Менің Отаным – Қазақстан

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 518
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 01/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20296


Менің Отаным – Қазақстан
Шакирова Бибізада Химанқызы- «б» класс жетекшісі

Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана қаласына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Арсен: Армысыздар! Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Қош келіпсіздер бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.
Жанель: Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
Батырхан:: Елімнің атын айтсам- Қазақстан!
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!
Қойнауы қазынағы толған мекен,
Байлығымды айтсам-Қазақстан!
Қадір: Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Шарықташы, Әнұраным, шарықта!
Оны айтуға, жас ұлан, жлықпа.
ӘНҰРАН орындалады.
Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»
Абылай: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
Нұрай: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
Асылжан: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
Даниял: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Айша: Отан деген- атамекен, Отан деген- туған жер.
Отан – деген ата-ана
Қазақстан-туған ел.
Отан- менің ата-анам,
Отан -досым, бауырым,
Отан -өлкем астанам,
Отан- аудан, ауылым.
Диас: Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен.
Бабамыз бен атамыз.
Отан –деген атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан- ана,
Отан –үлкен
Қазақстан -туған ел.
Айзия: Отан дейміз –от жаққан жерімізді,
Отан дейміз- өсірген елімізді.
Отан дейміз – туған жер, атамекен-
Биік тау, ориан, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз- кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Отан туралы мақал-мәтелдер айту.
ІІ. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Айдана:1996 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.
Жанель:Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас- демекші, егеменді ел ,тәуелсіз


мемлекет болдық. Қазақстан өзінінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық қарым-қатынас жүргізе алады.
Анеля:: 1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.
1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.
Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.
1991жылы қазан айындатұңғыш қазақ ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самсаған.
Қорытынды: Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Ән. «Балалық шақ» Тәрбие.орг сайтынан Менің Отаным – Қазақстан Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шакирова Бибізада Химанқызы

Пікірлер: 0

avatar