Қосудың қасиеттері

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 798
  • Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
  • 14/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19216


Математика 2016 жыл
Махмутова Жанат Қуанышбекқызы
Б.Алманов атындағы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы Қосудың қасиеттері
Сабақтың мақсаты Өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру барысында қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы қорытынды жасайды; Топта ондықтан аттап кестелік қосу және азайтуға қатысты білімін бекітеді.
Күтілетін нәтижелер Өздігінен тапсырмаларды орындайды алады. Бірлесе ой тұжырымдайды, бір-бірінің пікірін тыңдап, өз ойларын өзгелермен бөлісе алады.
Сабақ түрі

Көрнекілігі

Оқыту әдістері Жеке, жұптық, топтық жұмыс.

Қима қағаздар (тапсырмаларымен), ватман, түрлі-түсті маркер, палкаттар, оқулық, дәптер.

Жұппен, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойындар,
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма беру 1.Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
Оқушыларға (алғырлар, білгірлер, тапқыштар, жеңімпаздар) сөздері жазылған стикерлер таратылады, сол сөздер бойынша оқушылар топтарға бөлініп отырады. Әр топ жетекші тағайындайды.

Сабақтың тақырыбын білу үшін мына слайдтағы тапсырмаларды орындау керек.

«Кел, ойнайық!» ойыны
Әріптерді сызбадағы мәнге сәйкес тұсқа жаз. Сөздерді оқы.

30+10 О 45-20У 15-7 Д 17-10 Қ
5+6 С 26-6 Ң 12-8Ы


17-9 А 30+40Қ 9+9 Е 36-30 Р
50-40И 14-2 Е 80-60 І 6+7 Т
18-9 С 56-6 Т



-Жарайсыңдар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қосудың қасиеттері» деп аталады.
Азамат 5 жасыл жалауша, ал Болат 3 қызыл және 2 көк жалауша жасады. Азамат пен Болат барлығы неше жалауша жасады?
Суретті пайдаланып, есепті шығарудың әр түрлі тәсілін түсіндіру:





18 8 10
14 1

5+(3+2) =10 (ж)
(5+3)+2=10 (ж)
(5+2)+3=10 (ж)
Жауабы: 10 жалауша

№2 тапсырма 6+4 және 4+6
70+30 және 30+70
Қосындыларды бір-бірімен салыстыр. Не байқадың?

Б) 6+(1+3) (6+3)+1 (6+1)+3 1+(6+3)
Қосындыларды салыстыр. Не байқадың?
Бөлікте әр бағанның қосылғыштары салыстырылады, ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.

№3 тапсырма ауызша талданады.

№4 тапсырма. Қосудың әр түрлі қасиеттерін тиянақтай түсу үшін:

-6
?
- 4

1-тәсіл (6+4)-3=7
2-тәсіл (6-3)+4=7
3-тәсіл 6+(4-3) =7

Ойлан, тап?

11 2 4
8 6

14 4 10
12 8

16 13 15
6 10

Оқушыларға өздерін өздері бағалау ұсынылды. Қаншалықты шынайы бағалайтындарын сырттай бақылаймын.

Үйге тапсырма. №6-тапсырма
Психологиялық дайындық:
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Білімді ұрпақ боламыз.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топ ережесін сақтайды.

Оқушылар ойланып, шешуін табады.

Оқушылар өздігінен амалдар ретін анықтайды, қорытынды жасайды.

Мұнда қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

Оқушылар көрші қосылғыштарды олардың қосындысымен алмастыру, яғни екі қосылғышты топтастыру қосындының мәнін өзгертпейтінін байқайды.

.

Күнделігіне жазып алады. Тәрбие.орг сайтынан Қосудың қасиеттері Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Махмутова Жанат Қуанышбекқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құрлыс ауылы, Б.Алманов атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar