Ойнайық та, ойлайық!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 861
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 25/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22977


Тақырыбы: «Ойнайық та,ойлайық!»
Мақсаты: 1. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
2. Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін,қоғамдық саяси ой - өрісін дамыту.
3. Ойлау,сөйлеу қабілеттерін шыңдау,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сайыстың жүру барысы:
Сайыс кезеңдері:

1. Таныстыру
2. Бәрін білгім келеді
3. Тіл – өнер
4. Қызықты тұрақты тіркестер
5. Мықты болсаң,тауып көр.
6. Кім көп біледі?
Сайысқа қатысатын топ атаулары: «Ойшылдар», «Білімділер» , «Талаптылар»
Ұраны : «Ойлы болсаң,озып көр», «Білекті бірді жығар,Білімді мыңды жығар»,«Талаптыға нұр жауар»
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді саралап, өнерімізді ортаға салмақпыз.Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Олай болса, «Ойнайық та,ойлайық!» атты сайысымызды бастаймыз.
1 - кезең: Таныстыру
Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Ендеше, «Бәрін білгім келеді» жарысын бастайық. (2 кезең)
1. Алғашқы адамдар қай жерде пайда болған? (Дүниетану)
2. Алтын адам қай облыстан табылған? (Дүниетану) 3. Сағаттан кіші уақыт өлшем бірлігін ата. (Математика) 4. Магниттік қасиеті жоқ заттардың атауларын атаңыз (Жаратылыстану) 5. Ішекті музыкалық аспаптарды ата (Музыка)
2 топ
1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасаған?
2. Алтын адам кім болған?
3. 1 аптада неше күн бар?
4. Магниттік қасиеті бар денелерді ата 5. Қазақ халқының қандай музыкалық аспабын білесіз?
3 топ
1. Көне заманда адамдар жазуды қайда жазған?
2. Аңыз бойынша Алтын адамды қалай атаған?
3. 1 сағатта неше минут бар?
4. Үйде электр қуаты сөніп қалса, қандай жағдай болуы мүмкін? 5. Ұрмалы музыкалық аспаптарды ата (дауылпаз);
3 кезең: «Тіл – өнер» 1. Кестені берілген әріптерге сәйкес толтыр.
Әріп Адамның аты Заттың аты
Б
С
Т
О
Әріп Адамның аты Заттың аты
Д
Қ
М
Е

4 кезең: «Қызықты тұрақты тіркестер» Сөздің мағынасын түсіндіру,сызба бойынша сөйлем құрау.
1. «Түнімен кірпік қақпадым» ------- -------.
2. «Сүт пісірім уақыт» ------- ------- --------?
3. «Су жүрек» -------, ------- ------- ------!
5 кезең: « Мықты болсаң,тауып көр»
Суретші қандай аңдардың суретін салғысы келген? (аттарын жазу)
6 кезең: «Кім көп біледі?» (математика пәні бойынша)
1. 20 – 8 = 20 – 7 = 20 – 6 =
2. 12 + 3 = 13 +2 = 12 + 2 =
3. 20 тг = 20 тг = 20 тг =

Қорытынды
Жақсы қатысқандарды мадақтау. Жеңіске жеткен топты анықтау. Тәрбие.орг сайтынан Ойнайық та, ойлайық! Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айтимова Дина Орынбасаровна

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar