Мен табиғаттың бөлшегімін

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 1518
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 20/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18760


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: Мен табиғаттың бөлшегімін.
Мақсаты: Табиғат пен денсаулықтың үйлесімділігін түсіндіру.
-«табиғат», «денсаулық» туралы түсіндіру;
-табиғатпен үндестікті сезіну қабілетін дамыту;
-салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Қызмет
кезендері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Дәлелдеу-
ояту Шаттық шеңбері:
Қуан,шаттан,алақай,
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!

Балалар шаттық шеңберін құрды.

Ұйым-
дастыру
іздену — Балалар,табиғат дегеніміз не? «Табиғат» деген сөзді естігенде не ойлайсың-дар?
- Балалар, қалай ойлайсыңдар адамдар табиғаттың бөлшегі бола алады ма?
Мен сендерге «Табиғаттың бөлшегі» атты әңгіме оқып берейін. (Балалар жер ге жайғасып отырады)
— Әңгіме сендерге ұнады ма?
— Данияр қандай бала болды?
— Неліктен Даниярдың денсаулығы түзеле бастады?
— Данияр өзін неге табиғат бөлшегі деп санады?
— Дұрыс айтасыңдар,балалар! Адам-табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың тазалығына, көр-кейіп-гүлденуіне, оны қамқорлыққа алып,аялауға,сақтауға адам жауапты. Адам мен та-биғат үндестікте өмір сүреді. Ендеше, мына экрандағы табиғат суретіне адам бейнесін де енгізейік.

Өзіммен-өзім
— Қане, балалар, денемізді бос ұстап, терең тыныстап өзімізді табиғат аясында жүргенімізді елестетейік. Өзіміздің табиғат бөлшегі ретінде жасаған жақсылығымызды ойлайық.
— Ал,балалар, көзімізді ашамыз. Ойымызды жинақтаймыз.Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік.

Дәйексөз
— Балалар, «Саулық қайда болса,сұлулық сонда» деген мақал бар. Осы мақалды бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде аламыз. Бұл мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
— Иә, балалар, табиғатты аялап, қорғасаң, оның сыйларын үнемді пайдалансаң, күн тәртібін, тазалықты дұрыс сақтасаң, салауатты өмір сүрсең денің сау болады.

Дәптермен жұмыс
— Мына суретке назар аударыңдаршы. Бұндай суреттер алдарыңдағы дәптерлеріңде де бар. Егер осы суреттердің бірінші әріптерін ортадағы әріптермен қосып оқысаңдар, табиғат бөлшегін табасыңдар. Ал,бірінші табиғат бөлшегін кім табады?
— Алманың суретінен «А» әрпін ортадағы «У» әрпіне,содан айдың суретінен «А» әрпін қосамыз.Табиғаттың бір бөлшегі «Ауа» болады.
Ендеше суреттеріңді бояңдар.
— Сонымен табиғат бөлшектері не болды?

Ойын: «Иә, жоқ»
— Ал,енді «Иә, жоқ»ойынын ойнайық. Мен сендерге сұрақ қойып отырамын. Сендер оған «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріп отырасыңдар. Тек «иә» дегенде қолымыз ды соғамыз. Ал, «жоқ» дегенде аяғымызды тарсылдатамыз.
— Күн, ауа, су бәрімізге керек пе?
— Күн жылу бермейді.
— Ауа тыныс алу үшін бе?
— Ауаның таза болуы маңызды емес.
— Ауаны, суды ластауға болады ма?
— Адам табиғаттың бөлшегі ме? Балалар сұрақтарға жауап берді.

Балалар әңгімен танысып, берілген сұрақтарға жауап берді.

Балалар өз ойланын айтып берді.

Мақалдың мағынасын ашты.

Балалар дәптердегі суретті бояды.

Балалар сұрақтарға жауап беру арқылы ойын ойнады.

Рефлексивті
Түзету Қорытындылау
— Табиғаттың тазалығын сақтасақ, қорғасақ өз денсаулығымызды сақтағанымыз екенін білдік. Табиғатпен үндестікте өмір сүру керек екенін үйрендік.
Жүректен жүрекке
— Қане, «Жүректен жүрекке» шеңберіне тұрайық.

Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Әдепті де, тәртіпті боп,
Жақсылығын қолдайық.

Балалар жүректен жүрекке шеңберін құрып өлең жолдарын айтты.

Күтілетін нәтиже:

Білді: табиғаттың құбылыстары мен бөлшектерін білді.
Игерді: достарымен жақсы қарым- қатынас орната білуді игерді.
Меңгерді: өзін құрметтеп, бағалай білуді меңгерді. Тәрбие.орг сайтынан Мен табиғаттың бөлшегімін Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Садырбай Сауле Нұрланқызы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar