Ислам Ә Ақмарал Б Рамина
Ғ Бейбіт Д Досымжан Ж Еркеназ
К Әйгерім Л Ұлан У Жібек
П Айдана О Кәусар Т Қарақат
Ш Алтыннұр Н Арынғазы С Ақжұма
1 тапсрыма : Дыбыстар неше бөлінеді ?
2 тапсырма : Мына сөздерді буынға бөлейік !
Тамақ, Қаймақ, Доға, Ардақ, Білім, Әнші, Шахмат, Саяхат,Монтер, Шахтер.
3 тапсырма : Футбол, Отан өлеңін жатқа айту.
Әліппе : Балалар , сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар , сонымен бірге математика оқулығыменде таныстыңыздар. Ал енді ортаға математиканы шақырайық !
Математика : Сәлемет пе достарым, Сабағы боп жоспардың , 4 амалды қолданған , Математика достарың.
- Енді қызықты есептер шығарып көрейік. Бес асықтың үшеуін , Досың сұрап алды . Айтшы сонда нешеуі , Өз қолыңда қалды. / 5 – 3 = 2 /
- Алма ағашта 7 алма , Қандай тәтті жесе алма 7 – еуінде жеп қойдым , Қалды сонда неше алма . / 0 /
- Табақта 4 өрік, Қолымда 3 өрік . Қосқанда барлығын Болады неше өрік . / 4 + 3 =7 /
- Санамақ : 1 дегенім – білім , 2 дегенім – елім. 3 дегенім – үйім. 4 дегенім – төрім. 5 дегенім – белім. 6 дегенім – айым. 7 дегенім – жерім. 8 дегенім – сенім. 9 дегенім – тойым. 10 дегенім – ойым.
Математика : - Ал, балалар, білімді екендеріңді білдім, енді өнерлеріңді көрсетіңдерші. Ән : «Қошақан» Әліппе : Ал, достар , бүгін сендерге ендігі менің жолымды әрі қарай жалғастыратын «ана тілі» пәнімен танысасыңдар. Хормен : Бәрімізді сүйіп өткен , Басқаларға үйреткен. Әліппе мен ұстазға Бас иеміз құрметпен !
Ана тілі : Сәлеметсіңдер ме , балалар, Құрметті ата – аналар! Тойларыңыз құтты болсын! Балалардың жүздері шаттыққа толсын. Туған елдің тілімін . Біліміммен танылам. Түсіндірер бәріне Ана тілі мен болам. Ана тілін сүймейтін . Іштеріңде барма адам ? Мен үйретем бәріңе Ертегі, өлең, әңгіме. Жаттығу, мақал, жұмбақты. Үйретемін сендерге. – Балалар, енді менімен дос болатындарыңа сенемін. Мен де сендерге көп нәрсе үйретемін. Енді мен сендерге 1 жұмбақ жасырамын. Қане тыңдаңдар. Қабат - қабат қаттама Ақылың болса аттама . / кітап /
Ана тілі : - балалар ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім еді ? - Ы.Алтынсарин - Алғашқы әліппенің атасы кім ? - А.Байтұрсынов
Концерттік бағдарлама .
Әліппе даңғыл жол ашты , Жаңадан пәндер жалғасты. Әліппе сырын ұқтырған. Барлығы : Рахмет , ұстаз алғашқы ! / слайд / Қолымды қойып алдыма , Отырдым алғаш партаға . Жетелеп бізді әкелген . Барлығы : Рахмет , сізге ата – ана !
Сөйлеушілер : 1. Мектеп директоры Б.Қалиев
2. Ата – ана
Соңы Тәрбие.орг сайтынан Әліппем саған рахмет Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аманова Гаухар Самалбайқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы,Ақши ауылы, М.Төлегенов атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar