Әнет баба батасы

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 794
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 19/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20587


Сабақтың тақырыбы: Әнет баба батасы. Әнуар Мамашәріптегі
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұны бойынша сөз құдіреті жайлы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Бір –бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастырып, тақырып мазмұнын ашады, талқылайды.
2.Топтық іс- әрекет арқылы өз бетінше ізденіп, ойын еркін жеткізуге, проблема шешуге дағдыланады.
3. Шағын топтар құрамында бір- бірінің пікірімен санасады, бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді. Тақырып бойынша үлкенді сыйлауға, бірлікке үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
-Әнет баба жайлы мағлұмат алады;
- билердің өнегесі мен өресін үлгі тұтады;
- топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Оқыту технолоиясы: АКТ, сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілдері: топтастыру, ЖИГСО, «Мен саған, сен маған», «Ойлан, жұптас, талқыла», Автор орындығы.
Көрнекілігі: слайдтар, оқулық.
Құрал- жабдықтар: А1 форматты қағаз, маркер, стикер
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту:
«Жүректен шыққан жылы сөз» Бір- біріне үйден жасап келген жүрек суреті арқылы бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.
«Ассорти» ойыны арқылы топтарға бөліну. (2 мин)
Топтастыру: «Сөз» (4 мин)
Оқушылар сөз жайлы өз білетіндерін жазып шығады, әр топ жазғандарын оқиды, бір- бірін толықтырады.
Жоғары деңгейлі сұрақ қою: (2 мин)
-Сөзде қандай құдіретті күш бар?
2.Мағынаны тану:
Сөздік жұмыс: (интерактивті тақтада) (2 мин)
Төрткілдеу- төрт бұрыштылау.
Төбел- жылқы малының маңдайында болатын ақ дақ.
Қорамсақ- жебе салып жүруге арналған арнайы қалта.
Жебе- садақ оғы
Қозыжауырын- масағы болаттан жасалған, жалпақ басты садақ оғы.
Алаш- қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы.
ЖИГСО әдісі арқылы мәтінді оқып, талдату. (20 мин)
Мәтінді 4 бөлімге бөліп, әр топқа таратамын. Оқушылар өз жанұя мүшелерімен оқып, мазмұнын талдайды. Әр жанұя мүшесі мәтіннің тиісті бөлігін мұқият түсінгені маңызды, себебі олар басқа топта өз оқыған бөлімдерін түсіндіреді.Оқушылар 1,2,3,4- ке санап, бөлінеді. 1-лер бөлек, 2,3,4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды.Оқуға ұсынылған тақырып талқыланады.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.
Сергіту сәті: Аппақ болып таң атты,
Түтін тіке ұшады.
Қарлығаштар қанатын
Биік самғап ұшады.
Сәйкестендіру тесті : (2 мин)
Бірлік туралы мақал –мәтелдердің жалғасын сызба бойынша қосу:

«Мен саған, сен маған» (4 мин)
- Мәтінді оқығанда неге таңдандыңдар?
- Әнет баба Төле биге қандай бата берді?
- Тақтадағы қай жауап Төле бидің сөзіне ұқсайды?
- Әнет бабаның жұмбақтап айтайын деген ойы не еді?
- Мәтін мазмұнынан үлкенді сыйлау дәстүрі байқала ма? Дәлелде
«Ойлан, жұптас, талқыла» (3 мин)
-Қазіргі кезде даулы мәселелерді шешумен кімдер айналысады?

Ойтолғау. (3 мин)
- Әнет бабаның Төле биді қабылдауына, сөздеріне қарап, ол қандай адам деп ойлайсыңдар?
Шағын эссе жазу.
Жазған эсселерінен әр топтан бір оқушыға оқыту.

Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу.
Бағалау: Екі жұлдыз бір тілек . Өзара бағалау (2 мин)

Критерийлер:
1. Оқылған мәтіннің мазмұнын меңгеруі.
2. Сұрақтарға жауап табуы.
3. Топпен жұмыс барысындағы белсенділігі.

Кері байланыс.(1 мин)
-Бүгін не үйрендіңдер?
-Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар?
-Сабақта қандай қиындықтар болды? Тәрбие.орг сайтынан Әнет баба батасы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Толкимбекова Айман Керимбековна

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы,Б.Қашқынбаев орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar