Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Негізгі және туынды зат есім
  • 06.02.2017
  • 53 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21533

Пәннің аты:Қазақ тілі Уақыты:9.02.2017 Кабинет:32 Мұғалім:Оспанғалиева Ә.Т.
Сабақтың атауы Негізгі және туынды зат есім
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Білімділік: зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын, айырмашылықтарын ұғындыру. Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысқтау, жетілдіру;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімдерін ояту;
Дамытушылық: танымдық қабілеттерін, сауаттылықтарын және көркем жазу дағдыларын дамыту;
Сабақтың типі: Білім, білідк, дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі: Проблемалық сбақ
Сабақтың технологиясы: ДОТ, ПОТ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау - жинақтау, проблемалық әдіс, ойын, ассосация
Психологиялық ахуал Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Тірек білімдерін жетілдіру
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атайды.: ыдыс, кілем, аяқ.
Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды: жұмыскер, ойыншық, күйші.
(Интерактивті тақтадан негізгі және туынды зат есімдерге мысалдар көрсету).
1. Оқулықпен жұмыс
1-топ . Ребусты шеш. Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей жаз. Оларға сұрақ қойып, мағынасын салыстыр.
Көз + ілдірік = көзілдірік
Балық + шы = балықшы
Ас + паз = аспаз
Дәрі + гер = дәрігер
2-топ
Өлеңді оқы
Іскерлер
Дәрігер бала емдейді,
Жолшы жолды жөндейді.
Ұстаз сабақ береді,
Бағбан жеміс егеді.
Ұста темір соғады,
Балташы ағаш жонады.
Диқан тыңды тіледі,
Ісмер кесте тігеді.
Кенші жерді қазады,
Ақын өлең жазады.
• Туынды зат есімдерді теріп жаз, сөз құрамына талда.
• Тағы қандай туынды зат есім болатын мамандық атауларын білесің?
Сергіту сәті Көрікті далама қарашы,
Тізілген орман, тау, қаласы,
Алтай мен Атырау арасы
Қазақтың кең байтақ даласы
Қазақтың кең байтақ даласы
Ой толғаныс «Ойлан, тап» ойыны
Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Сол суреттердің атын атап, жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасау керек. Туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
Суреттер: қой, етік, үй, бес, домбыра, мүсін, қобыз, қой, жылқы.
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Негізгі және туынды зат есім Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оспанғалиева Әйгерім Төленқызы

С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

·

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 53 | Жүктеулер: 18
Барлық пікірлер: 0
avatar