«Ұлы ағартушы -Ыбырай Алтынсарин»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 391
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22632


№255 негізгі білім беру мектебі 2- сынып оқушылары. Сынып жетекші Ш.Паримбекова
«Ұлы ағартушы -Ыбырай Алтынсарин»
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы. Алтынсариннің туғанына – 175 жыл толуына орай «Ұлы ағартушы-Ыбырай Алтынсарин » атты тәрбие сағаты өтті.
Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту – жалпы халық ағарту жұмысы да, екіншісі халықтың ой – санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оның барлық іс амалы мен бізге қалдырып кеткен мұраларына көз жүгіртсек амалсыз осы қорытындыға келеміз. Өзінің алғашқы адымында–ақ ол мектептің рөлін бірінші орынға қойды.
Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама –қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті. Біз, бүгінгі тәрбие сағатта ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстырып, Ы.Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырып, өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, таныстырылды. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар сағаттар арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырады. Оқушылар өздері білетін өлең жолдарын айтып бір – бірімен бөлісті. Тәрбие.орг сайтынан «Ұлы ағартушы -Ыбырай Алтынсарин» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ш.Паримбекова

Пікірлер: 0

avatar