Қосу және азайту 23+7, 30-7

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 592
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 03/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18914


Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту 23+7, 30-7
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Бірліктерді қосу және азайтуға келтіру арқылы орындалатын есептеу тәсілдерін енгізу, сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсетіп, екі амалмен шығарылатын есепті шығаруды пысықтау.
ә) дамытушылығы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы ойды дұрыс жеткізе білу дағдыларын ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, дамыту есептеу машықтарын жетілдіру, өздігімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
б) тәрбиелігі: Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға, өзгенің пікірін тыңдауға баулу, адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер
Типі: жаңа білім беру
Түрі: ойын сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану, өзін-өзі тану
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Армысың табиғат-анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
- Балалар бүгінгі сабағымызда мен сендерді екі топқа бөлемін. Әр кезеңде әр түрлі тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды дұрыс орындаған топқа ұпай саны ретінде фишкалар беріп отырамын. Сабақ соңында жинаған фишкалар саналады, көп фишка жинаған топ жеңіске жетеді.
- Балалар, осы « Табиғат деген не?» сұраққа жан-жануарлар да жауап берген екен.(бақаның суреті)


Сонда « Табиғат деген не?» деген сұраққа бақа не деп жауап берді екен, оны білу үшін біз үй тапсырмасын еске түсірейік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал.»
- 1 дециметрде неше сантиметр бар?
- 1 сағатта неше минут бар?
- 1 тәулікте неше сағат бар?
- Қосудың компоненттерін ата.
- Азайтудың компоненттерін ата.

Бақаның жауабы:
- Табиғат дегеніміз – телегей-теңіз су, депті

-
- Балалар, бақа неге су деп жауап берді? Себебі бақа суды жақсы көреді, суда тіршілік етеді.
(аюдың суреті)
- Келесі, қонжық аюдан « Табиғат деген не?» деп сұрады.
- Оның жауабын білу үшін келесі тапсырманы орындайық.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қосу және азайту 23+7, 30-7
23+7 20+(3+7)=30 30-7 20+(10-7)=23

20 3 20 10

Бұл жерде балалар бірліктерді қосқанда шыққан ондықты ондықтарға қосамыз және бірліктерді ондықтардың 1 ондығынан азайтамыз. Енді тақтаға бүгінгі күннің жадын жазамыз. Оқушылар бүгін желтоқсанның нешесі?

Желтоқсанның 11-і
№1 Әр топтан 2 бала шығып тақтада орындайды

42+8 40+(2+8)=50

40 2

50-8 40+(10-8)=42

40 10
64+6 60+(4+6)=70

60 4

70-6 60+(10-6)=64

60 10
Ал енді, аюдың жауабын тыңдайық.
Аю: «Мен талай жерде болғанмын, мен де білемін, ол орман» депті
- Балалар аю не себепті табиғат – бұл орман деді, өйткені аю орманда тіршілік етеді.
- Келесі «Табиғат деген не?» деп сұрады ботақан енесінен. Оның енесінің қалай жауап бергенін білу үшін, балалар біз келесі тапсырманы орындайық. «Ойлан тап» ойыны. Бос торкөздерге тиісті санды қоямыз. (ауызша)
№2
I топ ІІ топ
+ = 10 + = 100
10 - = 100 - =
№3 Әр топтан бір оқушы шығып орындайды.
І топ ІІ топ
30-7=23 45+5=50
23+7=30 39+1=40
50+5=55 76+4=80
- Ал енді балалар түйенің жауабын тыңдайық:
- Табиғат деген ботам-ау ол құм, тікенек шөп. Талай жерде болғанмын, мен де білемін ол тікенек шөп.
- Балалар түйе неге құм, тікенек шөп деді? Себебі түйе далада тікенек шөп жегенді жақсы көреді.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Балалар қалай біраз сергіп алдық па? Олай болса сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.
Тақтамен жұмыс:
№4
50+(2+8)=60
50+(10-8)=52
40+(10+3)=53
30+(29+1)=60
56-(2+4)=50
- Қане, балалар бір ойын ойнап жіберейік. Логикалық жұмбақ шешейік.
Көлден ұшты 40 қаз
Қайтып қонды 15 қаз
Қонбады оның нешеуі?
Қане кім тез шешеді. (25 қаз)
- Келесі, тоқылдақ қарлығаштан «Табиғат деген не?» деп сұрады. Қарлығаштың жауабын білу үшін келесі тапсырманы орындайық балалар.
№5 Есептерді шығар:
І топ
Ұлдар – 36
Қыздар - ? 4-уі артық
Барлығы - ? бала сырғанап жүр?
Шешуі: 36+(36+4)=76
Жауабы: барлығы 76 бала сырғанап жүр.

ІІ топ
Қыздар – 30
Ұлдар - ? 3-уі кем
Барлығы - ? қанша кітап алып оқыды?
Шешуі: 30+(30-3)=57
Жауабы: барлығы 57 кітап алып оқыды. Ал енді қарлығаштың жауабын тыңдайық: Қарлығаш: - Әрине таза ауа, ашық аспан, дәнді дақылдар – деді. Ұсақ жәндіктер де:
- «Табиғат деген не?» - деп бөкеннен сұрады. Бөкеннің жауабын білу үшін мына шығармашылық жұмысты бірге орындайық балалар.
Шығармашылық жұмыс:

(8 4) =2
-Өте жақсы балалар. Енді бөкеннің не жауап бергенін тыңдайық:


- «Жер-Жер!» -деп жар салды бөкен.
-«Әрине бәріміздің асыраушымыз анамыз – Жер-Ана, табиғат – Ана» -деді
Сабақты қорытындылау:
-Біз бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-Қандай тапсырмаларды орындадық?
Бағалау:
Әр топтың жинаған фишкалары арқылы бағалаймын және сабаққа ерекше қатысып отырған оқушыларды атап өтемін.
Үйге тапсырма беру:
Үйге 111 беттегі №6 есеп беріледі. Тәрбие.орг сайтынан Қосу және азайту 23+7, 30-7 Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Таджимова Гүлімхан

Пікірлер: 0

avatar