Математикадан өтілген ашық сабақ, 3 сынып, Тақырыбы: "Өткенді пысықтау"

  • Жүктеулер: 31
  • Көрсетілім: 1315
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 11/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22585


Математикадан ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Есеп шығаруда оқушылардың көбейту
мен бөлудің қасиеттерін тиімді пайдалану дағдысын
жетілдіру.
2. Дамытушылық: Талдау, салыстыру және қорытынды
жасай білуге, өз ойларын дәлелдей білуге
дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Жылдамдыққа,
батырлыққа,ұжымшылдыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың типі: қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, ойлау, пікірін айту, талдау.
Сабақтың
көрнекілігі: Интерактивті тақта құралы, қима қағаздар, кестелер.
Күтілетін нәтиже: Есеп шығаруда көбейту мен бөлудің қасиеттерін
тиімді пайдалана алатын, өз бетінше ізденетін жеке
тұлғаны қалыптастыру.
Қолданылатын
стратегиялар: І. Қызығушылықты ояту
ІІ. Бағдар беру сатысы
ІІІ. Мәселе қою сатысы
ІҮ. Үлгіні көрсету, түсіндіру
Ү. Шығармашылық ізденіс
ҮІ. Соңғы нәтиже сатысы

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а). Қонақтармен сәлемдесу
ә). Сабақтың өтілу барысымен таныстыру
2. Психологиялық жаттығу
3. Үй тапсырмасын сұрау
4. Жаңа сабақ
5. Сабақты қорыту
6. Бағалау
а). Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау
7. Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, қазір қандай ай? – Ақпан айы.
- Келесі ай ше? – Наурыз айы. Наурыз қай жыл мезгілінің айы? – Көктем жыл мезгілінің айы. – Наурыз айында қандай мерекелер бар?
- 8 наурыз- Халықаралық Әйелдер мерекесі. -22 Наурыз- жыл басы.
Ежелгі заманнан бері Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Мерекеге халық алдын- ала дайындалады. Мереке сәлемдесуден
басталады. Біз де сабаққа келген қонақтармен сәлемдесейік.
а).Оқушылардың қонақтармен сәлемдесуі:

Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық,
Құшақ жайып жан- жаққа зер салайық.
Аяулы ұстаздары қаламыздың,
Сіздерді қуанышпен қарсы алайық.
ә). Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.
Мұғалімнің сөзі: Жақсы, балалар, отыра қойыңдар! Балалар, біздің бүгінгі
сабағымыз күнделікті сабаққа қарағанда сәл ерекшелеу. Өйткені сыныпта қала мектептерінен келген ұстаздар қонақта отыр. Олар біздің біліміміз және тәртібімізді сынамақшы. Сыныпта тәртіп сақтап, барлығымыз ынта жігермен сабаққа қатысамыз. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Әр топ басшысы өзінің тобындағы оқушының сабаққа қатысу барысын қадағалайды. Сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан әрбір дұрыс жауапты жұлдызшамен және шаршымен бағалаймын. 1 жұлдызша- 5 ұпай, ал 1 шаршы- 4 ұпай болып есептелінеді. Қай топтың жинаған ұпай саны көп, сол топ жеңіске жетеді.
І. Қызығушылықты ояту сатысы.
Орнымыздан тұрайық, жаттығуды жасайық.
2. Психологиялық жаттығу.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстап қаламын.
Тыныштық пен жылу жарық мейірімді,
Сенің ғана алақаныңа саламын.
Балалар, барлығымыз бір- бірімізге жүректің жылуы мен мейірімділіктің шуағын сыйладық. Қазір- математика сабағы. Математика- ғылымдар патшасы. Олай болса, осы патшалықтың берілген тапсырмаларын тиянақты орындауымыз керек.Үйге қандай тапсырма берілді? (82 беттегі № 7 өрнектің мәнін табу.)
Шарты: есептеп, дұрыстығын тексер. 3.Үй тапсырмасын сұрау.
17•2= 34 550: 5= 110 75: 5= 15 84: 6= 14
65•2= 130 800: 40= 20 60•8= 480 960:6= 160
Өрнектерді оқытамын, дұрыстығын тексеремін.
Бөлудің дұрыс орындалғанын қандай амалмен тексереміз? – Бөлуді көбейтумен және бөлумен тексереміз. Көбейтудің дұрыс орындалғанын қалай тексереміз?
- Көбейтуді бөлумен тексереміз.

ІІ. Бағдар беру сатысы

Балалар, өткен сабақты пысықтау мақсатында топ мүшелері келесі топқа амалдар компоненттеріне байланысты сұрақтар қояды.( Жауабын дұрыс айтқан топ мүшелері жұлдызшамен бағаланып отырады.) І. Әр топ мүшесі бір- біріне сұрақ қояды. 1. Көбейтудің компоненттерін ата. 2. Бөлудің компоненттерін ата. 3. Азайтудың компоненттерін ата. ІІ тапсырма . Ережені аяқтау.
1. Белгісіз бөлгішті табу үшін...( бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз)
2 . Белгісіз көбейткішті табу үшін...( көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлеміз) 3. Бөлінгішті табу үшін...( бөліндінің мәніне бөлгішті көбейтеміз)
ІІІ тапсырма. Логикалық есеп.
1.Екі адам 2 сағат шахмат ойнады. Бір адам неше сағат шахмат ? ( 2с.)
2. 2 кг мақта ауыр ма, 2 кг темір ауыр ма? ( екеуі тең)
3. Екі аяғымен тұрған тауықтың салмағы- 3 кг, егер тауық бір аяғымен тұрса, оның салмағы қанша тартады? ( 3кг)
ІІІ. Мәселе қою сатысы
4. Жаңа сабақ
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, сынып жұмысын, көркем жазуға байланысты берілген үш таңбалы 379 санын жазамыз. 379 санының разрядтың көрсеткіші. 379 санын разрядтың қосылғыштарға жікте. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне дайындалу барысында халық ауыл- ауыл болып бөлінеді. І топ- Абай ауылы, ІІ топ- Ыбырай ауылы,
ІІІ топ- Шоқан ауылы. Одан соң әр ауыл киіз үйлерін тіге бастайды. Келесі тапсырманы жылдам, әрі дұрыс орындаған ауыл киіз үйлерін берік, әрі жылдам тігеді. Қай ауыл киіз үйлерін жылдам тігер екен?

№ 3. Есептерді шығар:
Ең алдымен есептің шартын оқытамын. Оқушылар қысқаша шартын құрады.
Шартын тақтаға жазады. Есептің мәнді белгілері қандай? (Есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады.)

І топтың тапсырмасы. № 3(а)
Салынды- 85қарындаш- 12-ден
Болды- ? қорап
Қалды- ? қарындаш
Шешуі: 85: 12= 7 ( қалдық 1)
Жауабы: 7 қорап болды, 1 қарындаш қалды.

ІІ топтың тапсырмасы.№ 3(ә)
Салынды- 92 кг алма- 15 кг- нан
Болды- ? жәшік
Қалды- ? кг алма
Шешуі: 92: 15= 6 ( қалдық 2)
Ж: 6 жәшік болды, 2 кг алма қалды.

ІІІ топтың тапсырмасы.
50 оқушы дәптері- 12 бума
25 қалың дәптер- 7 бума
Барлығы- ? дәптер сатылды.
Ш: 50•12+ 25•7= 600+ 175= 775
Ж: дүкенде бір күнде барлығы 775 дәптер сатылды.
Биылғы наурызда қандай жаңалық бар екен? Жаңа жылымыз қандай жыл болып келеді екен? – Жылан жылы. Жылан бізге тапсырма дайындап қойыпты. Бұл тапсырманы ауызша орындаймыз.
(Интерактивті тақтамен жұмыс. 1 слайд)
№ 1. Өзара байланысты сандармен теңдіктер құрастыр.
9•100= 900 900: 100= 9 8•100= 800
4•60= 240 240: 60= 4 800: 100= 8
9•60= 540 540: 60= 9 9•70= 630
7•70= 490 490: 70= 7 630: 70= 9
9•40= 360 360: 40= 9
4•40= 160 160: 40= 4
Осы теңдіктерге байланысты әр топтың бір- біріне қойылатын сұрақтары:
1. Сан мен 0- дің көбейтіндісі нешеге тең? ( 0- ге тең)
2. Сан мен 1- дің көбейтіндісі нешеге тең? ( сол санның өзіне тең)
3. Санды сол санның өзіне бөлгенде қанша шығады? ( 1 шығады.)
( Интерактивті тақтамен жұмыс. 2 слайд)
Наурыз тойында міндетті түрде көже пісіріледі. Қай ауыл көжесін тез, әрі дәмді етіп пісірер екен? Ол үшін мына тапсырманы жазбаша орындауымыз керек.
ІҮ.Үлгіні көрсету, түсіндіру.(Интерактивті тақтамен жұмыс)
№ 2 . Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
58: 5= 11( қ. 3) 65: 6= 10 (қ. 5) 47: 7= 6( қ. 5)
Тексеруі: 5•11+3= 58 6•10+ 5= 65 6•7+5= 47
29: 3= 9(қ. 2) 49: 6= 8( қ. 1) 47: 5= 9( қ. 2)
Тексеруі: 3•9+ 2= 29 8•6+ 1= 49 9•5+2= 47
88: 9= 9( қ. 7) 18: 7= 2( қ. 4) 47: 6= 7(қ. 5)
Тексеруі: 9•9+7= 88 2•7+ 4= 18 7•6+5= 47

Қалдықпен бөлудің дұрыс орындалғанын тексеру үшін, бөліндінің мәніне бөлгішті көбейтіп, қалдықты қосуымыз керек.
Орнымыздан тұрамыз, бой сергітіп аламыз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды тік ұстап,
Билеп- билеп аламыз.
Жалығуды білмейміз,
Жабығуды білмейміз,
Жауқазындай көз тартып,
Жайраң қағып билейміз.
(Интерактивті тақтамен жұмыс. 3 слайд)
Балалар, көктемгі күн тоғысы 21- нен 22- не ауысқан түні болады. Яғни күн мен түн теңеледі. Олай болса мына кестеде берілген мәтіндік есепті біз теңдеу құру арқылы шешуіміз қажет. Қай ауыл бұл тапсырманы дұрыс және тез орындайды?
Сыныпқа берілетін тапсырма: № 5
Есептің шартын оқып, қысқаша шарт құрастырып жазу. Есептің шешуін теңдеу құру арқылы табу.
Қиып алды- 159 см сым
Қалды- 841 см сым
Болды- ? см сым темір

Х- 159= 841
Х= 841+ 159
Х= 1000
1000- 159= 841
Жауабы: бастапқыда сым темірдің ұзындығы 1000 см болған.
(Интерактивті тақтамен жұмыс. 4 слайд)
Балалар, киіз үйдің ішіндегі жабдықтарды атайықшы. – Киіз үйде сандық, кебеже, киіз, бесік, ыдыстар, домбыра, дастарқан, көрпе- төсек
тағы басқа заттар бар. Осы заттар қандай геометриялық фигураларға ұқсас болып келеді? Тік төртбұрыш, шаршы. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? Шаршының периметрін қалай табамыз? Шаршының ауданын қалай табамыз?
№ 6
Фигураның боялған бөлігінің ауданын есепте.
Берілгені: шаршы
а= 8 см
S= ? cм²
Ш:S= а²= 8²=8•8= 64 ( см²) ( бұл шаршының ауданы)

а= 3см
S= ? cм²
S= а²= 3²= 3•3= 9 (cм²) ( бұл шаршының боялмаған бөлігінің ауданы)

Фигураның боялған бөлігінің ауданын есептеу үшін шаршының ауданынан аты аталған фигураның боялмаған бөлігінің ауданын азайтамыз.

S= 64- 9= 55( cм²)
Жауабы: S= 55 cм².
(Интерактивті тақтамен жұмыс. 5 слайд)
Наурыз мерекесінде ауыл адамдары көкжиекті көру үшін, жазық далаға шығып күнге тағзым етеді. Одан соң барлығы бұлақтарды тазартады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген екен дана халқымыз. Бұлақтардың басына ағаш отырғызады. «Бір тал кессең, он тал ек!»деген сөз осыдан шыққан екен. Біз де ағаш егіп жарысайық. Мына тапсырманы қай топ дұрыс және жылдам орындаса, сол топ ағаштарын бұрын отырғызады?

Әр топқа берілетін топтық жұмыс
І. № 7(а)
Жарты ғасыр- жыл ( 50 жыл, өйткені, 100: 2= 50)

Ширек ғасыр- жыл ( 25 жыл ,өйткені, 100: 4= 25)

Минуттың үштен бір бөлігі- с. ( 20 секунд, өйткені, 60: 3= 20)

Бір жарым минут- с. ( 90 секунд, өйткені, 60+60: 2= 90)

Бір минуттың алтыдан бір бөлігі- с. ( 10 секунд, өйткені, 60: 6= 10)
(Интерактивті тақтамен жұмыс. 6 слайд)
ІІ. Күннен Жерге жарық 8 минут және бір минуттың үштен бір бөлігінде жетеді. Бұл қанша секунд ? ( бұл- 500 секунд)

( 8 минут= 8•60= 480 (секунд ), 60: 3= 20( секунд), 480+20= 500( секунд))
(Интерактивті тақтамен жұмыс. 7 слайд)
ІІІ. Қайыңның биіктігі эвкалипт ағашы биіктігінің төрттен бір бөлігіндей болады. Егер эвкалипт ағашының биіктігі 100 метр болса, онда қайың одан неше метр аласа? ( 100: 4= 25, 100- 25= 75, 75 метр аласа)
Ата- бабамыз ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Көп нәрседен тыйып отырған. Біз де ауыл- ауыл болып тыйым сөздер айтып жарысайық.
( Балалар тыйым сөздер айтып жарысады.)
Ауылға қазақтың қарапайым, аңқау ақылдылары- Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала келіпті. Олар да Наурыз тойын көрмекші...
Олар бізге тапсырма әкеліпті. Қай ауыл тұрғындары олардың әкелген тапсырмаларын дұрыс және жылдам орындайды?
Теңдік тура болатындай етіп амалдар таңбаларын және жақшалар қою керек.
( Плакатты тақтаға ілемін.)
38*3*7= 34 38*3*7= 42 12*6*2= 9
38*3*7= 28 38*3*7= 48 12*6*2= 0
( Балалар плакатқа теңдік тура болатындай етіп амалдар таңбаларын қояды.)
38+ 3- 7= 34 38- 3+ 7= 42 (12+ 6) :2= 9
38- 3- 7= 28 38+ 3+ 7= 48 12: 6- 2= 0

Наурыз тойында салт- дәстүрлер еске түсіріледі, ойын- сауық, спорт жарыстары және айтыс болады. Ауылдар айтысы. Көбейту және бөлу кестесін айтып жарысайық.

Ү. Шығармашылық ізденіс

Әр топ қарсылас топ мүшелеріне логикалық есеп дайындап келеді. Егер қарсылас топ мүшелері ол есепті шешсе, 2 жұлдызшамен бағаланады.
ҮІ. Соңғы нәтиже сатысы.
5. Сабақты қорыту
Сонымен, бүгінгі сабақта бәріміз бір- бірімізбен ой бөлістік, өрнектердің мәнін таптық, қалдықпен бөлуді орындап, дұрыстығын тексердік, мәтіндік есеп шығардық, сызба бойынша есеп құрастырдық, есепті теңдеу құру арқылы шығардық, геометрия пәнінің негізінде берілген есептерді шығардық, логикалық есептерді шештік, пікір алмастық. Шығармашылық қабілетіміз дамыды. Бір- бірімізді тыңдадық. Ойлау қабілетіміз артты.

6. Бағалау. Әр топ басшысы, яғни спикер өздерінің жинаған жұлдызшаларын санайды да, 5- ке көбейтеді, шаршыларын санап, 4- ке көбейтеді. Қай топтың ұпай саны көп сол топ өте жақсы бағаланады.
а). Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.
Жекеленген оқушыларға келсек, деп сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

7. Үйге тапсырма: 83 беттегі № 6 есептің (ә), 84 беттегі № 8 есеп және үйден логикалық есептер дайындап келу. Тәрбие.орг сайтынан Математикадан өтілген ашық сабақ, 3 сынып, Тақырыбы: "Өткенді пысықтау" Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Серкебаева Ляззат Байгановна

Тараз қаласы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar