Өмір ағашы - Бәйтерек

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 922
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22624


Сабақ: Дүниетану
3В бөлім:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Тақырып:Өмір ағашы - Бәйтерек

Мектеп: «№188 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні:15.03.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Әуеш Гаухар
Сынып: 1 «Д» Қатысушылар саны: қатыспағандар:
Сабақтың оқу мақсаты 1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу
1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру
Сабақ мақсаттары Барлықоқушыларжасайалады:
• Сабақтың тірек сөздерін есте сақтайды;
• Байтеректуралыаңызыментанысады
Көпшілікоқушыларжасайалады:
• өздерініңбақылаужазбаларынжасаудағдыларынжетілдіреді;
• сұраққа жауап таба біледі;
• аңызды мазмұндайды.
Кейбіроқушыларжасайалады:
• сабақтаалғанбілімінқолданаалады;
• тірексөздердіүштілдедеестесақтайды;
• «Байтерек» монументінсипаттайалады.
Тілдікмақсат Оқушылар түркілердің аңыздарын біледі және«Бәйтерек» ескерткіші туралы білімдерін толықтырады. Сабақтың негізгі идеясы оқушыларға ежелгі адамдардың дүние туралы таным-түсініктерінің қандай болғанын және сол түсініктің қазіргі заманға қалай кіріккенін түсіндіру болып табылады. «Бәйтерек» ескерткішін сипаттай отырып, оқушылар қатынас тілінің дағдыларын дамытады. Алған ақпараттары негізінде өз ойларын жеткізу мен сұрақ қоюды үйренеді.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:


Тірек сөздер:
ескерткіш - монумент - monument

Сабақта диалог/жазуғақолданылғантіл:
Талқылауғаарналғансұрақтар: Бәйтерекдеген не?ҚазақстандықтардыңөміріндеБәйтеректіңқандаймаңызы бар?



Алдыңғыбілім Оқушылардыңаңыз, әңгіме, миф, ертегіжәнемақал-мәтелдертуралытүсініктері бар. Сондай-ақолар Астана туралы, «Бәйтерек» ескерткішітуралыбіледі.
Жоспар
Жоспарланғануақыт Жоспарланғанәрекет (төмендекөрсетілгенорынғаөзіңіздіңтапсырмаларыңыздыжазыңыз)
Ресурс-тар
0-3минут

4-20минут

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топтастыру
Өлең жолдары жазылған қағаздарды таңдап алып, қай өлең екенін тауып, сол топқа барып отыру.
1-топ: «Көбелек» тобы
2-топ: «Он саусақ» тобы
3-топ: «Етікші ата» тобы
4-топ: «Көңілді музыкант» тобы

Мақал мәтелдің мағынасын ашу
Ата-бәйтерек,бала-жапырақ
-Балалар,мына мақалды қалай түсінесіңдер?
(Балалардың жауаптарын тыңдау)
-Балалар,бәйтерек ағашы туралы не білесіңдер?
-Бұл қандай ағаш?
(Тақтаға бәйтеректің суретін шығару)
-Балалар,бәйтерек ағашын қайдан көрдіңдер?
-Тағы осы бәйтерек туралы не айтуға болады? «Болжау» әдісі
-бүгінгі сабақта не туралы сөйлесеміз?
Мұғалім: сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.
Бәйтерек туралы аңыз
«Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен.Бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол күнді жеп қояды.
Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі
Топтық жұмыс
1-топ: аңызды мазмұндайды;
2-топ:дьениш таяқшаларынан «Бәйтерек» монументін жасайды;
3-топ:аңыз бойынша сурет салады;
4-топ : аңыз соңын болжайды.

-Қандай кейіпкерлер кездесті?
-Қандай кейіпкерлер мейірімді,ал қандай зұлым?Неліктен?

Оқулықпен жұмыс.Оқулықтан берілген мәліметпен танысады

«Салыстыр»
Бейне тақтадан екі сурет шығарылады
Бәйтерек ағашының және монументтің.
(Берілген суреттерге қарап 1-2 сұрақ қояды)

«Неліктен?» «Қалай?» «Не үшін?» сауалдарын қолдана отырып сұрақтар қояды
Қалаған оқушылар ортаға шығып,сұрақтарын сыныпқа қояды

-Балалар,Астана қаласындағы монумент неліктен бәйтерек деп аталды?
(Балалар өз болжамдарын айтады)
-Бәйтерекке саяхат жасаған балалар бар ма?
-Әсерлерін қандай?
Интерактивті тақтадан Нұрсұлтан Назарбаевтің суреті шығарылады
-Балалар, бұл кім?
-Бүгінгі сабақтың тақырыбына елбасымыздың қандай қатысы бар?
-Астанада монументі салу елбасшымыздың ұсынысы болды.

Хамелеон суретін шығарып,сұрақ қою
-Бұл не?Хамелеонның қандай қасиеті бар?
-Бәйтерекке қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
«Бәйтеректің» шары күн сәулесінен түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» (құбылғы) әйнегінен жасалған.

Қосымша тапсырма
«Кім тапқыр»
Бәйтеректің жұмыс уақыты сағат 10.00 де басталады және 22.00-де аяқталады.
Бәйтерек неше сағатр жұмыс істейді? 12 сағат
Сергіту сәті
Әр топ өз өлеңдерінен 4 жолды айтып шығады.

Өлең жолдары жазылған қима қағаздар

Таныстырылым

Дьениш таяқшалары; А3 қағазы

Оқулық

Сабақтың ортасы
20– 25минут

26-30минут

31-35 минут

36-40 минут
«Бәйтерек» – Астананың мақтаныштарының бірі. Ескерткішбіздің ежелгі бабаларымыздың дүние туралы таным-түсінігін айшықтайды. Кешен авторы – ағылшынның белгілі архитекторы НорманФостер. Құрылым биіктігі 97 метр.ОлАлматыдан Астанаға көшірген уақытты білдіреді.

Дәптермен жұмыс

Төменгі деңгейінде дәмхана, аквариумдар және «Бәйтерек» шағын галереясы орналасқан, ортасында – көріністі лифт, жоғарыда – ішінде Н.Ә.Назарбаевтың алақанының табы түсірілген глобус орналасқан шар.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы


Таныстырылым

Жұмыс дәптері

Әр оқушыға тапсырма жазылған қағаз
Сабақтыңсоңы
41-45 минут Бағалау.
Рефлексия
Сабақтаналғанәсерлерінстикергежазып, «Білімағашына» жабыстырады. Тәрбие.орг сайтынан Өмір ағашы - Бәйтерек Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Әуеш Гаухар

Пікірлер: 0

avatar