Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Менің атым Қожа» (Б. Соқпақбаев)
  • 20.02.2016
  • 540 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16479

Алматы облысы,Райымбек ауданы Көмірші ауылы.
«Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» к.м.м.
Бастауыш сынып мұғалімі: Игенова Кульшат Тұрбекқызы

Ана тілінен өткен ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа» (Б. Соқпақбаев)
Сабақтың мақсаты:
Білімділілігі: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының қызығушылығын ояту, сөздік қорларын кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқытып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін арттыру, шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды салауатты өмір салтына сай болашақтың тірегі болатын дені сау азамат болуға, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, интерактивті тақта, дербес компьютер.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Ана тіліміз – біздің тарихымыз, мәдениетімз. Оларды терең білу әр азаматтың міндеті.
Үй тапсырмасын текеру:
1. «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқу
2. Сұрақтар қою.
а) Алдымызда қандай айтулы мереке келе жатыр?
ә) Еліміздің туының түсі қандай? (Көк)
б) Біздің еліміз қалай аталады? (Тәуелсіз Қазақстан)
Жаңа сабақ:
Слайд арқылы Бердібек Соқпақбаевтың өмірімен таныстыру.
Өзінің шығармашалық өмір жолын балаларға арнап өлең жазудан
бастаған. Кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. «Менің атым Қожаны» 1957 жылы жазған. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркем фильм етіп шығарды. Қазақ киносында соқпақ жол салған режиссердің бірі Абдулла Қарсақпаев сияқты ірі тұлғаның ортақ шығармашылығы Францияның Каан қаласында халықаралық фестивальде ерекше сыйлыққа ие болды. Абдулла Қарсақпаев 85 жаста. Алматы қаласында Абдулла Қарсақпаев атында мектеп бар.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен болып өседі.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Ребус шешкізу арқылы жаңа сабақты жеткізу.
Жауабы: Менің атым Қожа.
Мұғалім: Ал енді, балалар, Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан әңгіме шолу жасайық. «Күн шұғыласы» арқылы

Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданы,
Қостөбе ауылында туылған
1924 жылы 13-қазанда Балалар әдебиетінің
дүниеге келген негізін салған

Шоқтығы биік, дара Қазақ балалар әдебиеті-
Нтұлға, аса бик дарын нің классигі

«Менің атым Қожаны» «Алыстағы ауылда»,
1957 жылы жазды «Балалық шаққа саяхат», «Дала
жұлдызы», «Аяжан», «Жолда»,
«Қайдасың Гаухар» т.б.

Шығарманы мәнерлеп оқу, мағынасын түсіндіру.
а) дауыстап оқу
ә) тізбектеп оқу
Мұғалім: «Менің атым Қожа» көркем фильмінде ойнаған кейіпкерлерге келер болсақ, Қожа рөліндегі басты кейіпкер – Нұрлан Сегізбаев. Ол өмір жолын әуелі мұғалім болып бастады, кейін кітап жазған, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰПУ-да мұғалім, актер.
Сұлтанның рөлн сомдаған Сұлтан Қоскенов жүрек талмасынан ертерек қайтыс болып кеткен.
Жантастың рөлін сомдаған Ерік Құрмашовтан хабар жоқ.
Жанар рөлін сомдаған Гүлнар Құрабаева, жоғарғы оқу орнында оқытушы.
Жұмағұл қойшының баласы Дәулетті ойнаған Юнус Шамусов, бокстан Қазақстан құрамасының дәрігері.
Бикен Римова қайтыс болған.
Майқанова апайды ойнаған Рая Мухамедиярова, танымал актриса.
Мәтінді кезекпен оқыту.
Дәптермен жұмыс (суретке қарап мінездеме беру).
Қожа

Жағымды Жағымсыз
(ақылды, адам жанын, Майқанованың сөмкесіне
қателігін түсіне біледі) құрбақа салуы, Сұлтанмен
қойшы ауылына баруы)

Жантас

Өзімшіл, тек өзін ойлайтын,
Қожаның мектептен шығуын қалайды,
жиналыстарда Қожаны оқудан шықсын дейді.
Сабақты бекіту:
Қорытынды.
Артында өшпес мұра қалдырған аса биік дарын, қазақ балалар әдебиетінің классигі Б. Соқпақбаев көзі тірісіндегідей ұстаздығынан жазбай, рухани тірлігін жалғастыра беретіні хақ.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Менің атым Қожа» повесі. (мазмұнын айту). Тәрбие.орг сайтынан «Менің атым Қожа» (Б. Соқпақбаев) Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Игенова Кульшат Тұрбекқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 540 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar