Қорқыт ата

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 718
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 20/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19358


АНА ТІЛІ (4 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата.
Сабақтың мақсаты:VIII-IX ғ. өмір сүрген қобыздың атасы, қобызшы Қорқыт ата жайлы аңыз әңгімені түсіндіру, өмірі жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөз байлықтарын , мәнерлеп оқу дағдыларын, ой өрістерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды күй өнерін түсінуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қобыз суреті,слайдтар, күй аспаптары жайлы буклет, Қорқыт атаның портреті.
Пәнаралық байланыс: Музыка.
Сабақтың әдісі: проблемалық баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Өткен сабақты пысықтау.
Үй тапсырмасын пысықтау.
1. Ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер?.
2. Аңыз дегеніміз не? Қандай аңыз әңгімелерді білесіңдер?
3. Әл - Фараби туралы кім не біледі?
3. Жаңа сабақ. (Қобызбен орындалатын күй тыңдату)
- Ненің үні?. ( Қобыздың). Қобызды көрсету.
- Қобыз тартатын адамды кім дейді?. ( Қобызшы)
Ендеше, балалар біз бүгін сендермен тағы бір ұлы атамыз, күйші, қобызшы Қорқыт ата туралы аңыз әңгімемен танысамыз.
Қорқыт ата Қарақожаұлы.
- Ерте заманда адамдардың болашағын болжап айта алатын бір данышпан өмір сүріпті. Оның аты Қорқыт екен. Балалар, Қорқыт атаның өмірге келуінің өзі бір тарих. Анасы құлан етіне жерік болып, үш жыл тоғыз күн дегенде Қорқытты дүниеге әкеліпті. Сол күні күн күркіреп, дауыл соғып, дүниенің астаң-кестеңі шығады.
Қорқыт туған кезде қара аспанды су алған,
Қара жерді құм алған, ол туарда ел қорқып,
Туылған соң қуанған! - деген ел арасында сөздер айтылған. " Бұл бала бізді қорқытып дүниеге келген бала болды. Есімі - Қорқыт болсын " - деп, азан шақырып, ат қойыпты. Қорқыт туылған соң күн де қабағын ашып, сәуле шашыпты.
Ой қозғау: - Осы сөздерден кім не ағарды?. ( Ол тегін адам емес, әулие адам)
Мұғалім: - Бойы өсіп, бұғанасы қатқан Қорқыт түс көреді. Түсінде сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие аян беріпті.
Әулие: Уа, Қорқыт сен бір аспап жаса. Аспабың алты жасар нар атаның жілігіндей, шанағы қара бақырдай, көні аруананың терісіне, тиегі ортекенің мүйізінен, ішегі бес айғырдың құйрығынан болсын, аспабыңды қобыз деп атарсың!
Қорқыт түсінен оянып, аспап жасауға кіріседі. Әулиенің барлық шарттарын орындайды. Аспапты қолына алып, құлағын бұрап, қияғын шалып көрсе қобыз сарнап қоя беріпті.
Ұшқан құс, жүрген аң, ескен самал бәрі тоқтай қалып қобыз үнін тыңдайды. Міне, Қорқыт ата тартқан күйдің бір қайырымы осылай басталған деседі.
1 абзацты мұғалім түсіндіреді. 2 - абзацтан бастап тізбектей оқыту.
Мұғалім: Әңгіме түсінікті ме?. Қорқыт атаны ойландырған сұрақтар сендерді де ойландыра ма?
- Қорқыт ата қандай адам болған? (көріпкел, болашақты болжай алатын, көп білетін адам болған)
Ой қозғау: Сендерге әсер еткен жерлері.( түс көру туралы)
- Қорқыт өліммен қалай күреседі? Ажалдан құтылудың жолын неден іздеді?
- Қорқыт атаның күйлерінің құдіреттілігін көрсететін тұсты тауып оқиық.
Дәптермен жұмыс.
Сабақты пысықтау.
1. Қорқытты қандай сауал көп ойландырады?
2. Қорқыт түсінде не көреді?
3. Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады?
4. Аңыз бойынша Қорқыт атаның өмірі қалай аяқталады?
Үйге тапсырма: Әңгімені түсініп оқып, әңгімеде кездесетін жер - су аттарын дәптерге көшіріп жазу.
Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Қорқыт ата Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймуканова Жазира Абилхановна

"Тоқанай бастауыш мектебі" КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar