Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ондықтармен берілген әріпті өрнектердің мәнін табу
  • 22.05.2016
  • 470 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19094

Алматы облысы, Іле ауданы,
Көкқайнар ауылы №29 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Тлеуленова Лаура Кабдильашимовна

Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Ондықтармен берілген әріпті өрнектердің мәнін
табу.
Сабақтың мақсаты:
1. Әріпті өрнектің мәнін табу туралы білімдерін жетілдіру; Әріпті өрнек пен санды өрнектің айырмашылығын білуге машықтандыру.
2. Бауырсақ ертегісі туралы әңгімелету арқылы жаңа сабақты түсіндіру;Оқушылардың ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдылыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер, кесте, слайд.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Тәулiк бойы тынбайтын,
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)
Астан-кестен жауатын
Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)
ІІ.Қызығушылықты ояту. Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабағымызды «Бауырсақ» ертегісінің желісімен өткіземіз. Бауырсақ ертегісін барлығымыз білеміз ғой.
Ата мен әженің тапсырмасы. Өткен сабақты қайталау.
Сұрақ - жауап.
- Өрнектің неше түрін білеміз?
- Санды өрнек дегеніміз не?
- Әріпті өрнек дегеніміз не?
Ойын "Қол шапалақтау". Санды өрнек болса 1рет, әріпті өрнек болса 2 рет шапалақтау.
ІІІ.Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс.
Бауырсақтың тапсырмасы
№1. Әріпті өрнектің мәнін табу.
1-қатарға 2-қатарға 3-қатарға
в=30; в=40 в=10

в+10 в+10 в+30 в-10 50 – в

Қоянның тапсырмасы
№2. Кестені толтыру.
ІҮ. Ой қозғау. "Керекті сөзді тап"
Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы деген сөздер топтастырылған. Керекті сөз "есеп"сөзі.
Қасқырдың тапсырмасы
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Аюдың тапсырмасы
Есеп шығару.
№3
а)Болат - 40
Бақытжан -? в кем.
Сан қойып есепті шығару.
ә) Кері есеп құрастыр.
Ү.Ой толғаныс
Түлкінің тапсырмасы
№5
1-қатарға 2-қатарға 3-қатарға
100-40= 100-50= 100-30=
100-10= 100-10= 100-10=
100-20= 100-30= 100-40=
ҮІ.Сабақты бекіту. Семантикалық картамен жұмыс
ҮІІ.Сабақты қорытындылау.
-Балалар, сендер тапсырмаларды орындау арқылы бауырсақты құтқарып қалдыңдар. Енді бауырсақты атасы мен әжесіне жіберейік.
ҮІІІ.Үйге тапсырма: №4,178-б Күнделіктеріне жазады
Бағалау. Мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан Ондықтармен берілген әріпті өрнектердің мәнін табу Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тлеуленова Лаура Кабдильашимовна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 470 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar