ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ. 23+2,25-2

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 344
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 28/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20258


Пәннің аты:
математика Сыныбы: 2 Кабинет:6 Мұғалім: Бейсембиева Бибигуль Койшиевна
Сабақтың атауы Қосу және азайту. 23+2, 25-2
Мақсаты Бірліктерге бірліктерді қосуға және бірліктерден бірліктерді азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізуі амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сан қатары.
Цифрлы кеспелермен жұмыс ұйымдастырылады.
-Келесі санды атаңдар: 23 25 35 57 69 72 84 99
-Алдыңғы санды атаңдар: 20 30 40 60 80 90 100
-Көршілерін атаңдар: 65 69 89 73 82 91
Берілген сандардың барлығын кему ретімен орналыстырып,одан 5 бірлігі бар екі таңбалы сандардытеріп жазады және оны қосынды түрінде жазады. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану №1 Оқулықтың түсіндірме мәтінімен жұмыс жүргізіп, сурет бойынша қосу мен азайту әдістерін түсіндіреді, қорытынды жасайды.
Бірліктерге бірліктерді қосады.
Бірліктерді бірліктерден азайтады
№2. Мұғалімнің басшылығымен тақтада әр амалды түсіндіріп,шығарылуын қадамдап орындайды.
№3. Бірінші бөлігі математикалық диктант түрінде жүргізіп, жұппен өзара тексеріп, қателерге талдау жасалынады. Екінші бөлігін тақтада талдап, негіздеп шығарады.
№4. Мәтінді нұсқа бойынша есепке айналдырып, алдыңғы сабақтардағыдай граф құрып, талдап, орындайды. Есепке кері есептер құрып, өз беттерімен орындайды.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:

Үйге тапсырма Есеп шығару Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ. 23+2,25-2 Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бейсембиева Бибигуль Койшиевна

Алматы қаласы Жетісу ауданы №193 жалпы білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar