Негізгі және туынды зат есім

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 945
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 18/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18690


Павлодар облысы, Ертіс ауданы,
Панфилов жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Нуриденова Ырысты Борисовна.
Қазақ тілі. 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен таныстыру. Негізгі және туынды зат есімді таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қима қағаздар, «Сөз таптары» картасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық: «Ұялы телефон» (оқушылар өздеріне ұнаған ұялы телефонды тандайды, СМС хабарламалар түрінде тілектерін жазып бір-бірлеріне сыйлайды ).
Үй жұмысын тексеру.
ІІ.Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Негізгі және туынды зат есімді таныту.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
1.Карточкамен жұмыс: Балаларға сөздер жазылған карточка таратылады.Әр сөзді сөз құрамына талдау. Сөздерді салыстырып оқы, айырмашылығын байқаңдар.
Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.

2.20-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Туынды зат есімдерді теріп жаз, олардың түбірін тап.
«Бармағынан бал тамған» дегенді қалай түсінесің?
3.«Қатені ұста» тапсырмасы. Әр оқушыға мәтіндер беріледі сол мәтіннен оқушылар қателерді тауып, дұрыстау керек.
Сергіту сәті.
4.22-жаттығу.
Негізгі зат есімдерге –шы,-ші жұрнақтарын жалғап, туынды зат есі жаса.
Негізгі зат есімдерді бірінші бағанға, туынды зат есімдерді екінші бағанға жаз. Әрбір бағандағы сөздерге сұрақ қой, олардың мағыналық айырмашылығын түсіндір.
5. «Тақырыптық теннис» тапсырмасы. Екі оқушы қарама қарсы отырады, допты бір- бірлеріне лақтыра отырып оқушының біреуі негізгі зат есімді айтса, екіншісі туынды зат есімді айту керек.Солай бірнеше негізгі, туынды зат есімдер айтылады.Кезекпен орындауға болады.
6. «Құлпынай теру».
Достық, егінші, орын, малшы, шебер, сурет, сусын, үйшік, құлын, асхана, қап, сыйлық, жолшы, домбыра, іс, егін.
Тапсырма: Негізгі зат есімдерді бір бағанға, туынды зат есімдерді екінші бағанға жаз.
ІҮ.Сабақты қорыту: «Сұхбат» ойынымен қорыту.Біз не білдік? Талқылау.
Оқушылардан бағалау парақтарын жинап алып, бағалау.
Ү.Үйге тапсарма: Ереже жаттау.23-жаттығу. Тәрбие.орг сайтынан Негізгі және туынды зат есім Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нуриденова Ырысты Борисовна

Павлодар обл, Ертіс ауданы, Панфилов жалпы орта білім беру мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar