Масса және оның өлшем бірліктері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1589
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 29/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19543


Күні: 23.09.2016ж
Сыныбы: 4-сынып
Пән атауы: математика
Сабақтың тақырыбы: Масса және өлшем бірліктері.
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, массаның жаңа өлшем бірліктері – тонна және центрмен таныстыру, массаның өлшем бірліктерінің арасындағы қатынасты қойып беру және массаның өлшем бірліктерінің кестесін құрастыру, атаулы сандармен есептеуді орындау дағдыларын дамыту.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Масса және өлшем бірліктері.
№1. Сандарды оқы).
№2. Массаның өлшем бірліктері.
т- тонна кг- килограмм
ц- центнер г – грамм
1 т =10ц 1ц= 100 кг
1 т= 1 000 кг 1 кг =1 000 г
№ 3. Көрсетілген өлшем бірліктерін өрнекте
604 кг, 1 604 кг, 12 604 кг, 5 907 кг.
№4. Есепті шығару.
1 – тәсіл:
1) 420: 20=21- күні
2) 340:20= 17 2- күні
3) 21+17 =38 - барлығы
4) 420:20+340:20= 38 ж.
2- тәсіл:
1) 420+340= 760 – барлық жиналғаны
2) 760:20= 38 – барлығы
3) (420+340):20=38

IV Сергіту сәті:
Таң әлі атқан жоқ,
Маңай әлі қараңғы.
Әтеш ерте оянып,
Жан-жағына қарады.
Шынықтарын қағады.
Ку-ка-ре-ку, тұр – тұрлап,
Оятады баланы!
№5.
1) 35-15 =20
2) 35∙ 20= 700
3) 700:4= 175
4) 700-175= 525
V. Сабақты пысықтау:
№6. Өздік жұмыс.
№7. Өздік жұмыс.
- Бүгінгі сабақта не өтілді?
- Сабақ несімен ұнады?
VII. Үй жұмысы: №8 есеп 29 бет.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап,
жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Масса және оның өлшем бірліктері Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айзат Бактыбаева Өмірзаққызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кеңдала бекеті №35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar