Қоғам

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 694
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 31/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19149


Тақырыбы: Қоғам.
Мақсаты:
Өз сабақтарымда «Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, өз беттерімен жұмыс істеу, шешім қабылдау дағдыларын дамыту» деген өзекті тақырыбымды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді көрсету арқылы тәжірибе тарату.
Міндеттері:
1. Ұстаздар бір-бірімен жақын танысады, өздерінің таңдаған тәттілері арқылы еш наразылықсыз топқа бөлінеді;
2. Сыни тұрғыдан ойлана отырып, тақырыпты ашады, «6 неге?» әдісі арқылы өз ойларын дәлелді түрде жеткізеді;
Өзектілігі:
Жаңа әдіс-тәсілдер - оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта қызықты әдістерді орынды қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне тартуға көмектеседі.
Барысы: І.Қызығушылықты ояту.
«Таныстық шеңбері» тренингі.
Әр ұстаз өз есімдері басталатын әріптен бойларындағы жақсы қасиеттерін білдіріп есімдерін айтады.
Ұстаздар өздері таңдаған тәттілерін алып, оған жабысқан қағаздағы үй жануарларының дауысын шығару арқылы топтасады.
ІІ. Мағынаны ашу
«Кроссенс» әдісі.
Әр топ мүшесі суреттерге қарап, бір-бірімен қандай байланысы бар екенін ойланады да, топта талқылайды. Содан кейін әр топтан 1 адам шығып топтың ортақ пікірін білдіреді.
Барлық топ айтып болған соң, мұғалім бұл әдіс бойынша суреттер бір-бірімен сағат тілі арқылы байланысатынын және бұл суреттер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталатынын айтады.
ІІІ. Ой толғау.
«6 неге?» әдісі.
Тақырыпты талқылау барысында мұғалім оқушыларға қандай да бір сұрақ қояды. Әр сұрақ алдыңғы жауаптан туындап отырады.
. Рефлексия.
Чемодан, ет тартқыш және себеттің суреті беріледі. Әр адам өз таңдауы бойынша үшеуінің бірін белгілейді.
Чемодан – алынған ақпарат алдағы уақытта керек болады .
Ет тартқыш – ақпаратты өз қажетіме пайдаланамын.
Себет – қажет болмағандықтан бәрін себетке лақтырамын. Тәрбие.орг сайтынан Қоғам Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жубаниязова Миргуль Камановна

ШҚО Ұлан ауданы, Алмасай ауылы "Абай атындағы орта мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar