Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Қош бол, құтты Әліппем!»
  • 24.03.2016
  • 446 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18104

№ 90 жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Каныбекова Айсапар Сабитхановна

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»
Ертеңгіліктің мақсаты: Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау, ата-аналарына өнерлерін көрсету, көпшілік алдында өздерін ұстай білуге үйрету.
Түрі: ертеңгілік.
Көрнекілігі: ана тілі, әліппе суреттері, қанатты сөздер, шарлар т.б.
( Сахнаға Бүлдірген мен Күлдірген айтысып шығады).
Бүлдірген: Мен білмейді ғой дейсің бе? Әдеп дегеніміз – әдеп.
Күлдірген: Бүлдірген сен әдепті білсең, әуелі мынау көрермендермен амандас білдің бе?
Бүлдірген: Күлдірген ондай болса ,сен өзің неге амандаспайсың, а?
Күлдірген: Менде жұмысың болмасын, әркім өзі үшін жауап береді, білдің бе?
Бүлдірген: Ондай болса,сен өзің мені неге«әдепсіз»деп сөгесін, а?
(Осы кезде сахнаға бастаушы кіріп келеді).
Бастаушы: Әдепті болу ата-ананың, ұстаздың тілін алу, үлкенді құрметтеу, ізетті де инабатты болу, әр бір адамға сыпайы сөйлеп, сый құрмет көрсету.
Бүлдірген: Ұстаз, «әдет» деген сөздің мәні де соны білдірмей ме?
Бастаушы: Жақсыға әдеттену – әдептілікті қалыптастырады, ал жаманға әдеттену тәртіпсіздік болады.

Бастаушы: Әдепті болу әркімнің өзіне байланысты. Қане, бізде бәріміз әдептілік деп шын мәнінде әдептілікті ұмытып барамыз. Алдымен мына көрермендермен амандасып, тәрбие сағатымызды бастайық. Ал әдеп жайында сосын айта жатармыз.
Біргелікте: Шашу, шашу, шашалық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.
Күлдірген: Ия, біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш рет хат танытып, сауатымызды ашқан, біздің жақын досымыз «әліппемен» қоштасамыз.
Бүлдірген: Іші толған әріпке,
Білімдіге жарық не?
Барлығы: (хормен). Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті әліппе!
Бастаушы : Олай болса, бәрімізге ең қымбат «әліппені» ортаға шақырайық.
Оқушы Әліппем, менің Әліппем,
Өшпейтін нұрлы әріппен.
Есігін аштым білімнің,
Өзіңнен кілт алып мен.
Қайда екен біздің Әліппе?
(Әліппе, әліппе, әліппе). Хормен шақырамыз.
Әліппе: Барлық әріп бағалы,
Айтыңдар әділ бағаны.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
Бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім, өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім.
Ана тілі: Ой, қандай кісі көп. Сәлеметсіңдерме балалар! Мен Әліппемен бірге сендердің қуанышты дауыстарыңды естіп қуанып келдім.
Ана тілі пәнімін,
Ана тілі ұраным
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Әліппе: Кел, төрлет, Ана тілі. Сен қорықпа, бұлар бәрін біледі, өздері жаза алады, оқи алады.

Ана тілі: Ендеше Әліппеден үйренгендеріңді тамашалайық.
Әліппе: Әрине, алдымен өзіміздің тәуелсіз ел екенімізді көрсетейік. (әнұран айтылады. Хор).
Оқушы: Достастырып әріптермен,
Білімге жол салып берген.
Алдымнан шам жағып берген,
Айналайын Әліппемнен.
Оқушы: Әліппені құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.

4-оқушы: Партаға тұңғыш отырдым,
Қалам алып қолыма.
Сызықтарды толтырдым,
Қалдырмай дәптер жолына.
5-оқушы: Қуыршақты тастадым,
Уақыт жоқ тіптен ойнауға.
Әріптен құрай бастадым,
Сөздерді тізіп қоюға.
6- оқушы: Келгенімде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертегі
Үйретті оны Әліппе.
7- оқушы: Мектебім мынау класың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Бүлдірген: Ендігі тыңдайтындарыңыз ән: «Оқуда озот боламын».
Орындайтын: Хамидов Ардақ .
(Қошеметпен қол соғып қарсы алайық).
Әліппе: Әріп біткен шығыңдар,
Орындарыңа тұрыңдар.
Бастайық, қане айтысты
Жібермейік намысты.
(Әр дыбыс шығып өлең шумақтарын айтады).
«А» Алма, алмұрт егеміз,
Айға сапар шегеміз.
Алақай-ау, алақай,
«А» дыбысын білеміз.

«Т» Тайға мініп шабамыз,
Тау мен тасты табамыз.
Тарақ, тауық, тайлақтан,
«Т» дыбысын табамыз.

«П» Бала отыр партада,
Оқы үйрен шаршама.
П- дыбысы дауыссыз,
Мәлім болды баршаңа.

«Л» Лағым, менің лағым,
Селтеңдейді құлағың.
Босқа жүрмей, сенімен,
Л-дан сөзді құрадым.

«Д» Добым, добым домалақ,
Домалатсам жоғалат.
Домбырамен күй тартып,
Қой қамадым қоралап.
«Қ» Қауын, қарбыз жинаймыз,
Қағазды бос қимаймыз.
«Қ» дыбысын қиып ап,
Қонақтарға сыйлаймыз.

«О» Он саусағым ойнасын,
Бояп-бояп қоймасын.
Отан, орман сөздерін,
«О» әріпімен ойлайсың.

«У» У-дауысты, дауыссыз,
Айыра білсең қауіпсіз.
Уық, уыс сөздерін,
Уақытымен тауыппыз.

«Й» Қысқа й сөз бастамайды,
Жазамыз аппақ айды.
Сөздің орта, соңында,
Әріптер оны тастамайды.

«Р» Ризамыз оқуға,
Ретімен тоқуға.
Р-ды айту қиын-ақ,
Кейбіреулер қорқуда.

«Б» Бостан-босқа ойнама,
Бидай толтыр қоймаңа.
Бақа, балық, ботақан,
Тағы сөз тап ойлана.»

«Ы» Ыдыстарды жуамыз,
Жалқауларды қуамыз.
Өте жақсы оқуға,
Білімімізді буамыз.

«ң» Балпаң-балпаң басайық,
Аңдарға жем шашайық.
Ң-дыбысын білмеген,
Балалардан қашайық.

«К» Күндей күліп, өсеміз,
Көңілді кең көшеміз.
«К» дыбысы көп екен,
Кітабымнан көрсеңіз.

«Ж» Жан-жағыма жантайдым,
Жапырақтай жайқалдым.
«Ж» дыбысын жаздым да,
Жерге қарай шалқайдым.
Ана тілі: Жарайды балалар, мен сендерге ризамын. Әріптерді жақсы біледі екенсіңдер. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды айыра білесіңдер ме?
- Қане бөлініп тұрайықшы.
( Дыбыстар екіге бөлініп тұрады).
«У» дыбысы екі жаққа жүгіріп жүреді.
Ана тілі: «У» дыбысы сізге не болды?
«У» дыбысы: Мен екі жақты да қимай жүгіріп жүрмін.
Ана тілі: Жарайды, жарайды түсіндім.
Әліппе: ана тілі, мен енді қайтуым керек. «Білім елінің» кілітін өзіңе табыс етемін. Қабыл ал.
Ана тілі: Мектеп – кеме, білім- теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Білім кілті біздің қолда.
Рахмет,Әліппе! Сеніміңізді ақтаймыз.
( хормен Қош сау болыңыз құтты әліппе!)
Бастаушы: Ал енді балалар ...............
Бүлдірген: Жоқ - жоқ ұстаз, Әрі қарай сіздің балаларыңыздың әдептілігін байқайық.
Күлдірген: Қойшы –ей, сен осы! Әдеп, әдеп дейсің, Өзің әдептілікті білмейсің.
Бастаушы: Түу Бүлдірген, Күлдірген екеуіңнің тартыстарың ешқашан бітпес.. Дау – дамайды бұлай шешуге бола ма екен? Күлдірген: Ұстаз, біздің балалар «жақсы» мен «жаман» туралы не айтады екен тыңдайықшы.
Бүлдірген: Жарайды олай болса бірінші жаманнан бастайық.
Не жаман?
1. Біріншіден не жаман?
Беті, қолың кір-кір боп,
Берекесіз ыржақтап
Бейбастан өссең сол жаман!
2. Екіншіден не жаман?
Екіленіп ерігіп,
Ессізденіп желігіп,
Ерке боп өссең сол жаман!
3. Үшіншіден не жаман?
Ұшып-қонып жүретін,
Шегірткедей жеңілтек
Ұшқалақ болсаң сол жаман!
4. Төртіншіден не жаман?
Төменде тұрып өздерің,
Төбеде тұрған алмаға
Талассаңдар сол жаман!
5. Бесіншіден не жаман?
Бар кітабың шашылып,
Берілген сабақ оқылмай,
«1», «2» алсаң, сол жаман!
Күлдірген: Жарайды, енді жақсыны да тыңдап көрелік.
Не жақсы.
6. Алтыншыдан не жақсы?
Ашу деген бәледен,
Алшақ жүріп, жанаспай,
Ақылды болсаң, сол жақсы!

7. Жетіншіден не жақсы?
Жауқазындай жайраңдап,
Жұрт ісіне қайран қап
Жатса шіркін, сол жақсы!

8. Сегізіншіден не жақсы?
Саспай жастай өнердің,
Сүйсең бірін беріліп,
Сан істерден сол жақсы!

9. Тоғызыншыдан не жақсы?
Тәтті досқа сөз беріп,
Танып жүрмей артынан,
Табанды болсаң сол жақсы!

10. Оныншыдан не жақсы?
Ойлап істеп ісіңді,
Озып шықсаң ортадан,
Бәрінен де сол жақсы!

Бүлдірген: Ой керемет, міне, мынаны есте сақтайтындай-ақ екен.
Күлдірген: Ия, өте тамаша, бізде құр бекерге айтыса бермей балаларға үлгі бола білейік. Ендеше оқушылардың көрнісін тамашалайық.
Көрніс: «Керемет баға» Орындайтындар: Түзелбаев Амалбек, Тулбаси Аяулым.
Бүлдірген: Әй, осы біз әдеп , әдет деп бүгін қоймай қойдық қой осының бәрін бізге үйреткен кім өзі?
Күлдірген: Онда оны да білгің келсе, қазіргі балалардың әзіл-ысқақ көрнісін тамашалайық. «Әже мен немере».
Орындайтындар: Жиынбай Нұрмұхамед, Орынбасар Нұрсұлтан.
Бүлдірген: Құрбыласпыз, достармыз
Барлығымыз бір сыныптаспыз
Таланттымыз, талаптымыз
Ажырамас достармыз біз – демекші «Достарым» әнімен Диана, Самал, Аяулым.
Күлдірген: Абай, Жамбыл, Біржансал,
Таң қалдырып ән салған.
Жүрегіңді жандырған,
Естіген жан тамсанған – демекші «Первоклашка» әнімен Халмухамбет Фирдауси.
(Қошеметпен қол соғып қарсы алайық).
Күлдірген: Ұстаз асыл әніміз
Жадырасын жаныңыз.
Ұстаздардың алдында,
Бас иеміз бәріміз! (хор).
(Ұстаздарға сөз берілед)і.
Күлдірген: Бала үшін күйінетін ана жүрек,
Бала үшін қуанар ата тілек.
Қуанышпен, ақ жүрекпен,
Ата-аналар арнайды ізгі тілек.
Құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.
Қош сау, болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Қош бол, құтты Әліппем!» Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каныбекова Айсапар Сабитхановна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 446 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar