Ою-өрнек түрлері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 569
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20844


Бекітемін:__________ Оқу ісінің меңгерушісі: Ш. Өтегенова. Күні: 01.03. 2016ж. Бейнелеу өнері. 3б сынып

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлері. Сабақтың мақсаты: ою-өрнек туралы түсінік беру.
Білімділігі: қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылығы: ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ауызша әңгімелеу, тест, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, құрастыру, мақал айту, жұмбақ шешу.
Пәнаралық байланыс: технология, әдебиет, математика.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар: қолөнер бұйымдары, «Сергіту сәті»,ребус, плакаттар.
Сабақтың жүрісі. I.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Сәлемдесіп, оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.
2.Сурет құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.
3. Оқушыларды топқа бөлу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сурет альбомынан үй жұмысын қарап, бағалау.
2. Өткен тақырыптан негізгі ұғымдарды еске түсіру(тест әдісі ):
Қазақ халқының қолданбалы өнеріне не жатады? а) мүсін, ә ) ат әбзелдері, б)
Темірден түйін түйетін шеберді кім дейді? а )зергер ә)ұста б )ісмер
Зергерлік бұйымды ата. а )айбалта ә )алқа б )аяққап
Торсықты неден жасайды? а )темірден ә)ағаштан б)теріден
Ат әбзелін ата. а) тегене ә )үзеңгі б)қанжар
Ісмердің қолынан шыққан бұйым. а)айбалта ә) шапан б) сырға
Қобызды неден жасайды? а)қарағай ә)қайың б)қара тал
III. Негізгі бөлім. 1. «Ойлан, тап» ребус шешу. - Қандай сөз шықты? - «Ою-өрнек» деген сөз. - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы сөздерге байланысты. Ою-өрнек дегеніміз не? Ою дегеніміз-бұйымға түсірілген өрнекті ою, кесу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады.Ал, өрнек дегеніміз-ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа әдемілеп, әсемдеп жапсыру. Ою-өрнек қазақ даласына оқу-сызу болмай тұрып, дүниеге келді десе де болады. Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, ыдыстарға сурет ретінде салған,осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды. Ал, біздің халқымыздың тұрмыс тіршілігінде ою-өрнектің алар орны үлкен.Ол ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға, анадан-қызына дегендей, жалғасын тауып, дамып келе жатқан бірден-бір өнер. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді» деп айтқандай, қазақ халқының барлық бұйымдарынан ою-өрнектің небір түрлерін көруге болады( плакат ). Ғалымдардың пайымдауынша ою-өрнектердің, әзірше 230-дай түрі анықталған.
Қазірде ою-өрнек атаулары мағынасына қарай мынадай топтарға жіктелген:
Аспан әлеміне байланысты(«ай», «күн», «жұлдыз» , «шұғыла»); Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты(«қошқармүйіз», «сыңармүйіз»,т.б. ); Аңға , аңның денесіне, ізіне байланысты(«бөріқұлақ», «түлкібас» ); Өсімдікке байланысты(«гүл ою», «жапырақ», «ағаш», «жауқазын», «бұлдірген» ); Құстарға байланысты(«құс қанат», «құстұмсық», «қарғатұяқ» ); Құрт-құмырсқа, жәндікт. байланысты(«көбелек», «жұлдызқұрт» , «жыланбас» ) Тұрмыстық заттарға байланысты(«балта», «тарақ», «балдақ» ); Геометриялық пішінд. байланысты(«тұмарша», «төртгүл», «ромб», «ботагөз» ). 2.Оюды сызу, қию, жапсыру әдістері:

3.Сергіту сәті. Шырша биі (слайд)
IV. Өзіндік жұмыс . «Қошқармүйіз» оюын қиып, бояп жапсыру.
V. Топтық жұмыс.
1. «Тапқырлық» жұмбақ шешу.
2. «Кім шапшаң», «Кім тапқыр», қиықтарды құрастыру.
3. М ақал-мәтелдер жарысы.

VI. Қорытынды бөлім. 1. Өзіндік жұмысты қарап талдау, бағалау. 2 .Жаңа сабақты бекіту ( қоржындағы асықтарға жасырылған сұрақтарға жауап беру).
1. «Сынықмүйіз» деп неге аталған? 2. «Құсмойын» оюын көрсет.
3. «Ботагөз» оюын көрсет. 4. «Жыланбас» оюын көрсет.
5. «Түйетабан» оюын көрсет. 6. «Шұғыла» оюын көрсет.
7. «Балта» оюы қай түріне жатады? 8. «Қазмойын» өрнегін көрсет.
9. «Жұлдызқұрт» оюын көрсет. 10. «Төрткүл» оюын көрсет, қай түріне жатады?
11. Бұғымүйіз» оюын көрсет. 12. Ою-өрнек дегеніміз не?
VII. Сабақты бекіту.
Мен не білдім? Не үйрендім? Маған ұнағаны.
VIII. Үйге тапсырма.
«Сынықмүйіз» оюын бейнелеу.
IX. Бағалау.

Күні: 11.02.2015ж.
Пәні: бейнелеу өнері.
Сыныбы: 3сынып.
Тақырыбы: «Пуантилизм әлемі».
Мақсаты: Пуантилизм техникасымен жұмыс жасау кезінде әдіс-тәсілдерді меңгертіп, сурет салу қабілеттерін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, төзімділікке, шеберлікке баулу.
Түрі: топтық сайыс
Әдісі: сұрақ-жауап, сурет салу.
Көрнекілігі: пуантилизм техникасымен орындалған суреттер.
Қажетті құралдар: қағаз, гуашь бояуы, су, құлақ тазалайтын таяқша.
Жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Пуантилизм әлемі» атты сурет сайысын тамашалуға қош келдіңіздер!
Кіріспе сөз.
Сайысқа 3сынып оқушыларынан 4 топ қатынасады. Бүгінгі шараның жоспарымен таныс болыңыздар:
1. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру;
2. Сурет салу;
3. Әр топтың жұмысын қарап, қорытындылау.;
4. Марапаттау.
II. Ой қозғау.
Жүргізуші:
Суреттердің артында жасырылған сұрақтарға жауап беру.
-бейнелеу өнерінің жанрларын ата;
-адамды бейнелейтін жанр қалай аталады?
-матрица деген не?
-акварель мен гуашь бояуының айырмашылығы неде?
-табиғатты бейнелейтін жанр қалай аталады?
-тұңғыш қазақ суретшісі кім?
-жансыз заттарды бейнелейтін жанр қалай аталады?
-бояумен орындалған көркем шығарма қалай аталады?
-жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады?
-пуантилизм деген не?
III. Негізгі бөлім.
Жүргізуші:
Пуантилизм әдісімен таңдаған тақырыпқа сурет салуды бастаймыз:
-бояу дайындау;
-қағазға суреттің сұлбасын түсіру;
-таяқшалармен бояу;
-суретті аяқтау.
IV. Қорытынды бөлім.
1. Жұмыстарды қарап, орын беру.
2. Марапаттау.

Күні:13. 02.2015ж. Пәні: бейнелеу өнері. Сыныбы: 6сынып. Тақырыбы: «Қәне, кім шапшаң?» Мақсаты:оқушылардың сурет салудағы қабілеттерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттырып, жылдамдық, шеберлік қасиеттеріне баулу. Түрі: топтық сайыс .
Әдісі: нұсқаға қарап сурет салу.
Көрнекілікігі: суретші шығармаларының фото-суреттері.
Қажет құралдар: қағаз, акварель бояуы, су, қылқаламдар, т.б.
Жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Қане, кім шапшаң?» атты сурет сайысына қош келдіңіздер!
Кіріспе сөз: сайысқа 6сынып оқушыларынан 3 топ қатынасады. Әр топта 3оқушы болады. Шараның жоспары: Сұрақтарға жауап беру. 1. Берілген тақырып бойынша уақытқа сурет салу. 2. Әр топтың суреттерін қарап, қорытындылау. 3.Марапаттау.
II. Ойтүрткі.
Жүргізуші:
1. Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңдар.
2. Бейнелеу өнерінің жанрларын ата.
3. Кескіндемеде қандай түсті қолданбайды?
4. Мүсінді қандай материалдардан жасайды?
5. Графиканың қандай түрлері бар?
6. Гуашь пен акварельдің айырмашылығы бар ма?
7. Композиция дегеніміз не?
8. Мүсін туындыларының кескіндемеден айырмашылығы қандай?
9. Негізгі түс нешеу, оларды ата?
III. Негізгі бөлім.
Жүргізуші.
1. Сурет салу құралдарын дайындау.
2. Уақытқа сурет салу-10 минут.
3. Суретті аяқтау.
IV. Қорытынды бөлім.
1. Топтардың жұмыстарын бағалау.
2. Марапаттау.

Түркіменстанда өткен «Мен бейбітшілікті қолдаймын» атты балалардың халықаралық сурет конкурсына қатысқан балалар тізімі:

1. «Бейбітшілік мекені-Қазақстан»
Жолдығали Акан-12жас.
2. «Әлемде соғыс болмасын»
Қазбекқызы Қарақат-5а сынып
3. «Біз бақытты баламыз»
Сәлімжан Камила-1ә сынып
4. «Бейбіт елдің ұландары»
Сәлімжан Іңкәр-3а сынып
5. «Бейбітшілік жыршылары»
Мұратова Әсем-6сынып Тәрбие.орг сайтынан Ою-өрнек түрлері Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жумагалиева Бактыгул Зейновна

Пікірлер: 0

avatar