Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мәтін деген не?
  • 26.11.2016
  • 202 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20222

Сабақтың тақырыбы: Мәтін деген не?
Сабақтың мақсаты: мәтіннің табиғаттың, жасалу жолын, құрылымын байланысуын , сөйлемнен т.б бірліктерінен айырмашылығын меңгерту; салыстыру, талдау, жинақтау, ой қортындысын жасауды игерту; логикалық ойлау мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: дұрыс құрастырылмаған аққала суреті, сызба.
Сабақтың барысы:
1. Мотивациялық –бағдарлау кезеңі
психологиялық , дайындық жұмыстары
-Балалар ,бізге Жұмбақбай ата бізге қонаққа келді.Қоржынында бірнеше жұмбағы бар. Жұмбақтарының шешуін тауып, тапсырманы дұрыс шешсек, бізге үлкен тақырыпты сыйға тартпақшы.
1. Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ
2 Аяғы түйеге ұқсайды
Құс болса да ұшпайды.
-Жұмбақта не туралы айтылған?
- Жұмбақтың шешуі ат бола ала ма?

II. Операциялық –орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс. 135-жаттығудағы бірінші және екінші бағанадағы сөйлемдер салыстырылып оқылады.
Ара-жәндік Ара бал беретін қанатты жәндік
Оқушы құстың Ол гүл шырынымен қоректенеді
суретін салды. Бала омартаға жинайды.
Апам тон тікті.
-Бірінші бағанадағы сөйлемдер кім, не туралы.
-Ара, оқушы , апа туралы
- Екінші бағандағы ше?
-Ара туралы.
-Екінші бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтып көрейінші. «Балды омартаға жинайды. Ол шырынымен қоректенеді»,-деп сөйлемдердің орнын ауыстырсақ ,әңгіменің не туралы айтылып тұрғанын білеміз бе?
-Жоқ. Әңгіме не туралы екендігі белгісіз.
-Ендеше екінші бағандағы сөйлемдер бір-бірімен өзара байланыста құрылған. Үш сөйлем де бірғана ара туралы. Ол сөйлемдердің орнын ауыстыруға болмайды. Мұндай өзара байланысты сөйлемдердің тобын мәтін дейміз. Мәтіннің тақырыбы болады . Мәтінге ат қоюға болады . 136- жаттығуды орындатар алдында оқушыларға дұрыс
Құрастырылмаған аққаланың суреті көрсетіледі.
-Суреттен не байқадыңдар ?
-Аққала дұрыс құрастырылған ба?
-Қане , кім дұрыстап береді ?
-Енді 136- жаттығудың тапсырмасын оқып көрейік . Не байқадыңдар ? - Сөйлемдердің орны ауыстырылып берілген .
-Онда біз де бұл сөйлемдерді аққаланы дұрыс құрастырғандай етіп орын-орнына қояйық.
«Мынау менің бөлмем. Оның терезелері үлкен . Оң жақта менің төсегім тұр . Сол жақта үстел , орындықтар қойылған. Бөлменің ауасы таза ».
-Демек балалар мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің де өз орны болады екен . Бір –бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтінді құрайды . 137-жаттығуды орындамас бұрын «Қайсысы бұғы ?»ойыны ойнатылады . Ол үшін елік бұғы және ақбөкеннің суреттері беріліп, ішінен бұғының суреті тапқызылады .
1 Бұғы қандай жануар ?
2 Оның қандай ерекшелігі бар?
3 Бұғы немен қоректенеді ? деген сұрақтарға жауап жазбаша беріледі .
« Бұғы -сиырға ұқсас жануар .Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі . Олар суыққа төзімді . Бұғылар көлік есебінде пайдаланылады . . Олардың қорегі -мүкпен қына . Қыста жалпақ тұяғымен қарды теуіп жайылады . »
-Мәтін қандай тақырыпқа құралған ?
-Бұғы тақырыбына.
-Қане , ат қойып көрейікші .
-Бұғы .
Шығармашылық тапсырма ретінде мәтін мазмұны бойынша сурет салдыруға болады .
III. Рефлексиялық -бағалау кезеңі .
138-жаттығуды орындатпас бұрын оқушыларға алдымен тірек сөздер туралы түсінік берілуі қажет .
Мұны « Бұл қай ертегі » дидактикалық ойыны арқылы ұйымдастыруға болады . Ол үшін мұғалім оқушылар біліп болған « қыз , мысық , мүйіз , қатық , сиыр ,ағаш, су, сағыз, дүкенші, тауық , тышқан,»сөздерін айтып , « Бұл қай ертегі деп сұрақ қояды ?» Оқушылар « Мақта қыз бен мысық» деп жауап береді .Мұғалімнің « Ертегінің атын табуға қандай сөздер көмектесті ?» деген сұрағына оқушылар жоғарыдағы сөздерді айтады . « Демек , ертегінің атын табуға көмектесетін сөздердің тобын тірек сөздер дейміз » деген қорытынды шығарады .
Көше тәртібі тақырыбына берілген « көше қиылысы , көлік бағдаршам , оң жақ , сол жақ , жаяулар жүретін жол»
тірек сөздерімен мәтін құрау тапсырмасы беріледі .
Үй тапсырмасына 139- жаттығу беріледі . Қайсысы мәтін екенін анықтатып , берілген сызбаға олардың қайсысы сәйкес келетінін таптыру тапсырмасын беруге болады . Тәрбие.орг сайтынан Мәтін деген не? Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алтынбекова Гулмира

ОҚО Мақтарал ауданы №18 Б. Майлин атындағы ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: zhuldyz-saparbaeva | Ілмек сөздер: деген, МӘТІН, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, не?
Көрсетілім: 202 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar