Монеталар

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 190
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 19/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23187


Пән:математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 4А

Күні:02.06.2017

Сынып:1

Мектеп: «№5 орта метеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:Р. Стамбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Монеталар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1.1.3.6 Оқушылардың ақшаның қолданылуын зерттей алатын рөлдік жағдайлар (дүкен, кафе) құрастыру.
Сабақ мақсаттары Теңгелік монеталардың құнын түсіну, бір бірімен салыстыру арқылы қымбат монетаны арзан монетадан ажырата білу.
Монеталарды құны бойынша салыстыруға үйрету
Барлық оқушылар: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды;
Көптеген оқушылар: қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын шығара алады;
Кейбір оқушылар: Теңгелік монеталардың құнын түсіну, бір-бірімен салыстыру арқылы қымбат монетаны арзан монетадан ажырата алады.

Бағалау критерийлері Монеталардың тобын салыстырады,ажыратады.
1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды пайдаланып,амалдарды құрастырады

Тілдік мақсаттар
сомасы, құны, тиын, теңге, барлық саны, қайтарым құнын есептеу.
Теңге-тенге-tenge
Ақша –деньги-cash

Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының 7 құндылықтарының бірі индустрияландыру мен экономикалық өсімнің маңыздылығын айта келе, оқушылардың бойына үнемшіл болу, ақшаны орнымен жұмсау қасиеттерін дарыту.

Пәнаралық байланыстар Ағылшын , дүниетану, сауат ашу.

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім
Ақша, теңге

Сабақ барысы

Сабақтың басы

5 минут

5 минут
Сабақ басында:
-оқушылардың зейінін шоғырландыру
-Таңғы амандасу «Үш тілде», оқушылар бір – бірімен «Қайырлы таң!» деп амандасады.

№1 тапсырма: (Т.) «Мұз қамалы» ойыны
Тиындар. Жинау және айыру
Теңге монеталары (1, 2, 5,10, 20) бар қалтаны алып және тиындардың шылдырын есту үшін оны сілку. Оқушылардан қалтада не бар екендігін сұрау. Ең кішісінен бастап тиындарды біртіндеп аламын. Тиындардың белгіленген құны/қасиеттерін білетінін/білмейтінін сұрау.
- Қалтада не бар?
- Тиын деген не?
- Теңге деген не?
Бұл тапсырмада оқушылардың тақырыпты ашуы, монеталарды кішіден үлкенге қарай өсу ретімен қоя білгені және қай монетанын құны жоғары екендігін білетіні бағаланады
Бағалау: бағдаршам түстерін көрсету


Қалта,
Тиындар

Сабақтың ортасы

10 минут


10 минут

Сергіту сәтін
2минут

Сабақтың соңы

10 минут


№2 тапсырма: (Ж).«Ойлан. Жұптас. Пікірлес» әдісі
1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды қолданып, қосу алу амалдарын шығару.
Бұл тапсырмада оқушылардың монеталарды пайдаланып амалдарды дұрыс орындағаны бағаланады
Өзара бағалау
Бағалау: «Бас бармақ» әдісі

№ 3 тапсырма (Т) Сәйкестендір.
Әр топқа А4 парағы беріледі.Онда сәйкестендіру тапсырмасы берілген, соны сәйкестендіреміз, арзан және қымбаттығын ажыратамыз
5 чупа чупс
20 шар
50 орбит
100 сіріңке
Бұл тапсырмада оқушылардың өмірдегі проблемаларды шешу дағдысы және қымбат монетадан арзан монетаны ажырату
Бағалау: екі жұлдыз бір тілек

Көңілді күн

(Ө, Қ) Өзіндік жұмыс.
Балмұздақ бағасы 100 теңге
Сендердің қолдарында 20 теңгеден бесеу, 10 теңгеден алтау, 5 теңгеден сегіз, 2 теңгеден он, 1 теңгеден жеті монеталар бар. Сендер дүкенге барып балмұздақ сатып алу үшін, сатушыға қандай монеталармен төлем жасайсыңдар? Осы тапсырмаға кім қанша амал құрастырады.
Бағалау критерийлері Дескриптор
1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды пайдаланып,амалдарды құрастырады
Монеталарды пайдалана алады
Монеталарды пайдаланып, амалдарды құрастыра алады

Бағалау: Сұрақ - жауап



монеталар

А4 қағаз

интербелсенді тақта

монеталар

ламинат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау – санауда, есептеуде қиналатын оқушыларға бағыт беру арқылы көмек беру.
Барлық оқушылар: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындау
Көптеген оқушылар: қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын шығару
Кейбір оқушылар: Теңгелік монеталардың құнын түсінуін, бір-бірімен салыстыру арқылы қымбат монетаны арзан монетадан ажырата алуын баяндайды
Бағалау –тура төлем жасай алуын, монетаны пайдаланып амалдар шығара алуын бағалау
«Бағдаршам» әдісі
«Бас бармақ» әдісі
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
«Сұрақ - жауап» әдісі Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?
1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Тәрбие.орг сайтынан Монеталар Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Стамбекова Рашида Талгатовна

Алматы облысы, Текелі қаласы, "№5 орта мектеп" бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar