Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
“Н “дыбысы мен әрпі
  • 31.01.2017
  • 56 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21442

Махмутова Венера
Нурумовна
Бастауыш сынып мұғалімі
«М.Таипов атындағы орта мектебі МДШО» КММ
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кіші Дихан ауылы

Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтардың тағдыры ұстаздардың қолында
Н.Ә.Назарбаев

Білім беру саласы: Қатынас. Денсаулық.
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: “Н “дыбысы мен әрпі
Мақсаты: “Н” дыбысын дұрыс дыбыстату, “н” әрпімен таныстыру; Буындарды оқу дағдысын дамыту;
Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ойыншықтар, магнит тақта,кеспе әріп, суреттер.
Әдісі: көрнекілік, сөздік, ойын.
Билингвальды компонент:нан-хлеб, сөз –слово, буын- слог, дыбыс- звук.
I. Шаттық шеңбері.
Армысың, Алтын күн!
Армысың, кең далам!
Армысың, туған жер!
Армысың, достарым!
IІ.Ұйымдастырушылық- ізденістік
а) жұмбақ жасыру
Үсті тас, асты тас
Ортасында піскен ас. Бұл не? (таба нан)
Балалар сендер нанның дастарқанға қалай келетінін білесіңдер ме?
Суреттер бойынша жұмыс.
Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Не өсіп тұр?
- бидайды немен жинайды?
- бидайды жинап қайда апарады?
-Қырманнан қайда апарады?
- Элеваторда не істейді?
- Элеватордан қайда апарады?
- Диірменнен қайда апарады?
- Наубайханада не істейді?
- Наубайханадан қайда апарады?
-Дүкеннен кім сатып алады?
Балалар нан дастарқанға осылай келеді. Нан дастарқанға келу үшін көп еңбек ету керек.
“Нан “- деген сөздің басында қандай дыбыс естіледі?
- Н дыбысы.
Бүгігн Н дыбысымен танысамыз. Қане, барлығымыз бірге айтайық.
Н дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз.
Н дыбысы сөз басында ,сөз ортасында, сөз аяғында келеді.
“Кім жылдам” ойыны .
(н дыбысы бар сөздерді ойлау)
НАН
АНА
ДӘН
НАР
ДҮКЕН
Сергіту сәті
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Кеспе әріптермен тақтаға
буындар жазылады.
(балалар мұғаліммен бірге оқиды)
НА, НУ, НО, НЫ
Сөздерді буынға бөлу

А-НА, НАН
Билингвальды компонент:
НАН- ХЛЕБ
ДЫБЫС- ЗВУК
БУЫН- СЛОГ
АНА- МАМА
Дәптермен жұмыс
Н әрпінің баспа түрін жазу
Рефлексиялық- түзетушілік
-Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Н дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Балалар, үйде, мейлі көпшілік арасында болсын, нан қоқымын көргенде басуға болмайды. Тәрбие.орг сайтынан “Н “дыбысы мен әрпі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдрасулова Гульчихра Абушовна

"М.Таипов атындағы орта мектебі МДШО" КММ химия және биология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: 123г321 | Ілмек сөздер: “дыбысы, “Н, әрпі, мен, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба
Көрсетілім: 56 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar