Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мәтін түрлері
  • 29.09.2016
  • 776 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19549

Күні: 19.09.2016ж Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері.
Мақсаты: Мәтіннің түрлері туралы ұғымды талдау. Оқушылардың өзара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір- бірінен ажыратып, оны дұрыс құра білуге машықтандыру; Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайтудың жолдарын қарастыру; Шәкірттерді өз бетінше ойлай білуге, ізденуге үйрету; ұйымшылдыққа, достыққа, білімді терең меңгертуге ынталандыру.
Әдістері: сұрақ-жауап, талдау, проблемалық ізденіс, салыстыру, ойындар ойнау.
Көрнекілігі: мәтін түрлері, суреттер, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Топқа бөліну: Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне қарай 3 топқа бөліну. (23 оқушы)
ІІ. Білімді тексеру:
Әр түрлі сөйлемдердің ішінен керекті сөйлемдерді таңдап мәтін құра. Мысалы: Теміржол маңында байқа! Рельстерге отыруға болмайды. Жалбыздан дәрі дәрмек жасалады. Жүріп келе жатқан поездан түсуге, мінуге болмайды.
-Қай сөйлем артық?
-Сол сөйлемді алып тастасақ, қандай өзгерісті байқаймыз?
-Мәтін деген не?
-Мәтін құрылымын ата?
-Мәтіннің басталуы, негізгі бөлімі, соңы болады.
ІІІ.Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді дәптерге жазу.
ІV. Мақсат қою кезеңі:
«Хатшы» ойынын ойнау. Мәтіннің түрлерін ажырату.
Әр топтан бір хатшыдан шығып үш түсті хаттың бірін алып тобына тапсырады.
Ереже шығару:
1. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?
2. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?
3. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Әңгімелеу.
-Мәтін не туралы?
-Мәтінге қандай ат қоюға болады?
-Мәтін неше бөліктен тұрады?
-Әр бөліктің қандай жолдан басталып жазылғанына назар аудару.
-Әр бөлігіндегі сөйлемге сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін ажырату.
Түрлері: Әңгімелеу Сипаттау Пайымдау.
Не істеді? Қандай? Неліктен?
Мәтіннің басқы бөлігін көшіріп жазу.
VІ.Сергіту сәті:

.
I-топ II-топ III-топ
Бүркіт Ақ аю Жолбарыс
… ….. …. …..
Мысалы: Бүркіт жыртқыш құс. Оның денесі ірілеу, көзі қырағы болады. Ол қанатын кең жайып ұшады. …… …. …. …..
Ақ аюдың денесі ірі, терісі ақ түсті болады. Ақ аю жыртқыш аң. ….. ….. …. ….
Жолбарыстың терісінде қара жолақтар болғандықтан солай атаған. Оның тістері мен тырнақтары өткір болады.
VIІ. Қорыту.Мәтіннің түрлерін ата?
Үйге: 4-жаттығу Тәрбие.орг сайтынан Мәтін түрлері Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айзат Бактыбаева Өмірзаққызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кеңдала бекеті №35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 776 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar