Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Қош бол, сүйікті Әліппем»
  • 08.12.2016
  • 96 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20428

1 - жүргізуші.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!
Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын асып, тағы да бір жасқа есейіп отыр. Тойларыңыз тойға ұлассын!
2 - жүргізуші.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың, - дей келе, сіздерді бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамын.
1 - жүргізуші.
Ендеше, осы ертеңгіліктің иелері 1 - сынып оқушыларын ортаға шақырайық. (Әр оқушы өздерін таныстырады.)
1. Суретті шебер саламын,
Есепті тіпті шағамын.
Білімді де өнерлі,
Әділхан атты баламын.

2. Әрбір іске жауапты
Амирамын талапты.
Білім көгін шарлаған,
Қыран болам қанатты.

3. Әріптерді ерте білдім,
Ерке қызбын - Гүліммін.
Неше түрін айта аламын,
Қызық - қызық ертегінің.

4. Медина қыз мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
Еркін шарлап жүремін,
Білім, ғылым ғаламын.

5. Нұрасыл менің есімім,
Жақсылардың досымын.
Топтан озып бәйге алу,
Алға қойған шешімім.

6. Сыныбымның мақтанышы
Алуа деген мен боламын.
Оқу оқып, білім іздеп,
Ертең жайлы толғанамын.

7. Жанела деген мен болам,
Таудай менің талабым.
«Бестіктермен» басталды,
Ең алғашқы қадамым.

8. Ботагөз деген қызбын мен,
Жанарынан күн күлген.
Оқу оқып мектепте
Жайраң қағып жүрмін мен.

9. Гүлнара деген қыз едім,
Білім алып түледім.
Сабағымнан «бес» алып,
Озат болып жүремін.

2 - жүргізуші.
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді - дей келе 1 - сынып жетекшісі Сүлеймен Гүлзат Ерланқызын қошеметпен ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші.
Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы.
2 - жүргізуші.
Осы әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті танып, енді одан әрі үлкен-үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Ата-ананың мақтанышы, адал, тәрбиелі азамат болып өсіңдер.

Ән: «Әліппе»
Музыкасы: Нұрманұлы.
Сөзі: М.Мақатаев.

1 - жүргізуші.
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе.
2 - жүргізуші.
Олай болса балалар, бәрімізге ең қымбат әліппе досымызды ортаға шақырайық.

Әліппе:
Алғаш рет өзімнен,
Білім алды балалар,
Оқу сырын сөзімнен
Білім алды балалар.
Өсті білім санамыз,
Елжірейді жүрегі
Маған адам баласы
Алғыс айтып жүреді.
- Балалар, мені бірнеше ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер?
1 - оқушы:
Күмбір-күмбір қоңырау,
Соғылған ай қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма,
Жазылған ай қыркүйек.

2 - оқушы:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

3 - оқушы:
Арта берді кітапқа
Бойымдағы қуатым.
Бірге жүрген қасымда
Кітап болды сыңарым.

4 - оқушы:
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдар алтыннан,
Әліппе - білім бесігі.

5 - оқушы:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырмысып бақ намысқа.

6 - оқушы:
Үйретті бізге Әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық дәріпке.

7 - оқушы:
Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін ашып білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

8-оқушы:
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші.

9 - оқушы:
«А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол - балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.

Хормен: Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.

1 - жүргізуші.
- Балалар, «Әліппе» - оқу мен жазуға үйрететін тұңғыш оқулық. Олай болса, қазақ балалары үшін алғаш «Әліппе» жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
2 - жүргізуші.
- Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырған?
- Кел, балалар, оқылық.
1 - жүргізуші.
Шалқытып мерекеде би билейік,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз - ертегідей бірге жеткен,
Құрметпен бишілерді қарсы алайық.
2 - жүргізуші.
Қыздардың «Қамажай» биін қарсы алыңыздар.

Әліппе:
- Достар, әліппеден алған білімдеріңізді сынағым келіп тұр, сондықтан менің сіздерге дайындап әкелген сұрақтарым бар, жауап беруге дайынсыздар ма?
- Олай болса бәріміз слайдтағы тапсырмаларға қарап, ұтымды жауап берейік.
1 - жүргізуші.
Математика сабағын
Жақсылап ұғып аламын.
Сәулесі де сананың,
Мәнінен ой табатын.
2 - жүргізуші.
Олай болса, достар, математикадан алған білімдерімізді көрсетейік.
1 - жүргізуші.
Ал енді келесі тапсырмамыз дүниетану мен танымдық тапсырмалар болмақ. Бәріміз экранға қараймыз.
2 - жүргізуші.
Енді ортамызға ағылшын тілінің мұғалімі Сүлеймен Гүлзат Ерланқызын шақырамыз. Ағылшын тілінен балалардың біліктілігін көрелік.
Біздің сабақтыңсіздерге әкелген тапсырмасы 3 кезеңнен тұрады.
1- кезең. «Act our the dialogue?» кезеңінде 2 топқа бөліп, сұрақтармен диалог жасау берілген.
2- кезең. Түстерге арналған ойын 2 топқа бірдей көбелек беріледі «Colour the butterfly» деп аталады.
3- кезең. Артықты тап ойыны. Интерактивті тақтадан суреттер көріп, қайсысы артық екенін табатын ойын. 2 топ кезек кезекпен қатысады.
Соңында ағылшынша бір әнмен аяқтаймыз.
1 - жүргізуші.
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың,
Әнмен шашу шашайық.
2 - жүргізуші.
Келесі кезекті тамаша әнге береміз.

Ән: «Әліппе туралы ән»
Муз: И.Жүсіпбаев.
Сөзі: Е.Өтеуұлы.

Ән: Алло. Әліппе мен Нүрасыл

Әліппе:
Рахмет, балалар! Сендер мені оқып, тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендерге ары қарай білім беретін мына «ана тілі», «қазақ тілі» болады, таныс болыңыздар. Келешекте бұдан басқа да пәндерді оқитын боласыңдар. Қош сау болыңдар.

Балалар: Қош сау бол, сүйікті Әліппем!

Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
- Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
(Ортаға Жалқаубек кіреді.)
Жалқаубек:
- Ой мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?
Жанела:
Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.
Жалқаубек:
Әліппе деген не?
Жанела:
Іші толған әріпке,
Мынау әйбат әліппе.
Барлық ілім - білімнің,
Әжесі осы - Әліппе.
Жалқаубек:
Ал мен білмеймін!
Жанела:
Осы қыс ішінде әйбат әліппені үйреніп кел. (Әріптердің барлығын Жалқаубекке береді).
Жалқаубек:
Жарайды, уәде беремін.

1 - жүргізуші.
Мың бұралса, біз қарап тамсанайық,
Сіздерге жақсылықпен жар салайық.
2 - жүргізуші.
Шақырып бишілерді ортаға біз,
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық - дей келе жас биші ұлдарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «Бозжорға» .Әділхан мен Нұрасыл

1 - жүргізуші.
- Балалар, осы біз қандаймыз?
1. Талабы биік таудаймыз.
2. Мың бұралған бишіміз.
3. Күмбірлетер күйшіміз.
4. Біз қызықпыз, қызықпыз,
Сәл еркелеу бұзықпыз.
5. Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз.
6. Жанып тұрған шырақпыз.
7. Толқынды су бұлақпыз.
8. Елімізді өркендететін.
9. Қазақ тілін көркемдететін
Хор: Біз қазақ елінің болашағымыз.

Ойын: «Өз жұбыңды тап!» (ата-аналармен ойналатын ойын)

Би: флеш-моб.

2 - жүргізуші.
Балалар, сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі зор қане, бәріміз бірге ата-аналарымызға рахмет айтайық!
Хор: Бақытты балалық шағымыз үшін, рахмет!

1 - жүргізуші.
Ұстаздар, мерекеңіз құтты болсын!
Бастарыңызға бақ, дәулет, ырыс қонсын!
Оқытып, тәрбие берген әрбір шәкірт,
Еліне еміреніп үлес қоссын.
2 - жүргізуші.
Сөз кезегін мектеп басшысы Байшолақов Мүбәрәк Рымбекұлына береміз.
1 - жүргізуші.
Ата-ана сенімді таза бұлақ,
Перзентің бауырында сөнбес шырақ.
2 - жүргізуші.
Құттықтау сөз кезегін құрметпенен,
Берейік, ата-ана, сізге арнап.
1 - жүргізуші.
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
2 - жүргізуші.
Әрқашанда осы өнерді өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым! - деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
2 жүргізуші бірге:
Қош, сау болыңыздар!

Хор: Менің Отаным. Тәрбие.орг сайтынан «Қош бол, сүйікті Әліппем» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акнур Абзаловна Абилдаева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: «Қош, БОЛ, сүйікті, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, Әліппем»
Көрсетілім: 96 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar