Наурыз – ұлыстың ұлы күні

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1296
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 31/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18303


Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
«№47 жалпы орта білім беретін мектеп»
Бастауыш сынып мұғалімі
Муканбаева Лаура Жаксылыковна

3 «А» сыныпта өткен ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы:Наурыз – ұлыстың ұлы күні
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын ұлықтау, өз дәрежесінде қарсы алу,ұлттық дәстүрді жаңғырту, ұлттық ойындар , ұлттық тағамдар, тойда берілетін бата-тілектердің мән мағынасын ашу, балаларды өз ұлтының патриоты болуға, ұлттық дәстурді құрмет тұту, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Көрнектілігі: нақыл сөздер, көрме, тірек –сызбалар, ұлттық тағамдар,наурыз мерекесіне арналған түрлі құттықтау сөздер,көркем суреттер,шарлар,көрме.
Әдісі: Сұрақ жауап,әнгімелеу,талқылау әдісі.
Сабақтың түрі : Той сабақ
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дайындау, дастархан мәзірі, қонақтарды қарсы алу.
2.Тойдың ашылу салтанаты (Шашу шашу)
Наурыз тойы туралы кіріспе сөз, құттықтау
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктем айымен қатар даламызға жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.
Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ халқының жаңа жылы. Бұл кез-күн мен түн теңелетін уақыт.Наурыз мерекесі күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтқан.
Сіздерге сынып оқушыларының әзірлеген мерекелік тақпақтарын тарту етеміз.
Уа, жараңдар,жараңдар!
Бәрің бері қараңдар
Наурыз – думан басталды,
Бері жақын тұрыңдар.
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
3.Наурыз тойына арналған өлең,тақпақ,тілектер

4.Ұлттық ойындар кезеңі

5. «Ақ дастархан – Ақ бата» кезеңі
6.Тойдың қорытындысы
Тойдың жүру барысы
Жүргізушілердің кезеңмен жүргізу барысы
Жүргізуші: - Шілік біткен бүрленіп, Дала әсем түрге еніп,
Масайрады бар әлем Құтты жаңа жыл келіп.
Басы барлық ырыстың, Басы барлық ұлы істің.
Құтты болсын,Наурыз той- Ұлы күні ұлыстың!
Жүргізуші: - Ұлы күнде ,халайық, Қалай қарап қалайық,
Сәйгүліктей ағайық, Жасын болып жанайық.
Жүргізуші : - Ұлыс оң болсын, Бестік баға мол болсын!
Жүргізуші : Қайда барсаң, жол болсын, Денсаулықтарың зор болсын!

Жүргізуші : Өлкемізге шуақты көктем келді.Ол жай келмеді,құстарын ерте келді,шуағын себе келді.
Жүргізуші: - Өлкемізге Наурыз келді. Ол жай келмеді,жаңа күнді,жаңа жылды өзімен бірге ала келді.
Жүргізуші :- Жаңа күн ,Жаңа жыл келді,құтты болсын ағайын!
Жүргізуші : - Жаңа жыл, Наурыз күні, Наурыз тойы құтты болсын! Елімізге тыныштық,бейбітшілік, береке,бірлік,бақыт пен байлық бірге енсін.
Жүргізуші: Жаңа жылда жаңа табыстарға жетейік,қазанымыз аққа толсын, қорамыз малға толсын,отбастарыңыз аман болсын. Наурыз тойына шашу құт болып шашылсын!
Наурыздың той шашуы шашылады.
«Бесікке салу»ырымын ата-аналар көрсетеді.





Жүргізуші: - Ал ,балғын бүлдіршіндер тойға құр келмеген шығарсыздар. Ақ тілекті ағыта берейік,кезек өздеріңде:
2.Оқушылардың наурызға арнау өлең,ән –жырлары айтылады.
Уа,құдайым,оңдатып,Қызыр бабам қолдатып,Келіп жеткен сағынта
Жаңа жылда жарылқа. Жаңа жігер –қуатпен Арта түссін бар ынта!
2.Ойға толып санамыз. Бестік болсын бағамыз.Баласындай бір үйдің Тату болсын арамыз!
3.Мықты болып деніміз,Күйге толсын төріміз.Ашық болсын көгіміз,Сатылмасын жеріміз. Шалқып айдын көліміз,Асып-тассын кеніміз,Егіз туып төліміз,Дәнге толып беліміз,Ен байлыққа кенелсін Ұлы алаш еліміз!
4.Желеп-жебеп піріміз,Таза болсын діліміз.Жауқазындай жалындап,Өркендесін тіліміз! Шаттығымыз-жырымыз:Жаңа Наурыз жылымыз, Ақ тілеумен осындай Бақ боп үйге кіріңіз!
5.Ұлы тойда , әдемі Әннен шашу шашайық. Ал,балалар,кәделі Наурыз жырға басайық!
6.Жаңғырып бар тіршілік,Түрленді де дала,қыр.Дүниені жыршы ғып. Келді өлкеме Жаңа жыл!
7.Екеу болып бір малы,Апамдар жүр мәз болып. Күйге толды қыр маңы,Өзен-көлге қаз қонып.
8.Асыр салып шуақта Қозы-лақтар ойнайды.Сылдыр қағып бұлақ та Наурыз тойын тойлайық!
9.Сүйіншілеп шабайын,Қанат қақсын бала жыр. Құтты болсын,ағайын,Ұлыс күні –Жаңа жыл!
10.Есебімен дананың Күн мен түнді теңеген.Наурызымыз – жаңа күн,Парсы сөзі көнеден.
11.Жаңа күн ол – жыл басы,Жиырма екісі наурыздың.Наурыз айда – төл басы,Бүршік атар бау біздің.
12.Біліп айдың амалын, Түйдік оның бағамын.Кім айтады,қанеки,Наурыздың бас тағамын ?
13.Арпа,бидай бастаған, Жеті дәмнен аспаған. Наурыз көже –көп көже,Бұл тойдағы бас тағам.
14.Ырыс басы саналар,Ырым болып көнеде.Кім біледі ,балалар, Наурызша ол немене?
Жауап : Көктем,наурыз айында жіңішке жауатын қырбық қар.Оны үлкендер нұр жауды деп санаған.
4.Баланың шашын алу, қырық қасық суға түсіру ырымын ата-аналар көрсетеді.



5.Ұлттық ойындар кезеңі
Жүргізуші: - Тойымыз енді қызып жатқандай,той –тойға ұлассын!
Жүргізуші: - Тойдың сәні ән,би,ойын емес пе? Ұлттық ойындарымызды ойнап,бір жасап қалайық. Мына біздің жігіттеріміз сақаларын сайлап,сәйгүліктей дайын екен.Асық атып,мергендікті байқайық.Кәне,жігіттер, ортаға шығыңдар.
«Асық ату» , « Арқан тартыс» , « Орамал тастамақ»
Шарты : Ойында жеңілген айып төлейді,өлең айтады,тапсырма орындайды, дайындаған әндерін айтады, билерін билейді.
2.Ата – аналар үшін ұлттық –танымдық ойын.
1.Наурыз сөзін тарқатып айт. 2.Наурызша деген не? 3.Наурызкөк деген не? 4.Наурыз тілек деген не? 5. Наурызнама деген не? 6.Наурыз көже деген не? 7.Наурыз төл деген не? 8.Наурыз есім деген не? 9.Наурызшешек деген не?10. Ет тағамдарын ата. 11. Сүт тағамдарын ата. 12. Ұлттық ыдыстарды ата. 13.Тігіс түрлерін ата. 14.Қазақ киімдерінің түрлерін ата. 15.Әйел киімдерін ата. 16.Бесікке ырымдап тағылатын заттарды ата. 17.Музыка аспаптарын ата . 18.Шаруашылық және тұрмыс құралдарын
6. «Тұсау кесу» салтын көрсетуде ата-аналар қатысуымен.




« Ақ дастархан – Ақ бата кезеңі»



Жүргізуші: - Үміт күтіп көктемнен, Ортаға сап шарттарын. Күн шуақта өткеннен Сыр ағытар қарттарым.
Жүргізуші : - Жыл қайырып көнеше, Есептесіп жастарын. Ақыл қосып, кеңесе, Шұлғысады бастарын.
Жүргізуші: - Әйелдер жүр септесе, Қазан-ошақ қамымен . Танау жарып көп көже, Шымырлайды бабымен.
Жүргізуші : - Думанды ду айнала, Келбет – көркі келіскен. Асыр салып бар бала, Алтыбақан тебіскен.
Жүргізуші: - Шырқалады шарықтап «Жылқы ішінде ала жүр... » Тойланады халықта Міне,осылай Жаңа жыл!
Жүргізуші : - Құрметті тойға келген қонақтар, Сіздерді Наурыз тойының « Ақ дастарханы» күтіп тұр.
Жүргізуші: - Наурыз көжеден дәм татыңыздар. « Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер» «Ақ дастарханға –Ақ бата» алайық.
4-5 оқушы бата – тілек береді.
Наурыз көже тарату кезеңі
1 Ата-ана наурыз көжеге шақырып, наурыз көже туралы түсіндіріп,кеседегі көжені тауысып ішу керектігін айтады. Бұл ырым- жыл бойы тоқ болып жүретіндігі,үйде береке болатындығынан хабардар етеді.
6. Наурыз тойдың қорытындысы
Жүргізуші : - Сіз боп, біз боп жалпымен, Қадірімен, парқымен Наурыз тойын өткердік Ата дәстүр – салтымен.
Жүргізуші : - Жалғасумен жылға жыл, Шабыт берсін жырға жыр. Өнер сүйер өрендер,Рахмет мың да бір !
Жүргізуші: - Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын сәніңе. Ырысты боп Жаңа жыл, Бақ дарысын Бәріңе !
Жүргізуші : - Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа, Аман- есен жетейік Келер Наурыз тойына !
Бата-тілек
«Ұлыс бақты болсын!Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге енсін! »
Саумалық айту
Саумалық ,саумалық,Қан тауының көк құсы Ұйқыдан көзін ашты ма?Саумалық,саумалық,Самарқанның көк тасы Жібіді ме,көрдің бе ?
Ауыл аналары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті шөмішке құйып қойып:
Саумалық,саумалық, Жаңа келген жақсылықты Көрдік пе,көрмедік пе? Саумалық,саумалық,Ескі жыл шығып,жаңа жыл кірді. Саумалық,саумалық,Сүті көп,көмірі аз. Жаңа жыл,жарылқа,Ескі жыл,есірке,-деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, « қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.
Наурызда ұлттық тағамдар пісірген.
Ірімшік,тасқорық,уызқағанақ,құрғақ сүт,балқаймақ,құрт,жент,қаймақ,құрт көже,айран,май,сүзбе,шұбат,қазы –карта,жал-жая,шұжық,қуырдақ,т.б.
Ұлттық ойындар :
«Көкпар», « Аударыспақ» , « Қыз қуу», « Алтыбақан», « Ақсүйек», « Тең көтеру», « Арқан тартыс»,т.б.
Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып,өріскен,
Шалдар бата беріскен: Сақтай көр деп терістен,
Кел таза Бақ кел десіп, Ием, тілек бер десіп.
Көш Қайрақан көш десіп, Көз көрмеске өш десіп.

Наурыз парсы тілінде «Жаңа кун » дегеді білдіреді.Бұл күн даланы Қыдыр баба аралайды екен. Сондықтан сол түнді.Қыдыр түні деп атаған.Бұл күні бардық ыдыс атауланы толтырып қояды.Өйткені ырыс мол болсын деген тілек болған екен.

Малдар төлдеп,қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдық сипаты,
Басталыпты Наурыздан.
Ақ қар кетіп,қой қоздап,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның ұлы кенелген
Күн мейрамы ежелден.

Наурыз қайтып аралады аты да ауыз,
Сұрамаймыз ақы да,алпыс та біз
Үй дастархан даламыз,сахнамыз
Ұлы мейрам – Наурыз шақырамыз.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға – сол алда,дегендей жарыс түрінде өткізілетін сынып сағатымызда озық ойлы топты анақтаймыз
бүгінгі сабақта « » « және » топтары қатысады.Әр топтың өзінің топ басшысы болады.

Әр топ өз тобын таныстырады.
« Ханталапай » Сұрақ-жауап
(Қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтар)
3.Ою ою ( қыздар )
4.Арқан өру (Ер балалар )
5.Өнер көрсету
6.Қол күрестіру

Қазағымның салт-дәстүрін құрметтеп,
Оқушылар жауап берсін сұраққа
Бабалардың салған жолын дәріптеп,
Әр қашанда жүрейікші құрметтеп.
Қандай бата білесің?

« Асар » дегеніміз не?
Жылқының сүті қалай аталады? (қымыз)
Төрт түліктің түрлері қалай аталады?
(Шопаната,Қамбар ата , ойсылқара,Зеңгібаба)

Жылқының жасына қалай аталауы.
(Құлын, жабағы,тай,бесті, дөнекі құлын )
Қандай тыйым сөзді білесің?
(Ақты төкпе,Малды теппе, Нанды теріс қаратып қойма )
Қандай ұлттың ойындарын білесің?
(Көкпар,теңне ілу,алтыбақан,асық,тоғыз құмалақ)
8. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
9.Жігіттің неше жұрты бар? Аттарын ата (Үш жұрты бар: Өз жұрты,нағашы жұрты,қайың жұрты )
10. Наурыз көже неше түрлі тағам қосылады? (7 немесе 9)
11 Екі ақының өнер сайысы? (айтыс)
12. Қырық өтірікті айтқан бала? (Тазша бала )
О, заманда ашқан қазақ өмір сырын,
Шақырған сайыстарға брін-бірі
Тыңдайық тамашалап көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.
« Өнерлі өрге жүзеді» демекші,
Өнер сайысына кезек береміз.
Қорытындылау Тәрбие.орг сайтынан Наурыз – ұлыстың ұлы күні Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Муканбаева Лаура Жаксылыковна

Пікірлер: 0

avatar