Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қосу мен азайтудың байланысы
  • 22.12.2016
  • 167 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20652

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Қосу мен азайтудың байланысы Мектеп:
Күні : Мұғалімнің есімі: Байбосынова Роза Бековна
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: қосудың ауыстырымдылық қасиетін біледі; 0 және 1-дің қасиетін қолданады;
бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін біледі, құрады және қолданады;
“+”, “–”, “=” таңбасын қолданады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар: “Сиқырлы” дорба;
4 адамнан тұратын оқушылар тобы үшін: мы-салдар құрастыру үшін өзара байланысқан үш сан жазылған А4 форматты көлемі 1/4 тең па-рақшалар;
мысалдар жазуға арналған парақша;
оқушылардың әрқайсысына нүктелер қойылған қатты қағаздан жасалған доминоның парақ-шалары.
Тірек сөздер амалдардың компоненттері.
Сабақтың мақсаты: Компоненттердің өзара тәуелділігі негізінде қосу және азайту амалдарының арасындағы байла-нысты орнату.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер

Сабақ компоненттердің өзара тәуелділігі не-гізінде қосу және азайту амалдарының арасындағы байланысын анықтау мақсатына жету үшін қоры-тындылау сабағы болып табылады. Сонымен қатар бұл сабақ “қосудың ауыстырымдылық заңы” түсіні-гін енгізу үшін дайындық кезеңі болып табылады. Сабақ барысында оқушылар ойын формасында қосу және азайтуға өзара кері мысалдардың төрттігін құрастырып үйренеді, қосу және азайту амалдары өзара байланысты екенін және олардың нәтижесінің пайдаланылған компоненттеріне байланысты екенін анықтайды. Мысалы, 8 + 2 =10 өрнегіне кері мысал құрастыруға болады. 10 – 2 = 8.
10 – 8 = 2.
Кіріспе тапсырма. Оқушыларды сабаққа ын-таландыру мақсатында ойын әдісін пайдаланыңыз. Сыныпты төрт адамнан тұратын топтарға бөліңіз. Үстел үстінде ойналатын ойын ойнауды ұсыныңыз.
Сабақтың басында сандар салынған “Сиқырлы дорбаны” алыңыз. Әрбір топ дорбаның ішінен мысалдар құрастыруға болатын бір таңбалы сандар жазылған үш парақшаны алуы керектігін айтыңыз. Қандай амалдарға мысал құрастыруға болатынын сұраңыз: қосуға немесе азайтуға ма? “Қосу және азайту өзара қалай байланысқан?” деген мәселелік сұрақ қойыңыз. Оқушылардың жорамалын тыңдаңыз. Сабақтың мақсаты осы сұраққа жауап іздеу екенін айтыңыз.

Ойын барысы: мұғалімнің белгісі бойынша топ-тағы әрбір оқушы бір мысалды жазып, оны келесі ойын-шыға береді. Оқушылардың жорамалын тыңдаңыз. Сабақтың мақсаты “Қосу мен азайту амалдары өзара қандай байланысқа ие?” деген сұраққа жауап іздеу екенін айтыңыз. Егер парақшада төрт мысал жазылған болса, ойын аяқталған болып есептеледі. Ойынды аяқтаған топ бір-бірінің қолдарынан ұстап, жоғары көтеріп, мұғалімге хабарлайды. Құрастырылған мысалдар сыныппен талқылау үшін тақтаға ілінеді.

Мысалы, егер оқушы: 7, 2, 9 сандарын алса, ол мынадай мысалдар құрастырады:
7 + 2 = 9;
2 + 7 = 9;
9 – 7 = 2;
9 – 2 = 7.

Тапсырманы тез және дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.
Топта оқушылардың назарын диалог жүргізуге аудару маңызды:
— топтағы әрбір оқушының дауыс құқығы болуы;
— әрқайсысының пікірі маңызды;
— талқылау барысында дауыс көтеруге және қатты сөйлеуге болмайды;
— тіл табыса, келісе білу дағдысы қажет.
Диалог жүргізе отырып, оқушыларды орындаған тапсырмаға байланысты мынадай қорытынды жа-сауға жетелеңіз: қосу және азайту амалдары өзара байланысты. Қосудың әрбір мысалына қосумен орындалатын кері бір мысал және азайтуға екі мысал құрастыруға болады.
Қосу (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні) және азайту (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні) компоненттерінің атауын қайталаңдар. Қосу кестесі бойынша құрастырылған мысал-дарды қарап шық. Бұл тапсырманы орындау үшін

жалпы сыныппен жұмыс жүргізіңіз. Тапсырма алын-ған қорытындыны бекітуге бағытталғанын ескеріңіз. Оқушыларға тағы бір рет қосу кестесін талдаты-ңыз. Қосуға және азайтуға кері мысалдарды кесте бойынша қалай құрастыруды анықтауға жетелеңіз. Бұл тапсырмада модельдеу әрекетін дамытуға ерекше назар аудару қажет. Амал компоненттерінің сызба-лық бейнесі және оларды бөліктер мен бүтін арқы-лы белгілеу мен азайту амалдарының өзара қалай тәуелді екенін көрнекті түрде көрсетуге бағытталған. Бұл білімнің алдағы уақытта теңдеулер мен есептерді шешуге негіз болатынын ескертіңіз.
Мысалды шығар: 4 + 3 = ? Тапсырма қосуға берілген бір мысалға тағы үш мысал: бір мысал қосу амалына, екі мысал азайту амалына құрастыруға болатынын бекітуге бағытталған. Оқушыларға оқулықта берілген үлгінің негізінде жұппен жұмыс жасау арқылы мысалдар құрастыртыңыз. 8 + 2 = 10 мысалына мынадай екі мысал құрастырады:

10 – 2 = 8.
10 – 8 = 2.

Қырықбуындар. Тапсырма қосу амалына беріл-ген мысалға кері азайту амалымен мысал құрастыра білу дағдысын бекітуге бағытталған. Оқушылар тап-сырманы орындау үшін, қосу кестесіне және қосу мен азайту амалдары арасындағы тәуелділікке сүйену керек.

Жауабы:

4, 4;

2, 7;
10, 6, 4.

Шығарып көр. Тапсырмада бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай орындайтын қосу мен азайтуға мысалдар келтірілген.

Берілген мысалдарды қосу және азайту амалдары арасындағы тәуелділікке байланысты білімдерін қолданып шығаруы тиіс.
Жауабы:
11 – 2 = 9;
11 – 9 = 2.
Орындап көр. Өзара кері төрт мысал құрасты-руға және оқушының байқампаздық қабілетін да-мытуға бағытталған тапсырма.
Жауабы:
бір мысал ғана келтіруге болады, себебі бірдей сандарды қостық.
Мысалы: 5 + 5 = 10; 10 – 5 = 5.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар

Сабақ барысында тірек сөздерді есте сақтау үшін жұмыс жүргізіңіз. Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). Пазлды құрастыр. “Пазлдар” — үстелде ойна-латын ойын. Осы ойынның негізіндегі тапсырма өзара байланысты төрттік мысалдарды құрастыруға арналған. Оқушыларға ұсынылған бөліктерден пазлдарды үлгіде көрсетілгендей етіп, бағдарлы сызықпен біріктіре отырып жинау керек.Әрі қарай пазлдың жанына олардағы суреттерге сәйкес келетін төрт өзара байланысты мысалды жазу ұсынылады.

Домино тастарындағы бос орындарды тол-тыр. Тапсырма лото ойыны негізінде құрастырылған. Ол өзара байланысты төрттік мысалдарды құрас-тыру дағдысын жаттықтыруға арналған. Тапсырманы орындау барысында оқушы парақшада жазылған өрнектер арасындағы өзара тәуелділікті анықтауы және жетіспей тұрған өрнектерді аяқтауы керек. Нәтижесінде әрбір “Лотоның парақшасында” төрт мысалдан: екеуі қосуға және кері екі есеп — азайтуға жазылуы тиіс.
Бағалау Оқушы сабақ соңында:
қосу мен азайту амалдарының арасындағы өзара байланысты орната алуды;
берілген мысалға байланысты төрт мысал құ-растыруды меңгереді.
Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақса-
тында мына сұрақтарды қойыңыз:
— 3 + 2 = 5 мысалына кері мысалдар құрастыр.
— 9 – 6 = 3 мысалына кері мысалдар құрастыр.
— Қосу мен азайту амалдары қалай байланысқан? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік
баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. Тәрбие.орг сайтынан Қосу мен азайтудың байланысы Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байбосынова Роза Бековна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: байланысы, мен, Бастауыш сыныпқа арналған ашық саба, азайтудың, қосу
Көрсетілім: 167 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar