Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мал атасы.
  • 24.03.2016
  • 356 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18102

Сабақтың тақырыбы: Мал атасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға төрт түлік малдың атауымен, тіршілік табиғатымен таныстыру. Мал мен адам арасындағы байланысты ашу.
Дамытушылық: Ақыл-ой әрекеті, топтық ойлау, өзара қарым-қатынас біліктерін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі: Төрт түлік малды танып біліп, өз атауларымен атай білуге, күтіп баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакат, слайд, суреттер, топтық жұмыстар, ойындар.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, сәйкестендіру..

Сабақтың түрі: дамытушылық, ойын.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, психологиялық дайындық жасау.

Шаттық шеңбері:
Мұғалім: балаларға шаттық шеңберін құруды ұсынамын және бір-бірімізге жүрек жылуын білдіреміз.

Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Ұйықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрамыз!

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрап, бағалау.
- Балалар кезекші кім?
- Бүгін, қай күн?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушы: - «Қоян» мәтінін оқып келу, мәліметтер жинап әңгімелеу. (оқушылар білімін бағалау, жақсы дайындықпен келген оқушыларды мақтап мадақтау) Әр тақтаға шыққан оқушыға жұлдызша беріп бағалау.

сәбіз терісі

еті қорқақ

тонын ауыстырады

ІV. Жаңа сабақ. ( Ой қозғау ).

Жануарлардың суретін көрсете отырып, тақырыпты ашу.




Топқа бөлу.
І – топ Ойсылқара
ІІ – топ Зеңгібаба
ІІІ – топ Қамбарата
ІV – топ Шопаната
(Әр балаға жасырын парақшалар беріледі, қай малдың суреті тұрса сол топқа бөлінеді).

Дауыссыз дыбыс әріптері: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).

Балалар оқулықтағы 17 - жаттығудың берілгеніне назар аударыңдар.

1. Өлеңді түсініп оқыңдар.
Мал атасы.
Қой атасы – Шопаната,
Жылқы атасы – Қамбарата,
Ешкі иесі – Сексеката,
Түйе атасы – Ойсылқара,
Сиыр иесі – Зеңгібаба.
2. Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.

Әр топ өз пірлерінің атын тақтаға жазып, белгілері туралы әңгімелеу.

Дәптермен жұмыс.
Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката.

Сергіту сәтін өткізу.

(Төлдер әнін айта отырып, қимылдық жаттығу жасау).

Сәйкестендіру тесті.

Ал, енді балалар, дыбыстарды айтамыз, естиміз
Әріптерді көреміз, жазамыз.
(Дыбыстарды есту арқылы, жануарларды табу, слайдтан жануарлардың дыбысы шығады).

Үйге тапсырма.

18- жаттығу. 1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыңдар.
Құлыншағым.
Құлыншағым – құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Ә. Тәжібаев

2. Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызыңдар. Тәрбие.орг сайтынан Мал атасы. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каныбекова А.С.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 356 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar