Наурызкөже Міржақып Дулатов

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 314
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 10/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23166


3 сынып Күні :13.03.17. Пән:Әдебиеттік оқу Мұғалімі: Джумабаева Маржан
Садыковна
Сабақтың тақырыбы Наурызкөже Міржақып Дулатов
Жалпы мақсаты Оқушыларға «Наурыз», «Наурыз көже» туралы толығырақ ұғым беру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, танымдық қтабілеттерін дамыту. Ұжымдыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Наурыз тойының тойлану дәстүрін талдап, өмірмен байланыстырады.
Халықтық мереке тұрғысынан адамзатқа берер пайдасы мен тойлану себебін талдап, саралайды.Наурыз көже туралы алғашқы түсінік қалыптасады.
Наурыз көже деп аталатын атаудың мәнін түсінеді;
Сабақ түрі,әдіс-тәсілдер Топтық жұмыс,жеке жұмыс.Топтастыру, ойландыру, іздену, салыстыру.
Тапсырмалар Тұжырымдама шығару, мысалдар келтіру, өмірмен байланыстыру
Керекті жабдықтар Ресурстар, суреттер, стикерлер, смайликтер,
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Басы
2 мин
Психологиялық дайындық
Басы барлық ырыстың,
Басы барлық ұлы істің.
Құтты болсын Наурыз,
Ұлы күні ұлыстың !
Көктем гүлдермен топқа бөліну Балалар 4 топқа бөлінді.
«Наурызгүл»
«Бәйшешек»
«Жауқазын»
«Қызғалдақ»
5 мин

1.Үй тапсырмасын тексеру.
«Наурыз туралы хикая» мәтінін мазмұндау.
«Кубизм» стратегиясы
-Наурыз мейрамы қашан тойланады?
-Наурыз сөзі қандай мағынаны білдіреді?
-Наурыз мейрамы неліктен 22- наурызда аталып өтеді?
-Наурыз мерекесінде қандай тілектер айылады?
-Наурызды халық қалай атаған? Ұлыс
-Қазақ халқы наурыз мерекесін қалай өткізеді?
-Наурыз айында туған балаға қазақтар қандай ат қойған? Наурызбай, Наурызгүл
-Наурыз түні әр үйге келіп бақыт,жақсылық тілеуші адам? Қыдыр ата

Куб қырын таңдай отырып, сұраққа жауап береді

Смайликпен бағалау
Ортасы 20 мин
І.Қызығушылықты ояту
3 мин

2 мин

2мин

ІІІ.Мағынаны тану
3 мин

Қосымша ақпарат



5 мин

Сергіту сәті

2 мин

3 мин

Аяқталуы
Сабақта бекіту
10 мин
3 мин Жаңа сабақ
«Нақты сұрақ, дәл жауап» әдісі.
-Наурыз мерекесінде әр үйде пісірілетін ас қалай аталады?
-Наурыз көже азықтың неше түрінен жасалады? 7
-Наурыз көжеге қандай азық-түліктер қосылған?
/бидай, тары, құрт, ет, сүт, күріш, май
«Көзбен көрген айғақтар» стратегиясы
Наурыз көженің жасалу жолын көрсету
Сөздікпен жұмыс:
Жеті түрлі тағам – семь ингредиентов
Жүгері – кукуруза
Тары – пшено
Бидай - пшеница
Қамыр – тесто

«Ең зерек»-жеке жұмыс
Міржақып Дулатов.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы).
Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен.
Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады.
Наурызкөже туралы мұғалім қысқаша түсінік беру
Наурыз көже – ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т. б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
Бұл күні ағаларымыз бұлақтың көзін ашқан.
Бұл күні қариялар ағаш еккен.
Бұл күні араздасқан жандар татуласып, ерлер қос қолдасып амандасса әйелдер құшақтасып, бір - біріне игі тілектер айтқан.
Бұл күні асылған көжеден тойып ішкен, себебі келер жылы тоқшылық болсын деп ырымдаған екен.
«Оқылым» әдісі
Мағынаны тану
1. Оқушылар өздері іштей оқып шығады
Тізбектеп оқу, бөлімге бөліп. Әр бөлімді түсіндіру
Діни мейрамдар: Мәулет күні, ораза, айт, құрбан айт
Ұлттық мейрам: Наурыз
Мемлекеттік мейрам: Тәуелсіздік күні, Президентіміздің тұңғыш күні, 9 мамыр, 1 мамыр.
«Алтын сандық» әдісі арқыл Сұрақтарға жауап беруНаурызкөже дегеніміз не?
- Әжелеріміздің қысқы соғымның етін арнайы сақтап, қазанға жеті түрлі дәммен қосып салып пісірілетін дәмді ас
Наурызкөже дегенде естеріңе не келеді?
- Әр үйде қазан толы көже асылып, кең дастархан жайылып, елдің мәре - сәре болып Наурыз мейрамын қарсы алуы.
1 топ: «Жазу» әдісі
Қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңдар
1. Наурызда күн мен түн теңеледі.
2. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болады.
3. Өзеңдерде сең жүре бастайды.
4. Наурыз айында күн көбінесе бұлтты болады.
5. Көктемде жер жібиді күндіз, кешке қатады.
6.Әр үйде наурыз көже пісіріледі.
7.Наурызда адамдар бір – біріне бақыт тілейді.
Қажетті сөздер: жібиді, сең, бұлтты, түн, бүршіктер, қатады, пісіріледі, бақыт тілейді.
2 топ: «Топтастыру» стратегиясы.
«Наурыз көже» сөзін оған салынатын тағамдарды еске түсіру арқылы топтастыру.
3 топ: «Синквейн» әдісі
1.Зат есім
2.2 сын есім
3. 3 етістік
4.Сөйлем
5.Синоним
1. Кім? Не? Наурыз көже
2. Қандай? дәмді
3. Не істеді? пісірді
4. Сөйлем Наурыз көже қасиетті тағам
5. Мағыналы сөз Ұлыс күні
4 топ: «Сәйкестендіру» стратегиясы
Сөздерді сәйкестендір.
Наурыз теңеледі
Қар зат қосып әзірлейді
Күн мен түн мереке
Наурыз көже ериді
Жеті түрлі тағам
Кесте толтыру
Наурыз туралы не білем? Мәтіндегі наурыз жайлы Сәйкестік


Сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпқа қатысты
жаңа сөздермен таныстырады,
аудармасын айтады,оқиды,
дұрыс айтуға жаттығады.

Автормен таныстыру

Өздері оқып танысады.
Топпен талқылау.
Оқығандарын мазмұндап, өзгелерді таныстырады

Топтық жұмыс жүреді.
Оқушылар берген жауаптарына қарай гүлдерін алып отырады.
Үйге тапсырма
3мин

Рефлексия
4 мин Кестемен жұмыс:
Білемін Үйренгенім Үйренгім келеді

Мәтінді оқу, мазмұндауға әзірлену.
Шығармашылық жұмыс:
Наурыз тақырыбына өлең және сурет салу
Бағалау.
Әр топ басшысы бағалау парақшасын тапсырады.
Жұмыс түрі
1.Үй тапсырмасына жауап беруі.
2. Жаңа сабаққа атсалысуы
3.Топта жұмыс жасауы.
4.Қосымша сұрақтарға жауап беруі.
5.Сабақты қорытындылай білуі.
Рефлексия стикерлерге әр топ сабақта ұнаған жағын.
Критеий арқылы бағалау,кері байланыс.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын білдіреді.
Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылыр не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары дұрыс болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау Қандай екі нәрсе табысты болды
/ оқуда және оқытуда/
1.

2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды /оқуда, оқытуда/
1.

2. Тәрбие.орг сайтынан Наурызкөже Міржақып Дулатов Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джумабаева Маржан Садыковна

Панфилов ауданы Жаркент қаласы " Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar