Олақ қыз. Ісмер қыз Б. Үсенбаев

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 604
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 24/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22886


Бекітемін:
Пәні: Әдебиеттік оқу Уақыты: 22.02.2017 Класы: 2 «А»
Сабақтың тақырыбы Олақ қыз. Ісмер қыз Б. Үсенбаев
Сабақтың жалпы мақсаты Берілген өлең мен мәтіннің мазмұнын түсініп оқуға жағдай жасау, негізгі ойды табу, адамның бойындағы қасиеттердің өмірдегі көріністерін байқату.
Күтілетін нәтиже Берілген өлең мен мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ойды табады
Әдіс-тәсілдер Сұрақ- жауап , түсіндіру .
Көрнекіліктер Оқулық, дәптер
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Жақсы бала еңбекшіл Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады. Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл, Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады. Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы: Еңбекшіл досым – ай,
Болайықшы осындай.
Үй тапсырмасын сұрау Өткен сабаққа байланысты «Қамқорлық» сөзін топтастыру.
Оқушылардың әңгімелерін тыңдау
Өлеңді мәнеріне келтіре оқып беру.
Қызығушылықты ояту Қолда мата ине жіп , Тұрмады Айжан именіп . Ісмерліктің қыр – сырын , Алыпты Айжан игеріп . Әдіптеді жағасын , «Бестік» , - деді бағасын . Озып шығып көрмеде , Қуантты ол анасын .
Жаңа материалмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс .
Ертеде бір байдың бойжеткен қызы болыпты. Біраз жасқа келсе, ол көк инені көктей шаншуды білмейді екен .
Қызының бұл ісіне намыстанған байдың бәйбішесі жұрт көзінше қызына іс тігуді үйретпекші болыпты. Ол қызына бір шөрік жіп пен ине және бір кез мата беріпті .
Қыз инеге жіпті сабақтап, матаға бір шаншып алып, тарта беріпті ... Біраз уақыт өткенде, әбден дымы құрыған қыз : «Ах , жеттім – ау!» - деп тартып қалса , жіптің екінші ұшы зып ете қалыпты . Сөйтсе, ол жіптің ұшын түюді ұмытып кеткен екен.
Міне, осыдан бастап жұрт оны «Олақ қыз» деп атапты .
- Қыздың шешесі туралы не айтар едіңдер?
- Қыздың шешесі неге намыстанды?
- Ал балалар, «Ісмер қыз» өлеңін оқып көрейік.
Ол қандай кейіпкер? Оған не айтасың?
(тілегің, сұрағың т. б)
Дәптермен жұмыс
1. Олақтықтың адамға қандай зияндары болатынын жаз.
2. Мәтіндегі оқиға мазмұның ретін көрсет.
- Олақтық
- Байдың қызы
- Ана тәрбиесі
Ісмерлікке қалай үйренуге болады? Олақтық қалай пайда болады?
Мозаика құрастыру. Әркім өз сән үлгісін құрастырады.
Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кез де келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген оқушы әр түрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді.
Жүректен – жүрекке
Кішкене жүрекшелерге жылы сөз жазып, бір – біріне тілек тілейік.
Мысалы:
- Бауыржан, еңбегің жемісті болсын!
- Мерей, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- Фарида, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- Мақсат, өмірдегі тірегің еңбек болсын,
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болмайық!
Ой толғаныс Мақал - мәтелдердің жалғасын тап.
1. Еңбек түбі........
2. Жақсы болсаң - озарсың,
Жаман болсаң........
3. Өнер алды -......
4. Еңбек етсең ерінбей
Тояды.......
5. Бірлік болмай,....
6. Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің.....
Үйге тапсырма беру. «Олақ қыз» әңгімесін мазмұндау .
Бағалау Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
Кері байланыс Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .


Бекітемін:
Пәні: Әдебиеттік оқу Уақыты:17.10.2016 Класы: 2 а Мұғалім: Калманова Ж.Е.
Сабақтың атауы Нағыз байлық С.Үсенұлы
Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мәтін,сөйлем құрауға қажетті тапсырмалар
Жалпы мақсаттар 1) Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру; 2) Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру,сөздік қорларын арттырып, дұрыс сөз қолданыстарын қолдана білуге үйрету; 3) Адам баласы үшін ең қажетті нәрсенің, нағыз байлықтың не екенін үғындыру. Сабақтың көрнекілігі: сызба, сурет, үлест материалдар, слайдтар Сабақтың технологиясы: «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, қазақ тілі.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау
Психологиялық тренинг
- Біз қандай баламыз?
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз
Біз - талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Қызығушылықты ояту 2. Үй тапсырмасын тексеру.
1-топ. Сахналау. «Қожанасыр мектепте»
2-топ. Сахналау. «Төрттен төрт алса, не қалады?»
3-топ. Қожанасырға сипаттама.
4-топ. Қожанасырға хат.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу І. Қызығушылықты ояту кезеңі. «Ой қозғау»
- Қазіргі заманда адамға жақсы өмір сүру үшін не қажет деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабынан кейін) Достық Байлық Ақша
Денсаулық Адамға қажет Мейірімділік Білім Машина Үй Сүйіспеншілік
II.Мағынаны тану
Ендеше біз бүгін жақсы өмір сүру үшін ең алдымен не қажет екенін білетін боламыз.
1. Мәтінді мәнерлеп оқу. «Нағыз байлық»
2. Жанұялық топтарға бөлінген балалар кілең 1-лер, 2,3,4 болып топтасып отырып, өзіне тиісті бөлімді оқып, талқылайды.
3. Жанұялық топтар орындарына қайтып келіп, топта түсіндіреді.
Топ атаулары:
1. «Сүйіспеншілік» тобы
2. «Табыс» тобы
3. «Байлық» тобы
4. «Бақыт» тобы
4. Топқа сұрақтар (мұғалім)
1-топқа - Сүйіспеншіліктің қандай артықшылығы бар?
2-топқа:Адамды сыйлап, жақсы көрсең, басқа да қасиеттер өзінен-өзі келетінін отбасында кім білді?
3-топқа - Баланың анасы неліктен көзіне жас алды?
4-топқа - Отбасы мүшелері бақытты ма?
Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
Отбасы бақытты болды дәлелдеу
1-топ Анасы бақытты, өйткені ... (постермен жұмыс)
2-топ Бала бақытты, өйткені ...
3-топ Әкесі де бақытты, өйткені...
4-топ Осы үш қонақтың қайсысын өз үйлеріңе шақырар едіңдер? Неге?
ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі.
1) Осы мәтіндегі негізгі ой қандай?
Сүйіспеншілік болса табыс келеді байлыққа кенеледі
2) Эссе жазу. «Нағыз байлық деген не?» (сызбаға сүйене отырып)
«Автор орындығында» әр топтан ең үздік эссені оқу.
«Сүйіспеншілік» тобы:
Менің ойымша , нағыз байлық деген - адамдардың мейірімі.Себебі адамдар бір-біріне мейіріммен қарап,көмектесіп ,дос болып жүрсе, көп нәрсеге қол жеткізуге болады.Ел тыныш, бәрі бақытты болады.Мен сыныптас достарыммен доспын,ешкімнен көмегімді аямаймын. Ал үлкенді сыйлау,көмектесу- әр адамның парызы.Мен үйде ата-анамды сыйлаймын,өте жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді,маған жағдай жасайды.Бұл- нағыз байлық деп ойлаймын. «Табыс» тобы:
Менің ойымша, нағыз байлық деген –білім. Қазіргі заманда адамдар білімсіз ештеңеге қол жеткізе алмас еді.Білімді адам көп біледі.Мен көп білім алып,бір мамандықты меңгерсем,көп жұмыс жасап,елге пайдамды тигізер едім.Жұмыс жасасам,табыс та табамын, сөйтіп өзім де , елім де бай болар еді.«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген.Егер білімсіз болсақ,техниканы меңгере алмаймыз,инженер,ғарышкер,архитектор,бизнесмен бола алмаймыз.Атақты адамдардың бәрі өте жақсы оқыған.Сондықтан білім керек.
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
Бағалау Смайликтер арқылы кері байланыс орнату


Бекітемін:
Пәннің аты: Математика Уақыты: 14.01.2017 Класы: 2 «А»
Сабақтың тақырыбы Х + 30 = 20+38 түріндегі құрылымы күрделі теңдеуді шешу
Мақсаты Теңдеу шешу тәсілін меңгерту. Теңдеу шешу - теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады.
Психологиялық ахуал Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін! Мен бәріңе Қуаныш тілеймін! Мен бәріңе Мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту «Математикалық сөзжұмбақ шешу»
72 - 12= Е
46+16 = Ш
32+18 =Ң
64 - 44=Т
98 - 23=У
27+40=Е
27+4 =Е
35 - 8 =Ш
53+20 =У
48 - 8 = Д
20 -- 60 -- 50 -- 40 --- 67 -- 73 -- 62 -- 31 --- 27 --- 75
Т ---- Е --- Ң ---- Д ---- Е ---- У --- Ш ---- Е ---- Ш ---- У Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс: 1-топ №1,2 2-топ №2,3 3-топ №4,5 Ортақ тапсырма: Шығармашылық жұмыс
Сергіту сәті Біз аяқпен топылдаймыз, Біз қолмен шапалақтаймыз. Баспен біз шайқаймыз Қолымызды көтереміз Одан кейін ақырын Орнымызда жүгіреміз. Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Сұрақтар: Теңдеу дегеніміз не?
- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.
- Белгісіз сан немен белгіленеді?
- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.
- Теңдеу шешу дегеніміз не?
- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.
- Олай болса, мына суретке назар аударайық:
- Бұл не? - Таразы.
- Ол қайда қолданылады, не үшін?
- Бұл дүкендерде заттың массасын өлшеу үшін қолданылады.
Сурет бойынша сабақ түсіндіріледі:
- Бұл таразы. Таразының сол жағында 15 кг, 9 кг, х кг қораптар бар, оң жағында 30 кг картоп бар. Таразының екі жағына қарап не айтуға болады?
- Бұлар тең. 15 - 9+х=30
- Бұл қандай теңдеу? Күрделі теңдеу.
- Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма? Жәй теңдеуге айналдыру керек.
Ол үшін не істейміз? Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін, барлық ықтимал есептеулерді орындап, алдымен оның бір жақ бөлігін жеңілдету керек. Яғни, әуелі есептеуге болатын бөлігін орындап аламыз.
15+9+х=30
24+х=30
х=30 - 24
х=6
---------------
15+9+6 =30
30=30 Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.
Үйге тапсырма №6 108-бетте Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан Олақ қыз. Ісмер қыз Б. Үсенбаев Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жадыра Калманова

Пікірлер: 0

avatar