Не деу керек? Буын.

  • Жүктеулер: 124
  • Көрсетілім: 366
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 28/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20255


Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылы
№32 жалпы білім беретін иектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сейдахметова Эльмира Суйтбекқызы
Пәні:Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Не деу керек? Буын.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өлеңді саналы түсініп оқуын меңгерту, шапшаң оқуға төселдіру; Буын жайлы білімдерін кеңейту. Сыпайы сөздерді үйрету, үлкендермен сәлемдесу түрлерін үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, таным белсенділігін арттыру, сауатты көркем жазуын қалыптастыра түсу, әдеп әліппесін бойына дарыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілік, имандылық тәрбиесін беру, әдептілікке, сыпайылыққа, ізеттілікке үйрету, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, сөздік – көрнекілік,
Түрі: саяхат сабақ.
Көрнекілік: кесте, суреттер, сыпайы сөздер, үлестірмелі қима қағаздар, слайд.
«Жолың болсын жолаушы» әні
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
1 бөлім.Қызығушылықты ояту.
-Балалар біз бүгін «Сыпайылар» әлеміне саяхатқа шығамыз. Мұнда біз әр елден сыпайы сөздер үйреніп сандығымызға жинақтай береміз. Бұл елдің елдің тұрғындары бір-біріне тек «сіз» деп қана сөйлейді екен. Бәрі бір-бірін сыйлап, сыпайы сөйлейді.

-Кәне, саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Жолда кездесетін түрлі тапсырмаларды орындауға әзірсіңдер ме?

-Ең алдымен біздер сыпайы сөздер туралы не білеміз, тағы не үйренгіміз келеді, сол жөнінде алдарыңыздағы мына кестені топпен толтырып алайық.
Білемін Үйренгім келеді? Үйрендім
Рахмет, сәлеметсіз бе?, Сау болыңыз! Кешіріңіз,Сыпайы сөздерді қолданған оқушы әдепті, кішіпейіл бала.
Сыпайы сөздерді тағы үйренгіміз келеді ме?
Осы сұрақтың жауабын сабақ барысында білетін боламыз, үйренген сыпайы сөздерді сандыққа жинай береміз.
-Сыпайылық дегеніміз сәлем беруден басталады. Ең бірінші баратын еліміз «Сәлем бере білейік» деп аталады. Ол елге бару үшін көлік таңдап алайық.(Автобус)
-Автобустың тапсырмасы бар екен, сол тапсырманы орындасақ автобус орнынан қозғалып, біздерді «Сәлем бере білейік» еліне апарады.
Автобустың тапсырмасы үйге берілген тапсырма «Көрші атам» өлеңін мәнерлеп оқу.
-Өлеңде не туралы айтылады?-Жұп дауыстыларды кім атайды? Мысалы
-Міне енді біздер «Сәлем бере білейік» еліне де жеттік. Бұл елдің тұрғындары сіздермен ойын ойнағысы келіп тұр.
-Ойын ойнайсыңдар ма ?

Ойын аты «Сәлем бере білеміз бе?» деп аталады.
Суреттерді көрсету,сурет кейіпкерлерімен қалай амандасу. Сәлемдесу түрлерін анықтау.
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлем бердік?
-Аман – есенсіз?
-Армысыз! Қош келіпсіз!
-Ассалаумағалейкум!-Сәлем
- Өзімізге қошемет білдіріп қояйық.Бұл елдің тұрғындары жаңа сыпайы сөздермен таныстырады.
Үйренген жаңа сыпайы сөздерді сандыққа салайық.

3 бөлім.Мағынаны тану.
-«Сыпайылар» әлемінің келесі елі «Рахмет». Бұл елге бару үшін алдымен көлік таңдайық.Бұл елге пойызбен барамыз. Пойыздың тапсырмасын орындасақ пойыз орнынан қозғалып, біздерді «Рахмет» еліне апарады.

-Пойыз тапсырмасы: Суреттегі сөздердің бірінші әріптері бойынша сөз құрастыру. БУЫН.

-Балалар біздер әліппе кезеңінен сөздерді буынға бөліп білеміз.
-Буын қай әріпке байланысты құрылады? Буын туралы ережені кім айтады?
Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Буын
Ашық Тұйық Бітеу
Қа-ла ас-пан бас-тық
-«Рахмет» елінің тұрғындары сіздерге тапсырма дайындап қойыпты, ол оқулықтағы 58- жаттығу,сол тапсырманы орындасақ, сыпайы сөздермен сандығымызды толтырамыз.
-Орындауға әзірсіңдер ме?

58-жаттығу. Сөздерді буынға бөлу.
А-па, ә-же, а-та, кө-ке, ше-ше, на-ға-шы, жи-ен.
-Бұл нені білдіретін сөздер?
- Әр буында қанша дауысты дыбыс бар?
- Буын қандай дыбысқа байланысты бөлініп тұр?
-Осы сөздерді бір сөзбен не деп айтуға болады? Туыстық атаулар.
«Рахмет» елінің тұрғындарының тапсырмасын жақсы орындап шықтыңдар.Өзімізге қошемет білдіріп қояйық. Енді жаңа сыпайы сөздемен танысайық. Алғысым шексіз, ризамын.

-Енді Сыпайы сөздер әлемінің келесі елі «Кешіріңіз» деп аталады.
-Бұл елге бару үшін көлік, таңдайық.
-Кешіріңіз еліне ұшақпен барамыз.

- Ұшақпен бірге ұшып сергіп алайық.
-Міне балалар, «Кешіріңіз» еліне де жеттік.
-Кешіріңіз елінің тұрғындарының сіздерге тапсырмасы бар екен? Кәне, сол тапсырманы орындауға әзірміз бе?

Семантикалық картаны толтыру.
сөздер ана күн ұя түн ою аю аяқ
1 -буын + + +
2-буын + + + +
-Оқушыларға оқыту.
Енді жаңа сыпайы сөздемен сандығымызды толықтырайық.
-Кешіріңіз. Ғафу етіңіз! Айып етпеңіз.
-«Сыпайылар» әлемінің келесі еліміз «Рұқсат па?» деп аталады.
-Бұл елге бару үшін, алдымен көлік таңдайық.Кеме.
-Кеменің тапсырмасы бар екен, соны орындаса
кеме орнынан қозғалып біздерді «Рұқсат па?» еліне апарады.
Кеменің тапсырмасы:Суретпен жұмыс.
Кішіпейілдік – кісілік белгісі.
Суретке қарап әңгіме құрастырайық.Өзімізге қошемет білдіріп қояйық.
«Рұқсат па?» елінің тұрғындарының тапсырмасы:
Оқулықпен жұмыс.Не деу керек?
Алдымен автор туралы мәлімет беріп жіберейін.Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Балалар ақыны. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
-тізбектеп оқу.
-Өлең мазмұнына байланысты көрініс көрсету.
-Оқушылардың орындауында көрініс. Жаңа сыпай сөзбен сандығымызды толықтырайық.
ІІІ.Ой толғаныс.
-Енді келесі елі «Жарайды» деп аталады. «Жарайды» елінің тұрғындарының тапсырмасы бар екен? Кестенің үшінші бөлігін толтыру.
-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?
Білемін Үйренгім келеді? Үйрендім
Рахмет, сәлеметсіз бе?, Сау болыңыз! Кешіріңіз,Сыпай сөздерді қолданған оқушы әдепті, кішіпейіл бала.
Сыпайы сөздерді тағы үйренгіміз келеді? Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Қайырлы кеш!
Алғысым шексіз, ризамын.
Кешіріңіз.
Ғафу етіңіз!
Айып етпеңіз.
Ашық буын
Бітеу буын
Тұйық буын

-Балалар, бүгін біз « Сыпайылар әлеміне» саяхат жасадық. Сыпайылық дегеніміз сәлем беруден басталады. Одан кейін кішіпейіл болу керек. Сиқырлы сөздерді әрқашанда өмірде қолданып, жақсы ниетке рахмет айтып, тиісті жерінде кешірім сұрап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп әдепті, кішіпейіл балалар болуымыз керек.
V. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Тәрбие.орг сайтынан Не деу керек? Буын. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейдахметова Эльмира Суйтбекқызы

Алматы облысы, Талғар ауданы, №32 жалпы білім беретін орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar