Менің тұңғыш президентім!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 466
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 21/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21181


Мунашева Баян Жұмағұлқызы Панфилов ауданы Үшарал ауылы «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі

Менің тұңғыш президентім!
Білім беру саласы «Қатынас», «Шығармашылық»
Оқу іс – әрекеті Тіл дамыту. Көркем әдебиет. Сурет салу
Мақсаты: Балаларды еліміздің Президенті және рәміздер туралы білімдерін толықтыру. Әр рәміздің мән-мағынасын тұсіндіру арқылы зейіндерін дамыту. Өз елінің тарихын білуге қызығушылықтарын арттыру, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Елбасы және рәміздердің суреті, «Ақорда» суреті.
Қазақстан – Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты дей отыра бүгінгі тәрбие сағатымызды Әнұранмен бастағым келіп тұр.
Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар біздің яғни Қазақстан Республикасының Президенті кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Иә, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: Біз бүгін Елбасымыз және рәміздеріміз жайлы түсінік алатын боламыз. Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Осы кісінің құрметіне 1 желтоқсанды Президент күні деп атапты. Бүгінгі оқу іс – әрекетімізде Елбасының құрметіне арналады. Бұл кісінің балалық шағы осы жерде өтеді. Қаскелеңдегі 10 жылдық мектепті оқып бітіреді. Одан кейінгі жылдары Қарағанды қаласындағы металлургия комбинатында жұмысшы болады. Содан өсіп жақсы жұмыстар істеп 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның рәміздері болады. Ол – ту, елтаңба, әнұран. Жаңа өзіміз айтып өткен әнұранның авторының бірі осы Елбасымыз.
Ақмола (Астана) қаласының еліміздің орталығы етіп таңдап, ерекше әдемі астаналардың бірі еткен де осы Елбасының ойы. Сондағы сәулеті ерекше ғимараттардың бірі елбасының жұмыс жасайтын орны Астана.
Тәрбиеші: Балалар Елбасы туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Қ. Айару: Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы
Тілім, дінім, ұлтым қайта көтерген
Елбасымыз Нұрағаның бастауы
Туды ұстап тұра жолға түсіріп
Жас Отанның өмірін де түсініп
Елім, жерім деп ұрандап тайсалмай
Бір керемет жасады – ау кісілік!
Қ. Іңкәр: Елбасымыз саған мәңгі ризамыз
Үлкен – кіші ағайындар бәріміз
«Ұлтым, елім деп қайырған ұлы жан
Сіз біздердің піріміз де, әніміз
С.Ақмаржан: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын
Президентім, елбасы аман болғай
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Ғ. Іңкәр: Назарбаев атамыз еліміздің тірегі
Елім деген сенімменен таза оның жүрегі
Өсіп – өніп, өркендеп, көкте биік туымыз
Қазағымның даласы көкке құлаш жаямыз

Т. Назерке: Нұрсұлтан атам қазақтың тұңғыш Елбасын
Астана – жұмақ ұлтымның ұлы ордасын
Мейірі түсіп аталар рухы қолдасын
Сергіту сәті. Біз отанды сүйеміз (қолдарын жоғары көтеріп,екі жағына жаяды) Біз отанға адалмыз (қолдарын кеуделеріне қояды) Көгілдір ту иеміз (сол қолмен туды көрсетеді) Қалай жасық боламыз (жұдырықтарын түйіп, иықтарына қояды)
Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Байтерек.
Ия, дұрыс айтасыңдар бәйтерек, бәйтеректің ішінде Елбасымыздың қол таңбасы бар. Барлық ұлттарды бірлікке, ынтымақтыққа шақырады. Енді осы елбасымыздың қол таңбасын ақ қағаз бетіне суретін салып көрейік. Сурет салудың әдіс – тәсілін көрсетіп өту.
- Елбасымыз деген кім?
- Елбасымыздың астанасы қай қала?
- Рәміздерге нелер жатады? Біз Елбасымызды құрметтеп, рәміздерді қастерлеп. Отан сүйгіш болып өсуіміз керек.
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп
Балалар Елбасы күніне арналған тәрбие сағатын әнұранмен аяқтаймыз Тәрбие.орг сайтынан Менің тұңғыш президентім! Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мунашева Баян Жұмағұлқызы

Пікірлер: 0

avatar