Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қой
  • 28.11.2016
  • 31 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20257

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (126.1Kb)

Пәннің аты: айналамен таныстыру Сынып: 2 Кабинет:8 Мұғалім:Бейсембиева Бибигуль Койшиевна
Сабақтың атауы Қой
Мақсаты Сабақ мақсаты: Төрт түлік түрлерімен таныстыру, қойдың пайдасы туралы әңгімелеу. Міндеті: Б. Білім беру мен білім алудағы ұлттық салт-дәстүрді, қой малының пайдасы жөнінде білімдерін кеңейту.
Д. Тіл байлықтарын, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Т. Ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеп, малды ұрмауға тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1. сабақ мақсаттарының орындалуы
2. Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3. Шығармашылық қабілеттері артады.
Көрнекіліктер: Фотоапарат, компьютер, интертақта,маркер,желім, А 3 бетшесі,
фламастер, асық арқылы топқа бөліну. Кетіргіш, қарындаш.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Қоржыннан асық алып, нөмірлі асықты таңдау арқылы ұяшықтағы жұмбақтардың жауабын шешу арқылы сабақты бекіту. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану «Саулық» Жан – жануарлар туралы ертегілерді айтыңдар?
1 –топ: «Қошқар» Қиял ғажайып туралы ертегілерді атаңдар?
2 –топ: «Қошақан» Шыншыл ертегілер таралы не білесіңдер?
3 – топ: «Қой» «Ұрлық түбі –қорлық» деген мақалдың ертегідегі оқиғаға қатысты екенін әңгімеле.
Ойлан, тап ойыны. Мақал – мәтелдің жалғасы табу.
1. Мал өсірсең ……..өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
2. Қойдың ……….қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын.
3- тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап береді.Қойдың қандай пайдасы бар?
Қойдың пірі қалай аталады?
Қойдың төлі қалай аталады?
4- тапсырма
Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану1- топ: «Саулық» қойдың сүтінен әзірленетін тағамдар.
2 –топ: «Қошқар» қойдың етінен әзірленетін тағамдар
3 –топ: «Қошақан» қойдың терісінен жасалатын заттар
4 – топ: «Қой» қойдың дүнінен жасалатын заттар.
1. Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
3 Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (Қой)
4. Тастан-тасқа секіреді,
Қалқиып қос құлағы,
Ойын болып көкірегі,
Аула оның тұрағы. (Лақ)
5. Туа сап жүріп кеткен
Енесін қуып кеткен. (Құлын)
6. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
7. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар
Екі шыбыртқысы бар. (Сиыр)
8. Екеу елеңдеп келеді,
Төртеу төбелесіп келеді. (Жылқы).
Сергіту сәті Тез қозғалып осылай
Жаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық.
/Б.Бөрiбаев/

Ой толғаныс Қойдың пайдасы
↓ -------------------- ↓ ------------------ ↓ -------------------- ↓
Еті --------------- Майы ------------ Жүні -------------- Терісі
↓ ------------------ ↓ ------------------ ↓ --------------------- ↓
Жұмсақ ------- Емдікке -------- Текемет киім ------- Былғары
Үйге тапсырма «Қой» жырды жаттау.
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Қой Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бейсембиева Бибигуль Койшиевна

Алматы қаласы №193 жалпы білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Көрсетілім: 31 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar