Мен және табиғат. Кк дыбысы мен әрпі

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 203
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 19/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23534


Оқу ісінің меңгерушісі:_____________
Пән: Сауат ашу
Сынып: 1 Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін №16 орта мектеп
Күні:12.12.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Атишова А.Н.
Сабақтың тақырыбы: Мен және табиғат. Кк дыбысы мен әрпі Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,сызба,сурет,белгілер қолдана отырып ,жай сөйлемдер\мәтін құрастыру және жазу.
1.3.1.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
Сабақ мақсаттары Барлығы: К дыбысы туралы білімдерін жетілдіреді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тындап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды..
Кейбірі: Кк дыбысынан келетін сөздерден сөйлем құрай алады.
Бағалау критерилері Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіреді
Сөздік қор
Ешкі- коза, есік –дверь, кілт-ключ
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Ойлан,тап», «Тез ойла», «Белсенді оқу», «Саралау», «Сөз құрамақ»,«Өз орнын тап». «Бағдаршам», «Басбармақ».
Ресурс Доп,бағдаршам,оқулық, дәптер, проектор, бір,екі,үш буынды сөздер парақшаға жазылған.
Денсаулық және
техника қауіпсіздігінің
сақталуы Сергіту сәті, сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, өнер
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз) Таныстырылым, бейнежазба
Алдыңғы меңгерілген білім 79сабақ.Мен және табиғат. Кк дыбысы мен әрпі
Сабақ барысы
Сабақтыңжоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Уақыты Ресурстар
Сабақтың басы
- Балалар шеңберге тұрып ,
Біз балдырған баламыз
Құстай қанат қағамыз
Дүниені аралап
Оқып білім аламыз
Көзді салып қараңыз
Былай қанат қағамыз - деп өлеңді айтып,«Ойлан,тап» ойынын ойнайды.
(Шарты: Мұғалім бір сұрақты қойып білім алушыға допты лақтырады, білім алушы сол сұраққа жауап беріп допты мұғалімге лақтырады.)
-Қазақ әліппесінде неше әріп бар?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстың неше түрі бар?
-Дыбыстың түрлерін ата.
-Дауысты дыбыс дегеніміз не?
-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
-Біз кеше қандай әріппен таныстық?
-К қандай дыбыс?
-Неліктен К дыбысы дауыссыз дыбыс?
-К дыбысы кездесетін сөз ойла.
-Сол көзді буынға бөл.Неше буын бар?
-К дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
-Жарайсыңдар,тамаша,өте жақсы,балалар!

Балаларды бағдаршам көздері арқылы топқа бөлу

1минут

5минут

2минут Шаттық шеңбер

доп

Мұғалімнің ынталан-дыру сөздері.

Бағдаршам түстері
Сабақтың ортасы

1 минут «Белсенді оқу» әдісі интербелсенді тақтадағы сөздерді оқиды.
Кісі кеме терек кеше ерлік
Кіші кесе шелек кесте Ме ре ке
Ескі елік кім кілт те-ке-мет
Ешкі етік ешкім кесіртке ке-ре-мет
1топ- «Шелек» сөзін буынға бөл, неше буын бар?
2топ- «Кесе» сөзін қатыстырып сөйлем құра.
3топ-«Кеме» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Білім алушылар өзара " Бас бармақ " арқылы бағалайды


Оқулықпен жұмыс
№2 Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.
Шеше,шеше
Неше кесе
Сынды кеше?
Өзара бағдаршам түстеріне қарай бағалау.

№3 «Тез ойла» әдісі арқылы «Кім?» сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
1топ
2топ
3топ
Критериалды бағалау арқылы дискриптор жүргізу
Дескриптор:Білім алушы
- Сөздерді дұрыс оқиды.
- Кім? Сұрағына жауап беретін сөзді анықтайды.
- Бағалау.Мұғалімнің ынталандыру сөздері арқылы.
Сергіту сәті: Қанат жайып қалықтап,
Құс сияқты күйге енем.
Асықпаймын үйге мен
Жаңа әріппен танысып,
Жазу жазып үйренем.

Жазылым
-Балалар, кім Кк әрпінің бас әрпін, кіші әрпін жазып береді тақтаға?
-Енді К әрпін дәптерге жазыңдар.
Критериалды бағалау арқылы дискриптор жүргізу
Дескриптор: Білім алушы
.-Әріп элеметтерін дұрыс салады.
-эріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады.
-Жазу жолын сақтайды.
-Сөзді сауатты көркем жазады.
Жұппен жұмыс.«Сөз құрамақ» ойыны арқылы буындардан сөз құрату .
ше ме

се рек
Топтық жұмыс. Саралау әдісі арқылы «Өз орнын тап» ойынын ойнай отырып, топпен 1,2,3 буынды сөздерді ажыратып жазады.

Ақша түрлерімен бағалау.10000-5,5000-4,2000-3 7минут

5минут

5минут

1минут

5минут

3минут

5минут проектор

Басбармақ

Оқулықпен жұмыс
Бағдаршам түстері

Постер

Мұғалімнің ынталандыру сөздері
Дәптермен жүмыс
Жұлдызша.

Парақша

Сөздер жазылған парақша, ақша
Сабақтың соңы
2 минут


Оқушылар смайликтерді пайдалана отырып, өздерінің сабақты түсінгенін, тағы білгім келеді,көмек қажет екенін белгілейді. 1минут Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Білім алушылырдың деңгейлерін анықтауда қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

« Басбармақ» арқылы бағалау

«Бағдаршам» арқылы бағаладым.

Смайликтер арқылы бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Топ ережесін сақтап отыруды ескерту.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылар әріпті таныды, ажырата алды және оны дыбыспен сәйкестендіре алды.Сөз, сөйлем сызбасын оқи алды. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізе алды. Сабақтың уақыттық кезендері сақталды. Сабақ жоспарынан ешқандай ауытқулар болған жоқ. Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойларыңыз)?
1:Сабақта жақсы өткен аспектінің бірі «Белсен оқу әдістемесі арұылы интербелсенді тақтадағы сөздерді оқып, әр топ өзіне берілген тапсырманы орындау барысы жақсы өтті.
2:Сабақта «Ойлан, тап» ойыны арқылы өткен білімдерін еске түсіру жақсы өтті.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Сабақта тиімді қолданған әдіс-тәсілдер сабақты жақсарта алды.
2: Сабаққа білім алушылардың белсене қатысуы сабақты жақсартуға ықпал ете алды.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
-Бағалаудың түрлерін жетілдірсем. Тәрбие.орг сайтынан Мен және табиғат. Кк дыбысы мен әрпі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Атишова Айгерим Нуржумановна

Алматы облысы, Талғар ауданы, Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін №16 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar