М.Мақатаев. Қарттарды сүйем

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 308
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22622


Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№ 188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Елшибекова Гульбану Данбаевна
Сабақтың атауы М.Мақатаев. Қарттарды сүйем
Мақсаты 1. Өлеңнің мазмұнын меңгерту, жан- жақты талдап,
негізгі ойын оқушыларға жеткізу. Автор туралы
мағлұматты толықтыру.
2. Оқушыларға сұрақтар қойып, топтық жұмыстар
арқылы өз ойын ашық айта білуге, пікірін қорғауға
үйрету. Ой - өрісін кеңейту және тіл байлығын дамыту
3. Үлкенді, қарттарды, ата –ананы құрметтеуге,
сыйлауға, айтқандарын тыңдауға, адамгершілікке
тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сто технологиясы
Көрнекіліктері: ақын суреттері

Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Ақ сүт берген ананың
Балада хақы көп болар.
Ана деген мейірлі,
Сыйлай гөр, балам, анаңды.
Ата деген қадірлі,
Сыйлай гөр, балам, атаңды.
Қызығушылықты ояту М.Мақатаев туралы не білеміз? Сонымен М.Мақатаев кім екен?
Қандай өлеңдерін жатқа білеміз?
«Кубизм » әдісі бойынша өткен сабаққа сұрақтар беремін.
Мағынаны тану - Бүгін осықарттарға арналған М.Мақатаевтың «Қарттарды сүйем» өлеңімен танысамыз.
Мұғалімнің түсіндірмесі: 1. М. Мақатаев туралы
1931-1976 жылдар Поэзия өкілі,аралығында өмір сүрген ғажайып ақын
М. Мақатаев
Мұрагер- ата – ананың артында қалған ісіне, дүние мүлкіне ие болып, олардың ісін жалғастырушы қара шаңырақ иесі.
«Қарттарды сүйем» өлеңін оқушыларға тізбектетіп оқытып шығу.
Енді оқушылар, оқулығымызда қарт ұғымына мағынасы жуық сөздерді күн шұғыласына орналастыр деген тапсырма бар екен. Сол тапсырманы орындап көрейік
қария- ата-ақсақал- қарт
Сергіту сәті «Қанша кісі»
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен.
Апам және енесі,
Енесінің бөлесі.
Отыр едік шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып.
Арқасында кіші інім,
Саны қанша айта қой,
Үйдегі бар кісінің.
Ой толғаныс сөзжұмбақ шешу
Сұрақтары: 1. Ананың несі ыстық? (құшағы)
2. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі не
деп аталады? ( диалог)
3. Адам өмірінің жалғасы не деп аталады? (ұрпақ)
4. «Қарттарды сүйем» өлеңінің авторы кім? (Мақатаев)
Үйге тапсырма «Қарттарды сүйем» өлеңін жаттап келу . Тәрбие.орг сайтынан М.Мақатаев. Қарттарды сүйем Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Елшибекова Гульбану Данбаевна

Пікірлер: 0

avatar