Н.Әлімқұлов «Қоңырау» өлеңі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 753
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 24/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18121


Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау
Мақсаты Білімділік: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі бала сезімдерін байқай білуге, өздік жұмыстар арқылы өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: шығармашылық ішкі мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туғызу.
Тәрбиелік: әдемілік пен өмір заңдылығының қарым-қатынасын түсінуге бейімдеу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: топтау сызбасы, маркер, әдемі қоңыраулар.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту а) Балалардан коңырау сөзін естігенде қандай ой (ассоциация) келетінін сұрау.
Немесе:
е) Қоңырау сөзімен бірнеше сын есімді сөз тіркесторін жазу.
Мысалы:
А)Оқушылардың жазғандарын оқытып, талдап болған соң, олардың қоңырауға деген сезімдері туралы жылы лебізді сөз айта келіп, жаңа сабақ тақырыбы хабарланады.
2.Мағынаны тану.
Оқушылар оқулықты ашып, Н. Әлімқұловтың «Қоңырау» өлеңін іштей
оқиды.
Өлеңді оқып, мазмұнын түсіну және әр шумаққа ат қою тапсырылады.Сонымен өлең мазмұны бойынша жоспар шығады.
Жоспардың қалай шыққандығын байқатып, оны құрастырудағы
оқушылардың жұмыстары талданады. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс:
Сұрақтар:
-Өлеңде мерекелік қуаныш, сағыныш, құрмет сезімдері қай шумақтардан байқалады?
Оқушылар өлеңге қайта қарап, талдауға дайындалады.
-Алғашқы қоңырау мерекесі тіркесіне синоним сөз тап.
— Қоңыраудың мектепке қалай келгендігі туралы не білесің?
Өз ойыңды айтып көр (болжау).
—Қоңырау тағы қандай жағдайда қолданылады?
— Қоңырау даусы тілінің қозғалуынан шыға ма әлде қоңыраудьң өзінің қозғалуынан шыға ма? (Ойлануға).
Қосымша мәлімет.
Қоңырау — металдан жасалған, дыбыс шығаратын аспап. Ол көбінесе қоладан құйылатын болған. Қоңыраудың ішінде тілі бар. Қоңырау қозғалган кезде дыбыс шығарады. Ресей жерінде қоңырау құятын көптеген зауыттар бар. Ерте заманнан осы күнге дейін шіркеуге шақыру үшін қоңырау даусы пайдаланылып келеді.
Көне Қытайда қоңырау құю дәстүрі болған. Ал жапон, кәріс шеберлері бұл өнерді қытайлардан үйренген. Қытайлықтар қоңырау соғу арқылы күннің шығуы мен батуын білдірген және оқыс оқиғаларга белгі беретін болған.
— Алғашқы қоңырау мерекесі мен алтын күз мерекесінің қандай байланысы бар?
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Бугінгі мерекелік сәтті қысқаша сипаттап, тақтада өздері жазған тіркестерді пайдаланып, өлеңмен байланыстыра отырып эссе жазу
Үйге тапсырма Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау күлегеш балақайларын кері байланыс парқшаларына жабыстыру Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Н.Әлімқұлов «Қоңырау» өлеңі Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Берметова Айнұр Нақайқызы

Жамбыл облысы,Байзақ ауданы Ленин орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar