Қосу мен азайту. 736 + 264, 1000 – 264

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 864
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 16/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19690


Сабақтың тақырыбы: «Қосу мен азайту. 736 + 264, 1000 – 264»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға 1000 көлеміндегі сандарды қосу және азайту туралы білімдерін нығайту, 736 + 234, 1000 – 264 өрнектерін, теңдеулерін, сөз есептер мен өлшем бірліктері арқылы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: математика тілдерін, логикалық ойлау мен іскерлікті, дағдыны тереңдетіп, әр түрлі дидактикалық материалдар және көрнекі құралдар пайдалану.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ (дәстүрлі)
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.
Сәлеметсіңдерме, балалар!
Бізде қазір қандай сабақ?
Математикада біз не істейміз?
Психологиялық дайындық.
Ойға толып санамыз
«5»-ке толсын
Алар бағамыз
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушының аты-жөні:____________________

Карточкамен жұмыс
Теңдеуді шеш.
456 + х = 932 x – 476 = 456

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ребусты шеш.

Жаңа сабақты түсіндіру.
Балалар, ребус жауабы: «қосу мен азайту». Тақтаға назар аударамыз.

500 + 500  
700 + 300  
400 + 600  
200 + 800  
900 + 100  
0 +   

Балалар, қандай сан қайталанады?
1000 саны.
Бүгін біз 1000 санын шығаруды үйренеміз.
Кітаппен жұмыс.
№ 1. Қосындының және айырманың мәндерін тап.

736+264
1000-264
Баған түрінде жаз, алгоритм бойынша орында.
Жазамын.

7 3 6
2 6 4

1 0 0 0
2 6 4

... +,-
... +,-
... +,-

7 3 6
2 6 4
1 0 0 0
1 0 0 0
2 6 4
7 3 6
Жауапты оқимын.

№ 2. (алгоритм бойынша орындау).
Тақтада № 2 есептің а)-сын орындау.

а)
736 см + 264 см = 1000 см
7 м 3 дм 6см + 2 м 6 дм 4 см = 10 м 0 дм 0 см
Дәптермен жұмыс.

1000 см – 264 см = 736 см
10 м 0 дм 0 см – 2 м 6 дм 4 см =7 м 3 дм 6см

ә)

625+175=800
447+253=700
1000-333=667
312+588=900
1000-262=738
729+171=900
1000-851=149
1000-824=176

№ 3. Өрнек құр және оның мәнін тап.
а) 910 мен 674 сандарының айырмасынан 236 санын азайту. (236,0).
ә) а және 652 сандарының айырмасына 525 санын қосу, мұндағы а = 810, 652. (810 = 158, 683; 652 = 0, 525).
№ 4. Теңдеуді шеш.

x + 264 = 710 (436)
600 : x = 2 (300)
710 – x = 264 (446)
x  4 = 800 (200)
x – 436 = 264 (700)
120 : x = 3 (40)

№ 5. Есепті шығар.
а) Электр желісін жүргізушілерде 1000 метр сым болды. Оның 372 метр бірінші үйге және 299 метр екінші үйге, ал қалғаны үшінші үйге жұмсалды. Үшінші үйге неше метр сым жұмсалды? (372+299=671, 1000-671=329).
ә) Теңіз тасбақасының массасы 540 кг, ал құрлық тасбақасының 1/90 бөлігіндей. Теңіз тасбақасының массасы құрлық тасбақаның массасынан қанша артық? ( 540 : 90 = 6, 540 – 6 = 534)
б) Нұрбол балалар энциклопедиясының 40-бетін оқыды. Бұл бүкіл кітаптың ширегін құрайды. Нұрбол кітаптың әлі неше бетін оқуы керек?
Тақтамен жұмыс.
№ 6.

3 м = 300 см
4 м 9 дм = 490 см
44 см = 4 дм 4 см
5 дм 7 см = 57 см
38 дм = 3 м 80 см
60 дм = 6 м

№ 7. Ұзындығы 6 см, ені одан 4 см қысқа тіктөртбұрыш сыз. Оның периметрін және ауданын тап. ( P = 16 cм, S = 12 см2).
ІV. Жаңа сабақ ты бекіту.
Балалар шаршаған шығарсыңдар?! Енді ауызша есептерді шығарайық.
«Бір бөлмеде 10 шыбын мен 2 өрмекші жүреді. Біраздан соң әр өрмекші 3 шыбыннан жеп қойды. Бөлмеде неше шыбын қалды? ( 2  3  6, 10 – 6  4 ).
Жақсы, интербелсенді тақтаға қарайық!
«Кел, ойнайық!»
«Гүлдер алаңы»

V. Сабақты қорытындылау.
Балалар, сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сендерге түсініксіз есептер болды ма?
Сабақ ұнады ма?
VI. Үй тапсырмасын беру.
Карточкамен жұмыс

Есепте.
Өрнек Жауап
1000 – 846 =
377 + 123 =
45 + 655 =
273 + 627 =
1000 – 264 =
736 -164 =
164 +536 =
548 – 452 =
VII. Бағалау.
Балалар бүгін бізде кім жақсы баға алуға лайық ?
Олар не үшін осы бағаны алады ?
Жақсы , балалар, сау болыңдар ! Тәрбие.орг сайтынан Қосу мен азайту. 736 + 264, 1000 – 264 Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тукенова Арайлым Амангельдиновна

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Нығманов атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar