Мейірім. М. Құлибайұлы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 597
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22682


Астана қаласы
№59 мектеп-лицейі
бастауыш сынып мұғалімі
Садыбаева Шынар Рақымбайқызы
Әдебиеттік оқу 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мейірім. М. Құлибайұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: мәтінді оқи отырып, оның идеясы мен мазмұнын ашу.
Дамытушылық: байланыстырып сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: әдептілікке, мейірімділікке, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге баулу.
Сабақтың өткізудің әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Жаңа сабақ.
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
(шаңғы)
- Қыс мезгілі бәрімізге де ұнайды. Қыста Алматы қаласының көшелері тым ерекше өзгереді.
- Қыс айындары ең ерекше қай жерді білесіңдер? (Медеу мұзайдыны).
- Медеу мұзайдыны туралы мағлұмат беру.
Мәтінмен жұмыс.
1. «Мейірім» мәтінін түсініп оқу.
Мазмұнын түсіндіру.
«Мейірім» сөзінің мазмұнын ашу.
Ақкөніл Қамқоршы

Мей3р3м

Кішіпейіл Әдепті
2. Оқушылар рөлге бөліп, тізбектей оқиды.
3. Сөздік жұмысын жүргізу.
4. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою:
а) Қысқы табиғат
ә) Балалар ойыны
б) Нұржанның қылығы
в) Саматтың қамқорлығы
III. Жаңа сабақты бекіту.
1. Әңгімеде қыстың қандай күні суреттелген?
2. Балалар ойыны қайда өтіп жатыр?
3. Жол бойында ойнауға бола ма?
4. Нұржан Саматты неге ойынға қоспады?
IV. Сабақты қорыту.
Самат пен Нұржанды салыстыра отырып, мінездеме беру.



- Сендерге қай кейіпкер ұнады, несімен ұнады?
V. Үйге тапсырма беру.
«Мейірім» мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айту. Тәрбие.орг сайтынан Мейірім. М. Құлибайұлы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Садыбаева Шынар Рақымбайқызы

Пікірлер: 0

avatar