«Мен сіздермен біргемін» тренинг

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 891
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 22/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18788


«Мен сіздермен біргемін» тренинг

Мақсаты: өмірге қуана білуге, ол қуаныштарын балалармен бөлісе білуге дағдыландыру; баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін және қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруіне, өз баласын жақсы тануына ықпал ету, кеңес беру.
Әдісі: пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.
Барысы:
1. Психолог жұмысы:
2. Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
1. Танысу жаттығуы
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып кезекпен айтып шығады. Мысалы: Мейірімді- мағрипа, аяулы, ақылды – Айгүл, т.с.с
2. Бәрі бірдей емес, ойыны
Барлығыңыз да қолдарыңызға алдарыңызда жатқан майлықты алыңыздар. Менің айтқанымды бұлжытпай орындаңыздар: 1. Майлықтың оң жақ шетін үзіңіз, енді ортасынан бүктеп оң жақ шетін үзіңіз, ортасынан бүктеп оң жақ шетін үзіңіз, ортасынан бүктеп оң жақ шетін үзініз. Енді майлықты ашып қараңыз. Не шықты? Бәріңіздікі бірдей ме? Жоқ! Неге бірдей шықпады? Бәріміз бір нұсқауды орындадық емес пе?
Қорытынды: Біз әр түрліміз, яғни бір нұсқауды әр бала әр түрлі қабылдайды, егер бізді баламыз түсінсін десек, онда нақты, дәл нұсқау беріңіз (3 шапалақ)
Сергіту сәті. «Бірдей саусақтар жаттығуы»
Нұсқау: Біздің алдымызда бірге шешу қажеттілігі бар тапсыырма тұр: бір-бірімізбен келіспей, сөйлеспей, мүмкіндігінше жылдам және бір мезгілде екі қолымыздың аталған бірнеше саусағын ортаға қарай көрсете созамыз.
3. «Эмоция» ойыны
Ата-аналарға шар беріліп, үрлеу сұралады. Ата-аналардың бір бөлігі шарды үрлеп, аузын байлап, жарады, ал қалғандары шарды үрлеп желін жаймен шығарады.
Талдау: Қай шардың жарылуы ұнады. Не себепті?
Біздің эмицияларымыз да осы шар сияқты ашу ызанды толық шығарып жіберсең басқа аадамдармен қарым-қатынас зияны тиеді. Өзгелермен қарым-қатынаста сабырлылық қажет.
Қорытындылау: Ата-аналармен сұрақ – жауап арқылы әңгімелесу, тренингті қорытындылау.

№ 32 «Қуаныш» мектепке дейінгі ұйымы

«Мен сіздермен біргемін» тренинг

Орындаған: психолог Л.А. Жолаушыбаева Тәрбие.орг сайтынан «Мен сіздермен біргемін» тренинг Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Л.А. Жолаушыбаева

Пікірлер: 0

avatar